11.05.2026, 11:55 626
Қазақстан мен Бразилия саяси диалог пен іскерлік байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси байланыстардың, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылдың және екі елге екіжақты, өңірлік әрі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты түрде пікір алмасуға мүмкіндік беретін саяси консультациялар тетігінің дәйекті дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Қазақстан Бразилияны Латын Америкасындағы негізгі әрі сенімді серіктес ретінде қарастырады. Бүгінгі келіссөздер ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілікті растады", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар 2025 жылы 295 млн АҚШ долларын құраған тауар айналымының оң серпінін атап өтіп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және инвестициялар салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін айтты.
Халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін көлік-логистикалық әлеуеттің стратегиялық маңызына да ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Бразилия тиісінше Еуразия мен Латын Америкасына өзара "қақпа" бола алады.
Халықаралық күн тәртібі аясында Қазақстан мен Бразилия халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге бейілділігін растады, сондай-ақ жаһандық климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.
Осы тұрғыда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымы аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ұсынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақстан-бразилиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екіжақты серіктестікті дамытуға жаңа серпін беруге сенім білдірді.
Сапар аясында екі елдің жетекші іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылып, оның барысында B2B және B2G форматтарындағы кездесулер өтті. Қатысушылар жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және цифрлық технологиялар секілді басым бағыттардағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша екі елдің Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында мал шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ мен "ApexBrasil" Экспортты дамыту агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.05.2026, 18:56 11
Италияда елдің солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті
Достарға айту
Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев Триест қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыста Италияның солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан Югославия халық-азаттық армиясының тоғызыншы корпусы 30-шы дивизиясының 36 қазақстандық жауынгеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға жергілікті билік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Е.Сембаев іс-шараға қатысушыларды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бұл мерекенің адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста туған жерін қорғаған ата-бабаларымыздың өлмес ерлігінің символы екендігін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген қазақстандықтар өз еріктерімен майданға аттанып, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды.
Бүгін Триест қаласындағы ескерткіштің арқасында біз жеңіс үшін жан тапсырған сарбаздардың есімдерін мақтанышпен еске аламыз. Біздің жүздеген отандастарымыз өздерінің өлмес ерліктерімен Ұлы Жеңіс тарихына өз есімдерін мәңгілікке жазды. Триестті азат етуге қатысқан 36 қазақстандықтың және соғыстың басқа да батырларының есімдері біздің есімізде мәңгі сақталады", - деді Е.Сембаев.
Ескерткіш 2010 жылғы 25 сәуірде ашылған. Оның авторы қазақстандық мүсінші А.Құтанов. 2025 жылы ескерткіш Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Фриули-Венеция-Джулия аймағындағы Құрметті консулы Лука Беллинеллоның көмегімен қалпына келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 17:51 971
Қазақстан Псковта Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұлы жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері сапар жасады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Делегация мүшелері өңір басшылығымен, Псков облысы әкімшілігінің өкілдерімен, Псковтағы Сыртқы істер министрлігінің өкілімен және Санкт-Петербург әскери академияларында білім алып жатқан қазақстандық тыңдаушылармен бірге Монаково ауылындағы бауырластар зиратына барды. Рәсімге қатысушылар өңірді азат ету жолында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты іс-шаралар Новосокольники қаласында да өтті. Мұнда дипломаттар мен облыс өкілдері қазақ халқының аңызға айналған қаһарман қызы, мерген Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның өшпес ерлігіне тағзым етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 15:47 1176
Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Прагадағы Ольшан зиратында Қызыл армия жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломаттар сондай-ақ Праганы азат етуге қатысқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Олардың қатарында Кеңес Одағының Батыры, старшина Мәжіт Жүнісов, кіші сержант Талғат Зайнуллин, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Мұстафа Сапарбаев, Жолдас Әжімов, Байжан Нұржанов, Сайнулла Қайырғалиев және Зийнил Козин бар.
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Чехия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерленген орындарын анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда Чех Республикасының түрлі өңірлерінде жерленген 130 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 14:45 2011
Қазақстан мен Грекия Ұлы Жеңіс туралы тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын атап өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Афинада грек қоғамдық-пікірталас клубы "Диалогос" ұйымдастырған Ұлы Жеңістің тарихи мұрасына арналған конференция өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин тарихи жадты сақтау, қоғамдық бірлікті нығайту және қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілету бойынша Қазақстанның ұстанымдарын таныстырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сөз сөйлеу барысында Ұлы Отан соғысының жады Қазақстан халқының тарихи санасында ерекше орын алатыны атап өтілді. Қазақстаннан Қызыл армия қатарына 1,2 миллионнан астам адам шақырылып, олардың 600 мыңы майданнан оралмады. Елші бұл сандардың тек қасірет ауқымын ғана емес, халықтың бейбітшілік пен бостандық жолында төлеген зор құнын да көрсететінін атап өтті.
Соғыс сабақтары адамзаттың ортақ сын-қатерлер алдында бірлікте болуы және қоғамдарды этникалық, ұлттық немесе идеологиялық белгілер бойынша бөлетін кез келген идеологияны қабылдамауы қажеттігін еске салады", - ҚР Елшісі атап өтті.
Конференция аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар да таныстырылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформалардың заң үстемдігі, адам құқықтарын құрметтеу, қоғамдық келісім мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген әділетті әрі инклюзивті мемлекет құруға бағытталғаны айтылды.
Конференция барысында халықаралық диалогты, өзара құрметті сақтау және жаһандық шиеленістің күшеюі жағдайында теңгерімді шешімдер іздеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:20 136146
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұнына айрықша мән берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық танытқан Владимир Путинге алғыс айтып, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады.
- Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сізбен Мәскеуде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл "көзіміз жасқа толып" қарсы алатын мереке. Өйткені адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста опат болған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Кеңес өкіметі Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан алпауыт ел болып шықты. Біріккен Ұлттар ұйымын құрушылардың біріне айналды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерлерімізді ардақ тұтамыз. Қазақстанда соғысқа қатысқан көзі тірі 57 майдангер қалды, - деді Мемлекет басшысы.
Президент екі елдің сан қырлы ықпалдастығы жыл өткен сайын артып, барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
- Елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа келер болсақ, Сіздің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарыңызға қызу дайындалып жатырмыз. Соңғы бес жылдың қорытындысы бойынша, Ресей - қазақ экономикасының ең басты инвесторларының бірі. Сауда-саттық та табысты дамып келеді. Алдын ала болжамға сәйкес, биыл тауар айналымы 30 миллиард доллар межесінен асып түседі. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Екі елдің білім беру саласындағы гуманитарлық байланыстарына айрықша тоқталсақ, "Сириус" мектептері Астана, Алматы және басқа да қалаларда ашылып, жұмыс істей бастады. Туризм де өте маңызды бағыт. Былтыр Қазақстанға саяхаттап келген туристердің саны жағынан Ресей бірінші орынға шықты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті саммиті табысты өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары саяси және тарихи тұрғыдан маңызды уақиға болатынына назар аударды.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын жеткізді.
- Шын мәнінде, бұл қос халық пен біз үшін ең басты мереке деуге болады. Сіздің Мәскеуге келуге уақыт тауып, осы күндері бізбен бірге болғаныңыз Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қандай деңгейде екенін нақты көрсетеді. Мұның барлығы, көп жағдайда Сіздің мемлекетаралық байланыстардың дамуына қосқан үлесіңіздің арқасында жүзеге асып жатыр, - деді Ресей Президенті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 19:27 2231
Швеция Парламентінде Қазақстанның инвестициялық және туристік әлеуеті ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Швецияда Орталық Азия елдерінің инвестициялық және туристік әлеуетіне арналған бизнес-семинар өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны "Швеция - Орталық Азия" достық тобының төрағасы Бьорн Седер, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Швециядағы Елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырды. Модератор Швецияның Еуразия бойынша сауда палатасының төрағасы Хайнц Сьогрен болды.
Семинардың жұмысына Риксдагтың депутаттары, Швецияның Қазақстандағы Елшісі С.Эрикссонды қоса алғанда, Швеция СІМ-нің, қаржы даму институттарының, іскерлік және сараптамалық топтардың, туристік индустрияның, академиялық және дипломатиялық қоғамдастықтың, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты
Қатысушылар алдында Достық тобының Төрағасы Бьорн Седер мен Швеция Парламентінің өнеркәсіп және сауда комитетінің Төрағасы Тобиас Анлерссон құттықтау сөз сөйледі. Швед тарапы швед бизнесінің Орталық Азияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын ерекше көңіл аударып, Қазақстан мен Өзбекстан өңірдің экономикалық және институционалдық қайта құруларының алдыңғы қатарында екенін атап өтті. Сондай-ақ, ресурстық, логистикалық және демографиялық әлеуеті бар Орталық Азияның стратегиялық маңызы артып келе жатқаны аталып өтті. Швеция парламентшілерінің бағалауы бойынша, бұл аймақ Швецияда сауда, инвестиция және туризм саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың келешектік бағыты ретінде қабылдануда.
Өз сөзінде Қазақстанның Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов қатысушыларды жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша жаңа Конституцияны қабылдауды қоса алғанда, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға, "жасыл" энергетиканы, цифрландыруды, жасанды интеллектті дамытуға және Еуропа мен Азия арасындағы тұрақты көлік өзара байланысына ерекше назар аударылды.
Қазақстанның туристік әлеуеті туралы "Kazakh Tourism" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов жеке презентацияны ұсынды. Ол Қазақстан бірегей табиғи мұраны, бай көшпелі мәдениетті және заманауи туристік мүмкіндіктерді біріктіріп, көптеген бағыттарды (экотуризм мен белсенді демалыстан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары бойынша мәдени-танымдық маршруттарға дейін) ұсынатынын атап өтті. Қазақстан тұрақты туризмді дәйекті түрде дамытып, елді еуропалық саяхатшылар үшін жаңа бағыт ретінде ілгерілетіп отырғанына назар аударылды.
Танымалы швед саяхатшы және зерттеушісі, Қазақстандағы "Snow Leopard Foundation" қорының Елшісі Йохан Эрнст Нильсоннің сөз сөйлеуі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, ол әлемнің 196 елі бойынша саяхаттау тәжірибесіне сүйене отырып, Орталық Азия елдерінің қол тигізбеген табиғаты, мәдени мұрасы мен түпнұсқалығының бірегей үйлесімін ерекше атап өтті. Й.Нильсон биоалуантүрлілікті сақтау және жол барыстың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі өңір елдерінің күш-жігерін оң бағалады, сондай-ақ елдің табиғаты мен мәдениетін насихаттауға арналған Қазақстан бойынша алдағы ат экспедициясы туралы айтты.
Іс-шараға компания өкілдерінің сөз сөйлеуі практикалық бағыт берді. Атап айтқанда, Väderstad Директорлар кеңесінің мүшесі Кристина Старк "Агромашхолдинг KZ" АҚ базасында Қазақстанда жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді оқшаулау жөніндегі келісімге қол қойылғанын хабарлады. Жоба Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің көмегін қоса алғанда, қазақстандық және швед тараптарының белсенді өзара іс-қимылының нәтижесі болғандығы атап өтілді. К.Старк сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуалды, агроөнеркәсіптік сектордың тұрақты дамуын және швед бизнесінің қазақстандық нарықта қатысуын кеңейтуге деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті.
Қауіпсіздік және даму саясаты институтының (ISDP) директоры доктор Сванте Корнелл Орталық Азияның қалыптасып келе жатқан
орта державалардың" аймағы ретіндегі трансформациясына аналитикалық шолу жасады. Оның бағалауы бойынша, аймақ төңірегіндегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Орталық Азия Еуразияның тұрақтылықты, прагматизмді және дамудың тұрақты оң динамикасын көрсететін санаулы кеңістіктерінің бірі болып қала береді.
Іс-шара ашық диалог, тәжірибе алмасу және Швеция мен Орталық Азия елдері арасында жаңа келешектік серіктестік қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 18:25 2496
Пәкістан Парламенті екіжақты қатынастардың дамуын оң бағалайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Парламенті Сенатының Спикері Сайд Юсуф Реза Гиланимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде саяси және парламенттік диалогты дамыту, аймақтық қауіпсіздік, сауда-экономикалық ынтымақтастық және аймақтық байланыстылықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында Сенат Спикері Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының дамуының динамикасын жоғары бағалады. С.Гилани Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарына ерекше назар аударып, оның тарихи маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Пәкістан тарапының екіжақты өзара әрекеттестікті әрі қарай кеңейту және нығайтуға ниет білдіргенін жеткізді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде аймақтық қауіпсіздік, аймақтық байланыстылық пен логистикалық маршруттарды дамыту мәселелері белгіленді. Осы контексте Спикер екіжақты сауданы кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол халық арасындағы байланыстарды (people-to-people), туризмді дамыту және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін айтты. Жалпы, екі ел арасындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі атап өтілді.
Парламенттік дипломатияның маңыздылығын атап өтіп, С.Гилани екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы институционалдық байланыстарды нығайту қажеттігін айтты. Ол жоғары деңгейдегі тұрақты алмасулардың, соның ішінде парламенттік достық топтары арқылы кездесулердің маңызды екенін атап өтті.
Өз тарапынан Елші Е.Қыстафин Сенат Спикеріне Қазақстан-Пәкістан екіжақты күн тәртібін ілгерілетуге көрсеткен жеке қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлады. Елші сондай-ақ Пәкістан Премьер-министрі Ш.Шарифтің Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың биыл Астанаға сапарына шақыруын қабылдағанын жеткізді. Осыған байланысты болашақ сапардың мазмұндық дайындығы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылды.
Елші сондай-ақ Үкіметаралық комиссия және бірлескен жұмыс топтары аясындағы жұмыс туралы баяндады. Парламентаралық ынтымақтастық туралы айта отырып, ол 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың сапарын, сондай-ақ Пәкістан Парламентін Қазақстанға шақыру туралы Қазақстан тарапынан жасалған ұсынысты еске салды.
Е.Қыстафин сонымен қатар 2026 жылғы 15 наурызда өткен конституциялық референдумның нәтижелері туралы хабарлап, елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған конституциялық реформаның негізгі бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, ол Вице-президент лауазымын енгізу және Қазақстан Парламентін екі палаталық жүйеден бір палаталық жүйеге реформалау жоспарлары туралы тоқталды.
Өз кезегінде Сенат Спикері С.Гилани Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саясатты жоғары бағалап, осы бастамаларды халықтың кең қолдауына ие екенін атап өтті.
Кездесудің соңында Спикер Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін әрі қарай қолдау көрсетіп, күш салуға ниетті екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 17:23 2736
Афинада қазақ-грек ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Грекия астанасында Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған "Қазақстан мен Грекия: тарихи ретроспектива және қазіргі ынтымақтастықтың бағыттары" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстан-Грекия ынтымақтастығын нығайту, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан заманауи реформалар, сондай-ақ этносаралық келісімнің елдің орнықты дамуының негізгі тетіктерінің бірі ретіндегі маңызы мәселелеріне арналды. Конференция барысында понтийлік гректердің Қазақстан мен Грекия арасындағы маңызды гуманитарлық көпір ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Конференцияға грек жұртшылығының өкілдері, грек диаспорасы бірлестіктерінің мүшелері, Грекияда тұратын қазақстандық отандастар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.
Бағдарламаның жеке бөлімі Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан негізгі реформаларға және олардың мемлекетті одан әрі дамытудағы маңызына шолу жасауға арналды.
Конференция ашық пікірталаспен қорытындыланып, оның барысында қатысушылар Қазақстан мен Грекия арасындағы гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 08.05.2026, 09:04 110916ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:26 67691Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 67456Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 67186Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
13.04.2026, 21:35 474616Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474526Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474486Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439786Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439301Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

