27.11.2025, 13:35 52291

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға қазақ тарапынан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов және Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты.

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, ҰҚШҰ-ның үстіміздегі жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Ұйымның 2026 жылғы жұмысының перспективалық бағыттары талқыланды.

Отырыс аясында Е.Көшербаев әріптестеріне ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне еліміздің көзқарастары туралы хабардар етті, Ұйымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Бірлескен отырысқа қатысушылар 27 қарашада Бішкекте мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының күн тәртібі мен құжаттарының жобаларын келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны