25.11.2025, 22:28 31201

Қазақстан мен Әмірліктер жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттерін растады

Қазақстан мен Әмірліктер жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттерін растады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы саяси консультациялардың алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министр Ермек Көшербаев, ал әмірлік - БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі, Орталық Азиямен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Сухейл Әл-Мазруи басқарды.

Әмірліктер делегациясын қошеметтеп, Е.Көшербаев Астана үшін Әбу-Даби араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтіп, жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Консультациялар барысында саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ энергетика, көлік, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы серіктестіктің перспективаларын егжей-тегжейлі талқыланды.

Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтардағы Әмірліктерге жасаған жұмыс сапары барысында және Әбу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның мамыр айында Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарастырды.

БАӘ делегациясының басшысы екі ел арасындағы серіктестіктің деңгейін жоғары бағалап, Әбу Дабидің Қазақстанмен барлық негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Келесі жылы жоспарланған бірлескен іс-шараларға, соның ішінде биік деңгейдегі байланыстарға ерекше көңіл бөлінді.

Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты форматтардағы күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тұрақты және сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны