08.10.2025, 17:42 38961

Қанат Бозымбаев German Water Partnership басшылығымен кездесу өткізді: Стратегиялық су серіктестігі туралы келісімге қол қойылды

Қанат Бозымбаев German Water Partnership басшылығымен кездесу өткізді: Стратегиялық су серіктестігі туралы келісімге қол қойылды
Сурет: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі Германияның German Water Partnership (GWP) қауымдастығымен Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұған вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP басшылығы арасында осыдан бір жыл бұрын Германияда өткен келіссөздер бастама болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

German Water Partnership - Германияның су саласындағы халықаралық қауымдастығы. Ол су ресурстары саласындағы 300-ден астам ұйымды біріктіреді. Қауымдастық мүшелерінің қатарында университет деңгейіндегі институттар, құрылыс компаниялары, консультанттар мен әлемге танымал өндірушілер бар.

Келісім Қазақстанға су үнемдеу технологияларын енгізу, инновациялық шешімдерді пайдалану, климаттық қатерлерге, су тасқыны мен қуаңшылыққа қарсы төзімділікті арттыру, сондай-ақ мамандарды оқыту және даярлау кезінде үздік халықаралық тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Германия тәжірибесі су ресурстарын болжау, модельдеу және есепке алу бойынша цифрлық жобаларды жүзеге асыруда қолданылып келеді. Неміс технологиялары гидротехникалық нысандардың құрылысы кезінде де пайдаланылуда.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP атқарушы директоры Борис Грайфендер ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кездесуде German Water Partnership-тің қолдауымен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы базасында Қазақстан-Германия су инновациялық хабын құру ұсынылды.

Келісімге қол қойылған соң тараптар құжат жаңа бірлескен қазақстандық-германдық жобаларды дамытуға берік негіз болатынына сенім білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны