14.11.2006, 18:18 2581

Швейцария Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы болу туралы бастамасын қолдайтынын тағы бір мәрте растады

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Швейцария Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы болу туралы бастамасын қолдайтынын тағы бір мәрте растады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болу мәселесіне Швейцария мен Қазақстан сыртқы істер министрліктерінің кеше Бернде өткен консультацияларында баса назар аударылды. Оған қатысқан еліміздің өкілдерін ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Рахат Илиев басқарды.

Швейцария жағы Қазақстанның кандидатурасын қолдау тұрғысында ұйымға мүше елдердің бір пікірге келуіне қол жеткізу қажет деп пайымдайды.

Келіссөздер барысында атап көрсетілгеніндей, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың оң нәтижелері, демократиялық институттардың құрылуы, ұлтаралық келісім мен діни төзімділікке қол жеткізілуі баса көңіл бөлуге тұрарлық жетістіктер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны