10.12.2007, 18:39 3351

Владимир Путин РФ президенттігіне үміткер ретінде ұсынған Дмитрий Медведевтің кандидатурасын қолдады

Владимир Путин РФ президенті постына үміткер ретінде ұсынған Дмитрий Медведевтің кандидатурасын қолдады

Мәскеу. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бірінші вице-премьер Дмитрий Медведевтің РФ президенті постына үміткер ретінде ұсынған кандидатурасын қолдады. Бұл туралы бүгін Ресей Федерациясы президентінің төрт партия жетекшілерімен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

«Біртұтас Ресей», «Иділетті Ресей», «Аграрлық партия» және «Азаматтық күш» партиялары кездесу барысында Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат ретінде бірінші вице-премьер Дмитрий Медведевті ұсынды және де бұл ұсынысты президент Владимир Путин қолдады.

«Біз Сізге өзіміз әркез қолдайтын кандидатты ұсынғымыз келді. Бұл үкімет төрағасының бірінші орынбасары Медведев Дмитирий Анатолбевичтің кандидатурасы»,- деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге қарап сөйлеген сөзінде біртұтас ресейліктердің жетекшісі Борис Грызлов төрт партия жетекшілерінің атынан. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өз кезегінде: «Дмитрий Анатольевич Медведевтің кандидатурасына тоқталатын болсақ, мен онымен 17 жылдан бері өте жақын таныспын және де мен бұл кандидатураны толық қолдаймын», деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны