12.12.2025, 20:28 45756

Қазақстан мен Молдова екіжақты қатынастарды нығайтуда

Қазақстан мен Молдова екіжақты қатынастарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Примар Лилия Пилипецкидің шақыруымен Сороки қаласында болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе Қазақстан мен Молдова аумағында іске асырылып жатқан мәдени, әлеуметтік және экономикалық жобаларға өзара қатысу мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Сұхбаттастар өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындау және оны жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлеу мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны