24.11.2025, 22:13 17391

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Швейцария Елшісін жылы қошеметпен шығарып салды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Швейцария Елшісін жылы қошеметпен шығарып салды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Елшісі Салман Балды оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Саяси диалогтың оң динамикасы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюі аталып өтті. Сұхбаттастар цифрландыру, көлік және логистика, білім беру және су дипломатиясы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

С.Бал қазақ тарапына жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайту әлеуетінің жоғары екенін атап өтті.

Кездесудің соңында А.Исетов Елшіге Қазақстан-Швейцария қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан құрмет грамотасын табыстады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны