19.03.2025, 10:18 56481
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды.
✔️Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.12.2025, 16:25 7886
Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Дәулет Ембердиев Тель-Авив агломерациясына (Гуш-Дан) қызмет көрсететін "The Hiriya Recycling Park" (Хирия) тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорнын жұмысымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Гуш-Дан қалалары қауымдастығының Бас директоры Гилем Ливнемен, басқарма төрағасы әрі Тель-Авив қаласы әкімінің орынбасары Реувен Ладиянскиймен кездесті.
Сапар барысында Қауымдастық басшылары Хирияның қалыптасу тарихы мен жылдар бойы жинақталған бірегей тәжірибесі, қалалық тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және оларды қайта пайдалануды қамтамасыз ететін табысты тәжірибелер туралы ақпарат берді.
Әсіресе өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін отын өндіруге арналған тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу желісі (RDF - Refuse Derived Fuel), сондай-ақ Хирияның "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білім беру орталығы" ерекше қызығушылық тудырды. Аталған орталық оқушыларға, студенттерге, экологияға қызығушылық танытатын Израиль тұрғындары мен қонақтарына табиғат алдындағы жауапкершілік пен қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жөнінде кеңінен мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Елшісі мен Хирия басшылығы екі елдің уәкілетті министрліктерінің, мүдделі муниципалитеттерінің және іскер топтарының өкілдері арасында озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ қалалық экология және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу салаларында бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мақсатында байланыстарды жолға қою жөніндегі бірлескен қадамдар туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 15:23 8431
Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Сиби Джорджбен 2025 жылғы екіжақты өзара іс-қимылдың қорытындылары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші А.Есқараев саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті. Бұл ретте ағымдағы жылдың маусым айында өткен "Орталық Азия - Үндістан" Диалогы аясындағы сыртқы істер министрлерінің 4-ші кездесуінің маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Қазақ дипломаты экономикалық бағыттағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына айрықша назар аударды. Осы тұрғыда тараптар өнімдер импорты мен экспорты көлемін ұлғайту, сондай-ақ сауда номенклатурасын әртараптандыру мүмкіндіктерін талқылады.
Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, туристік алмасуларды арттыру, білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ іскерлік сапарлар үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерінде тараптар Хайдарабад пен Ахмедабад сияқты Үндістан қалаларына тікелей әуе рейстерінің географиясын кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық аясында "Орталық Азия - Үндістан" диалогы мемлекет басшыларының күтіліп отырған 2-ші Саммитіне дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Аталған Саммит Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды алаң болмақ. Осыған байланысты С.Джордж жақын уақытта сыртқы саяси ведомстволар арасындағы кезекті консультацияларды өткізуге дайындықты жеделдетуге дайын екенін білдірді. Бұл консультациялар қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі диалогты тереңдетуге бағытталған нақты практикалық қадамдарды айқындау жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды сақтауға және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен бастамаларды одан әрі ілгерілетуге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 14:20 8651
Қазақстан мен Словения арасындағы сенім мен даму диалогы
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словен Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы (министрдің бірінші орынбасары) Мелита Габричпен өткізген кездесуде 2025 жылғы саяси-дипломатиялық өзара іс-қимылдың қорытындыларын, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, негізгі басым бағыттар бойынша ұстанымдарды саралап, жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың өзектілігін растады. Тараптар саяси диалогты одан әрі тереңдетуге, сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық, көлік-логистикалық және мәдени салалардағы серіктестікті кеңейтуге деген өзара ниетті екендігін атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында 2026 жылы екі елдің Премьер-Министрлерінің орынбасарларының тең төрағалығымен өтетін Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының мазмұндық күн тәртібін қалыптастыру, мүдделі іскер топтардың қатысуымен Іскерлік кеңес құру, сондай-ақ екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультацияларды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар практикалық сипаттағы визалық мәселелер де қозғалды.
Тараптар цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, Орта дәліз шеңберіндегі көлік-логистикалық өзара іс-қимылға, энергетикалық әріптестікке, өнеркәсіптік кооперацияға, сондай-ақ білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы байланыстарды нығайтуға басымдық берілетінін атап өтті.
Қазақстандық дипломат Словения Республикасын 2025 жылғы желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне табысты төрағалық етуімен құттықтап, оның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қақтығыстардың алдын алуға және гендерлік теңдікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді, сындарлы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 20:16 8871
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық саладағы ынтымақтастықты жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында жеңілдетілген визалық режим және реадмиссия туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздердің ресми түрде бастаудың қорытындысы бойынша Еуропалық одақтың Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар келіссөздердің басталуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара сенімнің артқанын, сондай-ақ азаматтардың мобильдігін күшейтуге, мүмкіндіктерін кеңейтуге, гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысты көрсететінін атап өтті. Аталған процесс Еуропалық одақ пен Орталық Азия мемлекеті арасындағы осындай алғашқы бастама екені аталып, бұл қадамға тарихи мән берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 17:12 9126
Қазақстан Сыртқы істер министрі Оңтүстік Корея Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ Икті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы кеңейтілген стратегиялық серіктестік аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму серпінін жоғары бағалап, Астананың Сеулмен өзара тиімді ынтымақтастығының барлық бағыттарын одын әрі жан-жақты дамутыға ұмтылысын жеткізді.
Өз кезегінде Елші өзінің қызметі кезінде көрсетілген жан-жақты қолдау мен қонақжайлық үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, өзара құрмет пен сенімге негізделген қазақ-корей қатынастарының дәйекті дамуына сенім білдірді.
Сұхбаттастар "Орталық Азия - Корея Республикасы" форматы аясында бірлескен іс-қимылдарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы бағытта биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды табысты өткізу мақсатында үйлесімді күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.
Кездесу соңында Министр екіжақты қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Елшіге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат пен төсбелгісін табыстады және оның кәсіби қызметіне сәттілік тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 12:18 9696
Қазақстан Пекин тіл және мәдениет университетінің ректорын II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры Дуань Пэнды II дәрежелі "Достық" ордені мемлекеттік наградасымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік награданы Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев табыстады.
Рәсім барысында Елші Дуань Пэнның қазақ-қытай гуманитарлық және білім беру ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ академиялық алмасуларды кеңейтуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Қытай тілін білетін мамандарды даярлаудың жетекші орталықтарының бірі ретінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалының рөлі ерекше атап өтілді.
Кездесудің аясында ғылым-білім беру саласындағы өзара іс-қимылдардың келешегі, соның ішінде оқытуда жасанды интеллект технологияларын дамыту, білікті лингвист-қытайтанушыларды даярлау, сондай-ақ бірлескен академиялық бағдарламаларды кеңейту сұрақтары талқыланды.
Өз кезегінде Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы айтып, қазақ білім беру және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді. Марапаттау рәсімі Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру ынтымақтастығының жоғары деңгейінің кезекті дәлелі болды.
Бейжің тіл және мәдениет университеті 1962 жылы құрылып, Қытайдағы шетелдік азаматтарға қытай тілін, мәдениетін және халықаралық коммуникацияны оқытуға мамандандырылған жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі.
2024 ж. 3 шілдеде Астана Халықаралық университетінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астана қаласы филиалының салтанатты ашылуы өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 21:59 38851
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты.
Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды.
Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеті арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуде оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Америка Президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл екіжақты қарым-қатынастағы тарихи уақиға болатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 20:50 59526
Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 11-ші конференциясына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Екі жылда бір рет өткізілетін конференция биыл Доха қаласында 170 мемлекеттен 2 500-ден астам қатысушыны жинады. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері болды.
Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, сондай-ақ Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кірді.
Жалпы пікірталастарда делегация басшысы - ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі директорының орынбасары Данияр Ақжанов - Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына берік бейілділігін растап өтті. Мемлекетіміздің ұлттық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатқаны, бұл ретте БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен басқа да халықаралық серіктестердің белсенді қолдауы мәлімденді.
Сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ағымдағы институционалдық өзгерістер туралы ақпарат ұсынылып, бұрын қабылданған барлық халықаралық және ведомствоаралық міндеттемелердің сақталатыны аталып өтті.
Баяндамада құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ашықтықты арттыруға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды енгізуге ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, озық тәжірибелермен алмасуға және ведомствоаралық әрі мемлекетаралық деңгейлерде бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес тек тұрақты диалог, серіктестік және инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы мүмкін екенін атап өтті.
Конференция аясында шет мемлекеттердің делегацияларымен бірқатар екіжақты кездесулер де өтті. Келіссөздер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланып, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру саласындағы тәжірибе, үздік практикалар мен сараптамалық әзірлемелер алмасу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 21:24Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды 22.12.2025, 18:58 65951Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді22.12.2025, 18:40 64261Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі23.12.2025, 20:50 59526Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 19:29 56426Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
15.12.2025, 23:30 225171Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222161Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті17.12.2025, 17:47 215671Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 214946Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 22:01 213151Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

