21.05.2008, 20:00 2845

Сауд Арабиясы Қазақстан Республикасымен есіркі тасымалы мен лаңкестікке қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Сауд Арабиясы Қазақстан Республикасымен есіркі тасымалы мен лаңкестікке қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сауд Арабиясы Қазақстан Республикасымен есірткі тасымалы мен лаңкестікке қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмимен кездескен Сауд Арабиясы Королдігінің әділет министрі Абдолла бин Мұхаммед бин Ыбрайым әль Аш-Шейх мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу кезінде Қазақстанда өлім жазасын қолдану мәселесі талқыланып, есірткі тасымалы мен лаңкестікке қарсы күресте бірлесе отырып күш жұмылдырылуға байланысты мүдделілік танытылды.

"Жоғары мәртебелі қонақ Қазақстан әріптесін жылы шыраймен қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, орнатылған қарым қатынастардың қарқынымен сипатына көңілі толғанын білдірді ", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Кездесудің соңында Қайрат Мәми мәртебелі қонақты әділеттілік орнату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамуға үлес қосқаны үшін "Қарым-қатынасты дамытқаны үшін"- "For developing of relationship" төс белгісімен марапаттады", - деп айтылған хабарламада.

Жоғарғы сотта түсіндіргеніндей, Сауд Арабиясы Королдігінің әділет министрі республиканың жоғарғы сот органының шақыруымен келіп 22 мамырда Алматыда ертең өтетін "Қазақ билер соты- бірегей сот жүйесі" атты Халықаралық ғылыми конференциясы жұмысына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны