22.08.2007, 14:50 3150

Тәжікстанның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Бахром Холназаров Тәжікстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қаулыға Тәжікстанның елбасы Эмомали Рахмон қол қойды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. ДУШАНБЕ. Бахром Холназаров Тәжікстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қаулыға Тәжікстанның елбасы Эмомали Рахмон қол қойды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Тәжікстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Тәжікстан президентінің өкімімен 5 жыл бойы Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілеттілігінің басшысы болған Акбаршо Искандаров лауазымынан босатылған болатын.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. Холназаров Қазақстандағы елші лауазымына тағайындалғанға дейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасын басқарған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны