27.03.2026, 10:00 3196

Қазақстан мен Қасиетті Тақ дінаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету бағытын растады

Қазақстан мен Қасиетті Тақ дінаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету бағытын растады
Сурет: gov.kz
2026 жылғы 26 наурызда Ватиканда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префектісі кардинал Джордж Кувакадпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы достық әрі сенімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, олардың дәйекті дамып келе жатқанын және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық бар екенін жеткізді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясындағы өзара іс-қимылға айрықша назар аударылды. Ватикан тарапы 2026 жылғы қазанда Астана қаласында өтетін Съез Хатшылығының кезекті отырысына өз делегациясының қатысатынын растады.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілету, бейбітшілікті нығайту және тұрақты дамуға жәрдемдесу мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны