04.12.2025, 22:43 47641
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Израиль Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен алдағы биік және жоғары деңгейде жоспарланған іс-шаралар кестесі талқыланды.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.01.2026, 10:12 26521
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады
Сурет: Akorda
Достарға айту
22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 20:29 28461
Қазақстан мен Словенияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Словения Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-словен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогтың тұрақты динамикасын, парламентаралық және ведомствоаралық байланыстардың нығаюын, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті.
СІМ басшысы Словения тарапын 2024-2025 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жемісті төрағалығымен құттықтап, Люблянаның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі қақтығыстардың алдын алудағы үлесін жоғары бағалады.
Тараптар 2024 жылдың қазанда Люблянада Қазақстан Елшілігінің ашылуы, сондай-ақ Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың 2025 жылы Қазақстанға ресми сапары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге деген өзара міндеттемелерінің айқын дәлелі болғанын ризашылықпен атап өтті.
Ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі саяси диалогты одан әрі тереңдету, экономикалық байланыстарды кеңейту және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту үшін "жол картасы" екені аталып өтті.
Сұхбат соңында тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызметінің ерекше маңыздылығына назар аударып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 19:28 28716
Манамада Қазақстан - Бахрейн ынтымақтастығы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы және Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Манама қаласына жұмыс сапары аясында Бахрейн Корольдігінің ресми тұлғаларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Бахрейн Корольдігінің Көлік және телекоммуникация министрі, Король Хамад атындағы Жаһандық қатар өмір сүру мен толеранттылық орталығы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы шейх Абдалла бен Ахмед Әл Халифамен, Туризм министрі Фатима Әл-Сайрафимен, Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі Бас директоры шейх Абдалла бен Али Әл Халифамен және Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Самир Насспен келіссөздер жүргізді.
Қазақстан Елшісі шейх Абдалла бен Ахмед Әл Халифамен кездесу барысында дінаралық диалогқа қосқан зор үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалін табыстап, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігін қарастырды.
М.Меңілбеков Туризм министрі Фатима Әл-Сайрафимен кездесу шеңберінде Қазақстанның туризм саласындағы кең мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен іс-шараларды іске асыру перспективалары туралы пікір алмасты.
Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі Бас директоры шейх Абдалла бен Али Әл Халифамен саяси диалогты нығайту, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізу және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесуді жалғастыру мәселелері талқыланды.
Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Самир Насспен кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды орнату және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалып, Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және бизнесті дамытуға бағытталған елдегі экономикалық реформалар жөнінде ақпарат берілді.
Кездесулердің қорытындылары бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігі расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 17:24 28961
Қазақстан мен Гонконг "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Гонконг АӘА Үкіметінің Сауда және экономикалық даму министрлігінің "Бір белдеу, бір жол" кеңсесінің комиссары Николас Хомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы 2026 жылға арналған әріптестікті дамытудың негізгі аспектілерін, атап айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Бас консул Комиссарды Қазақстанның инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетімен, сондай-ақ туристік және инфрақұрылымдық секторларындағы инвестициялық жобалармен таныстырды.
Өз кезегінде, Николас Хо "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде инвестициялар тартудағы Қазақстанның жоғары әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге, сонымен қатар Гонконг пен "Greater Bay" өңірі (Чжаоцин, Фошань, Цзянмынь, Чжухай, Чжуншань, Дунгуань, Хойчжоу, Макао, Гуанчжоу және Шэньчжэнь қалалары) бизнесмендерінің 2026 жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға ниетті екенін растады.
Қазақстан Гонконг Үкіметінің негізгі стипендия алушы елдерінің бірі бола отырып, "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында білім беру бағдарламаларына белсенді қатысатыны атап өтілді. Осыған байланысты Бас консул қазақстандық студенттерге арналған гранттар санын ұлғайту мәселесін гонконгтық университеттермен талқылау туралы өтініш білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаласа отырып, инвестициялар, сауда, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін атап өтті.
Қазіргі уақытта толық грант бойынша 400-ден астам қазақстандық студент әлемнің үздік 50 жоғары оқу орындарының қатарына кіретін Гонконгтың жетекші университеттерінде білім алуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 16:22 30026
Қазақстан-Армения ынтамақтастығы: келісімдерді іске асыруға және нақты нәтижелерге басты назар
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Вице-премьері, Қазақстан-Армения үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының тең төрағасы Мгер Григорянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар сенім, өзара құрмет және прагматизм рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың серпінді сипатын атап өтті. 2025 жылы елдер арасында орнатылған стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген қарым-қатынас екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге берік негіз және қосымша мүмкіндіктер қалыптастыратыны ерекше аталып өтті.
Сұхбаттасушылар Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бағытталған алдағы қадамдар мен практикалық шараларды талқылады. Осы орайда, Қазақстан-Армения үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 11-отырысының шешімдерін орындау барысы жөнінде пікір алмасу өтті.
Сонымен бірге, тараптар, ағымдағы жылға арналған екіжақты күн тәртібінің басым бағыттарын және оларды іске асыру тәсілдерін қарастырды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын одан әрі ұлғайту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияны кеңейту, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен цифрлық экономика салаларындағы бірлескен жобаларды нақты нәтижелерге қол жеткізуге басымдық бере отырып ілгерілету міндеттері белгіленді. Осы тұрғыда бірлескен үкіметаралық комиссияның практикалық өзара іс-қимылды үйлестіру және шешімдер әзірлеудің тиімді құралы ретіндегі маңызды рөлі аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы достық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты жандандыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 15:29 57956
Қазақстан "Жасыл аптада": аграрлық әлеуетімен таныстырып, Германиямен жаңа келісімдер орнатты
Достарға айту
Қазақстан Германия астанасында өткен мерейтойлық 100-ші Халықаралық аграрлық "Жасыл апта" (Grüne Woche) көрмесіне қатысып, Қазақстан Республикасының екі ұлттық стендін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көрмеге ЕО стандарттары бойынша жұмыс істейтін және еуропалық нарыққа тұрақты тасымалдау жасауға дайын қазақстандық кәсіпорындар қатысты. Отандық өндірушілер ұсынған өнімдер халықаралық серіктестердің, дистрибьюторлардың, Германия Федеративтік Республикасының сауда желілері өкілдерінің және көрме қонақтарының қызығушылығын тудырды.
Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бастап барды. Ол сондай-ақ "Global Forum for Food and Agriculture" (GFFA) халықаралық конференциясы аясында бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді.
ГФР-дың Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және отан федералдық министрлігінің (BMLEH) статс-хатшысы Маркус Шикпен өткен кездесуде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, тұқым шаруашылығы, орнықты егіншілік, энергия мен су үнемдейтін технологияларды енгізу, азық-түлік өнімдерін өңдеу және жеткізу сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселелері талқыланды.
Қазақстан тарапы орнатылған келісімдерді жалғастыру және оларды практикалық тұрғыда дамыту мақсатында Германияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және отан федералдық министрі Алоис Райнерді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.
А.Сұлтанов ҚР АШМ мен BMLEH арасында жүзеге асырылып жатқан "Аграрлық-саяси диалог" және "Сүтті мал шаруашылығы саласында құзыреттерді арттыру" кооперациялық жобаларының басшыларымен кездесті.
Қазақстанда өндірілетін техниканың жергіліктендіру деңгейін арттыру және өндіріс аясын кеңейту мәселелері CLAAS компаниясы басқарма мүшесі Кристиан Радонс және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша вице-президент Михаэль Байермен талқыланды.
Іс-шараларға қатысу Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін көрсетуге және шетелдік компаниялармен іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен серіктестіктің белгісі ретінде, сондай-ақ "Grüne Woche" көрмесінің 100 жылдығына орай, көрме ұйымдастырушыларына Қазақстан Республикасы атынан 100 дана қазақстандық қызғалдақтың пиязшықтары сыйға тартылды.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және аграрлық саланы дамытуда инновациялық тәсілдерді белсенді түрде енгізуге дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 13:26 58221
Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Абу-Дабиде шейха Фахра бинт Дияб Әл Наһаянның қамқорлығымен балалар сәні саласындағы халықаралық шара - International Kids Fashion Week ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сән апталығының ұйымдастырушысы - Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш дизайнері әрі балалар сәні мен мәдениеті саласындағы халықаралық жобаларды дамытудағы жетекші тұлғалардың бірі Мона Әл Мансури.
Іс-шара Қазақстан, БАӘ, Ресей, Үндістан, Марокко, Австралия, Замбия, Таиланд, Филиппин және Оман елдерінен келген дизайнерлер мен қатысушыларды біріктіріп, International Kids Fashion Week-тің жаһандық мәдени және сән алаңы ретіндегі мәртебесін растады.
Ұлттық дәстүрлерге, ою-өрнектерге және мәдени мұраға негізделген қазақ этникалық топтамасы халықаралық аудитория тарапынан зор қызығушылыққа ие болды.
Көрсетілім қорытындысы бойынша отандық дизайнер Гаухар Канатбай "Үздік балалар дизайнері" номинациясы бойынша марапатты иеленді. Бұл оның шығармашылық көзқарасы мен этникалық нақыштарды заманауи балалар сәнімен сәтті үйлестіре алғанының айқын дәлелі болды.
Сонымен қатар,аталған іс-шараға қазақ тарапының қатысуын қамтамасыз еткені үшін ұйымдастырушылар Қазақстанның Абу Дабидегі Елшілігіне арнайы марапат табыстады. Бұл мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы дипломатиялық қолдаудың маңыздылығын айқындай түсті.
International Kids Fashion Week мәдениет, сән және балалар шығармашылығы халықтар арасындағы халықаралық диалогты, өзара түсіністік пен достықты нығайтатын маңызды көпір екенін айғақтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 12:15 58496
Нью-Делиде қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
11-ші Халықаралық ән және би фестивалі (11th Music and Dance Festival) аясында қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті, іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестиваль аясында Қазақстан атынан шамамен 68 өнерпаз қатысты. Атап айтқанда, маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі Астана қ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, "Гәкку" балет би ансамблі, сондай-ақ Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры өнер көрсетті.
Іс-шара бағдарламасының ерекше бөлігі ретінде қазақстандық ұжымдардың үндістандық көрнекті музыканттар - Доктор Лакшминараяна Субраманиам және Кавита Кришнамуртимен бірлескен концерттік қойылымдары ұсынылып, екі елдің музыкалық дәстүрлері арасындағы шығармашылық үндестікті айқын көрсетті.
Концертке Үндістанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ Үндістанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысуы іс-шараға бірлік пен ұлттық мақтаныштың ерекше атмосферасын қалыптастырды.
Аталған мәдени жоба қазақ-үнді мәдени дипломатияның жарқын үлгісі болып табылады және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық мәдени беделін арттыруға ықпал етті.
Фестиваль аясындағы өнер көрсетулермен қатар, қазақстандық өнерпаздардың гастрольдік сапары жалғасып, алдағы күндері Үндістанның Калькутта, Ченнай және Бангалор қалаларында концерттік бағдарламалар ұсыну жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 12:15Нью-Делиде қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті 20.01.2026, 13:26 Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды58291Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды20.01.2026, 15:29 58026Қазақстан "Жасыл аптада": аграрлық әлеуетімен таныстырып, Германиямен жаңа келісімдер орнатты19.01.2026, 20:33 54346Қазақстанда жасанды интеллект саласында ЮНЕСКО-ның үздік халықаралық тәжірибелері енгізілуде19.01.2026, 21:30 54101Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ұстанымдарын үйлестірді
06.01.2026, 20:48 200231Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179221Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 179121Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады13.01.2026, 20:35 162141Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161981Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

