08.06.2006, 10:22 3105

ТМД парламентаралық ассамблеясы сарапшыларының отырысында “Электрондық сауда-саттық туралы” модельдік заңның жобасы қаралды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 8-маусым. Kazakhstan Today. 6-маусымда Мәскеуде ТМД парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротовтың төрағалық етуімен ТМД парламентаралық ассамблеясы – Байланыс саласындағы аймақтық достастық сарапшылары кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне парламентаралық ассамблеяның баспасөз қызметінен хабарлады.

ТМД парламентаралық ассамблеясы – Байланыс саласындағы аймақтық достастық сарапшылары кеңесінің мүшелері ТМД-ға қатысушы елдердің модельдік Ақпараттық кодексінің жобасын, “Инновациялық қызмет туралы” және “Электрондық сауда-саттық туралы” модельдік заңдардың жобасын қарады. М.Кротов соңғы заңның ТМД елдері арасындағы сауда-саттықты дамытудағы айрықша маңызын атап өтті. Оның айтуынша, “бұл заңды қабылдау электронды сауда алаңдарының көмегімен ең таңдаулы сатушыларды таңдауға септігін тигізбек. Қоймаларда қор сақтау, тауарларды алдын-ала сатып алу мен сансыз делдалдар қажет болмай қалады. Ал бұл өз кезегінде экономикалық процестің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,

ТМД елдерінің экономикасының құрылымын өзгертеуге мүмкіндік береді”.
Отырысқа қатысушылар сонымен бірге ТМД-ға қатысушы елдердің парламенттерінің “Электронды қол қою туралы” модельдік заңын пайдалану туралы мәселені талқылады. Оның негізінде Достастықтың жеті елі өз ұлттық заңдарының жобасын жасады. Бас хатшының айтуынша, “бұл өз кезегінде біртұтас интерактивті маркетингтік, сатып алу, өндірісті ұйымдастыру, өнімді сату және сауда-саттықтан кейін қызмет көрсету жүйелері бар, ұзақ мерзімді келісім-шарттарға негізделген бірлестіктерді құруға құқықтық негіз қалайды”.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны