29.01.2026, 17:28 2196
Қазақстанның конституциялық реформалары Ташкентте өткен сараптамалық талқылаудың назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен Қазақстандағы Ұлттық құрылтайының V отырысында ұсынған конституциялық реформалары мен Мемлекет басшысының "Turkistan" газетіне берген жуырдағы сұхбатын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы мен Сенатының депутаттары, шет мемлекеттердің елшілері мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ сараптамалық орталықтардың мамандары, сарапшылар мен журналистер қатысты.
Өз сөзінде Елші Бейбіт Атамқұлов қатысушыларды конституциялық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, Конституциялық комиссия жұмысының басталғаны туралы хабарлады. Бірпалаталы Парламентке көшу, "Халық кеңесі" атты Халық кеңесін құру және Вице-президент лауазымын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Елші Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарына тоқталып, дипломатияның өңірлік және жаһандық тұрақтылықты қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы және Жаһандық бейбітшілік кеңесінің құрылуы диалогты дамыту мен сенімді нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланды.
Дөңгелек үстел аясында Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасының депутаттары, дипломатиялық корпус өкілдері және сарапшылар сөз сөйледі. Олардың мазмұнды пікірлері мен практикалық ұсыныстары пікірталасқа конструктивті сипат берді.
Қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұсынған реформалардың ауқымдылығын атап өтіп, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ұзақмерзімді даму бағытын қалыптастыруға ықпал ететінін атап көрсетті. Депутаттар мен сарапшылар реформалардың іске асырылу барысын мұқият қадағалауға жоғары қызығушылық білдіріп, олардың жүйелілігі мен қазіргі жағдайдағы өзектілігін атап өтті.
Олий Мәжілістің Заң шығару палатасы атынан мазмұнды пікірлер мен бағалауларды депутаттар Дилором Файзиева мен Илхом Абдуллаев ұсынды.
Ғылыми-сараптамалық қауымдастық атынан Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхон Қудратходжа, Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Акрамжон Неъматов, Орталық Азия халықаралық институты директорының орынбасары Шерзод Файзиев және "Ижтимоий фикр" Қоғамдық пікірді зерделеу республикалық орталығы басшысының орынбасары Мансур Сеитов сөз сөйледі.
Дипломатиялық корпус атынан Әзербайжанның Өзбекстандағы Елшісі Гусейн Гулиев жарияланған реформалар аясындағы өңірлік күн тәртібіне қатысты өз көзқарасын білдірді.
Іс-шара қорытындысында белгілі сарапшылар Равшан Назаров пен Бахтиёр Эргашевтің белсенді қатысуымен мазмұнды пікірталас өтті.
Кездесу соңында Елші Б.Атамқұлов Өзбекстанның 2023 жылғы конституциялық реформасы барысында жинақталған тәжірибесінің маңыздылығын атап өтіп, ашық сараптамалық диалог теңгерімді әрі тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ететініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.01.2026, 12:40 8441
Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы іскер топтарының өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиядағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Рияд қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы, "Obeikan Investment Group" компаниясының Бас атқарушы директоры Абдалла Әл-Обейканмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
М.Меңілбеков Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал, шетелдік инвесторларды қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар туралы ақпарат беріп, елдің Орталық Азия мен Еуразия нарықтарына шығуға арналған өңірлік хаб ретіндегі әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде, А.Әл-Обейкан екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдіріп, бизнес-миссиялар мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған алдағы қадамдар туралы келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 11:37 8766
Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы Өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевичті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Б.Милошевич ХҚКК-ның гуманитарлық миссиясын жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан тұрақты қолдауы үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Ол еліміздің Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ілгерілетудегі жұмысын, сондай-ақ гуманизм құндылықтарын қорғауға, орнықты даму мақсаттарын, өңірлік және халықаралық алаңдарда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Е.Ашықбаев Қазақстанның ХҚКК-мен тығыз ынтымақтастыққа бейілдігін және халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының толық сақталуын қамтамасыз етуге, ұжымдық этикалық және заңдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жаһандық күш-жігерге одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Сұхбаттастар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманының аясындағы одан әрі болатын іс-қимылдарды, сондай-ақ 2026 жылдың соңында Иорданияның Амман қаласында өтетін Соғыс кезіндегі гуманизм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселелерін талқылады.
Тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екендіктерін растады.
ХҚКК - соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсетуді негізгі мақсаты еткен тәуелсіз үкіметтік емес ұйым. ХҚКК 1992 жылдан бері Орталық Азияда жұмыс істеп келеді, Өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылы ХҚКК Миссиясы Астана қаласында өз өкілдігін ашты.
Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка тарапынан Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп іске қосылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 23:34 8986
Қазақстан және Халықаралық Валюта Қоры: Қазақстанның Таяу Шығыс елдерінің азық-түлік қауіпсіздігіне үлесі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеев Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс экономика және қаржы орталығының (IMF CEF) директоры Сами Бен Насермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар әлемдік экономикадағы ағымдағы үрдістер мен сын-қатерлер туралы пікір алмасты, сондай-ақ жаһандық тұрақсыздық жағдайында тұрақты экономикалық өсуді және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.
Талқылау шеңберінде қазақстандық тарап агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өнімдерін экспорттау және ауыл шаруашылығы тауарларын тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы елдің әлеуетін таныстырып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы сенімді әріптес ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.
Кувейтте азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне және Қазақстанның Таяу Шығыс елдерінің, оның ішінде Кувейттің азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосатын үлесіне арналған бірлескен сараптамалық іс-шараны өткізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар ынтымақтастықты дамытуға, сараптамалық диалогты жалғастыруға және бейінді ведомстволар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын пысықтауға өзара мүдделілік білдірді.
Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс экономика және қаржы орталығы (IMF CEF) - Кувейтте орналасқан экономикалық саясат пен қаржылық басқару саласында 22 араб мемлекетіне қолдау көрсететін аймақтық орталық. Орталық экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және өңір елдерінің институционалдық әлеуетін дамытуға ықпал ете отырып, оқытумен, тәжірибе алмасумен және сараптамалық қолдаумен айналысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 22:54 10721
Қазақстан - Таиланд: сараптамалық диалогқа жаңа серпін
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Король Праджадипок институтының (King Prajadhipok’s Institute, KPI) Бас хатшысы Иссара Сириваттханавутпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Институт Таиландтағы демократия, конституционализм, саяси үдерістер және тиімді мемлекеттік басқару салаларындағы зерттеулер бойынша жетекші ұлттық орталық болып табылады. Аталған мекеме ел мен провинциялар басшылығы үшін білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын белсенді жүзеге асырады, ғылыми зерттеулер мен консультациялық қызмет жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, парламенттік құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
Кездесу барысында тараптар мемлекеттік басқару, қоғамдық даму, парламентаризм және орталық мемлекеттік органдар (ОМО) мен жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) үшін кадр даярлау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Таиландтың бейінді ғылыми-білім беру және талдау құрылымдары арасында әріптестік байланыстар орнату мүмкіндіктерін талқылады.
Әңгіме барысында қазақ дипломаты Таиланд тарапына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде айқындалған саяси жаңғыртудың негізгі басымдықтары туралы жан-жақты баяндады. Елші реформалардың "Әділетті Қазақстанды" құруға, "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ Елші Мемлекет басшысының Конституциялық комиссия құру жөніндегі шешімін ерекше атап өтті. Бұл комиссия мемлекеттік құрылымды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде жинақтап, конституциялық өзгерістер пакетін әзірлеп, оны кейін жалпыұлттық референдумға шығаруды көздейді.
М.Баймұхан елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің қайтымсыз екенін және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді, ашық мемлекет қалыптастыруға, сондай-ақ орнықты демократиялық институттарды одан әрі дамытуға бағытталғанын ерекше подчеркеді.
Қазақстан Таиланд Корольдігінің бейінді институттарымен практикалық әрі мазмұнды ынтымақтастыққа ашық. Сарапшылар алмасу, бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламалары елдеріміздің кадрлық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қоса алады", - деді М. Баймұхан.
Өз кезегінде Бас хатшы И. Сириваттханавут Қазақстанның ғылыми-білім беру және талдау ұйымдарымен әріптестік байланыстар орнатуға қызығушылық білдіріп, салыстырмалы зерттеулер жүргізу, парламенттік қызмет тәжірибесімен алмасу, демократия институттарын дамыту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бағыттарында ынтымақтастық үшін әлеуеттің жоғары екенін атап өтті.
Тараптар бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу, сарапшылар мен білім беру бағдарламалары тыңдаушыларын алмастыру, сондай-ақ ортақ зерттеу жобаларын іске асыру сияқты ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша KPI Бас хатшысының Қазақстанға сапарын пысықтау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сапар аясында мемлекеттік органдармен, ғылыми-білім беру және талдау құрылымдарымен мазмұнды кездесулер өткізу, сондай-ақ практикалық өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындау көзделеді.
Королі Праджадипок институты (King Prajadhipok’s Institute, KPI) Таиландтағы демократиялық даму, парламентаризм және заманауи мемлекеттік басқару саласындағы негізгі ұлттық орталықтардың бірі. Институт Парламент пен мемлекеттік органдар үшін жетекші сараптамалық-талдамалық және білім беру алаңы рөлін атқарады, қолданбалы зерттеулерді, ұсынымдар әзірлеуді және кадр даярлауды ұштастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 21:49 10951
Қазақстан мен халықаралық діни ұйымдар Африка одағы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі, Қазақстанның Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев "Біріккен діндер бастамасы" (URI) халықаралық ұйымының Африка бойынша Өңірлік директоры, Африка одағы мен БҰҰ-ның Африкадағы бөлімшесі жанындағы өкілі Елші Мусси Хайлумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда ұсынған негізгі бастамалары талқыланды. Қазақстанның заң шығарушы билік тармағын трансформациялауды, Вице-президент лауазымын енгізуді және ұлттық-азаматтық бірегейлікті нығайтуды көздейтін жаңа саяси модельге көшуіне ерекше назар аударылды.
М.Хайлу Қазақстанның "рухани дипломатияны" дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның қағидаттары "Біріккен діндер бастамасының" миссиясымен толық үндесетінін атап өтті.
Сұхбат барысында Өңірлік директор Қазақстан Президентінің бастамаларына қатысты шолуын ұсынып, түрлі халықаралық платформаларда, соның ішінде Африка одағы аясында бірлескен іс-шаралар өткізу перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, тараптар 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің қорытындыларына, Астана декларациясының қағидаттарын ілгерілетуге және конфессияаралық ынтымақтастықтың алдағы жоспарларына тоқталды.
Кездесу соңында Ж.Әділбаев Қазақстан үйлесімді халықаралық қоғамдастық құруға ықпал ете отырып, мәдениеттер мен діндерді жақындастыру бағытындағы белсенді жұмысын жалғастыра беретінін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 20:38 2766
Қазақстан Ауғанстанмен ынтымақтастық бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуде
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Ауғанстанмен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-премьер атап өткендей, жұмыс тобы ауған бағытындағы келісілген жүйелі жұмысты қамтамасыз ету үшін құрылған. Ауған тарапымен ағымдағы өзара іс-қимыл мәселесін үйлестіру жұмыс тобы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, ҚР СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Тұқымовқа жүктелді.
Серік Жұманғарин Мемлекет басшысы көлік дәлізін дамыту, өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық іс-қимыл бойынша нақты міндет қойғанын атап өтті. Бұл ретте ағымдағы қарқынды жұмыс ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуді, бастамаларды неғұрлым терең пысықтауды талап етеді. Жұмыс тобының негізгі міндеті - біртұтас жүйелі тәсілді қалыптастырып, артық бюрократиялық рәсімдерді қысқарту. Ауғанстанмен ынтымақтастық барынша толық көлемде пайдаланылмай жатқаны атап өтілді. Жұмыс тобы бірыңғай келіссөз алаңына айналып, мәселелерді жедел шешуі тиіс.
Отырыс барысында көлік және логистика, энергетика, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы өзара іс-қимыл перспективасы, сондай-ақ тау-кен металлургия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. 2025 жылы Ауғанстанға екі рет гуманитарлық көмек көрсетілген. Соңғы бес жылдағы жеткізген жүктердің жалпы көлемі - 6,4 млрд теңге.
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов жоспарлы режимде жүзеге асырылып жатқан Ауғанстан аумағы арқылы өтетін "Тургунди - Герат - Қандағар - Спин - Болдак" теміржол құрылысы жобасының (CASA) барысы туралы хабардар етті. Қазақстандық тарап БАӘ-нің Энергетика және инфрақұрылым министрлігіне үшжақты меморандум жобасын әзірлеп, жолдаған. Оған биыл ақпанда қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ Пәкістан теміржол министрлігімен жекелей меморандумға қол қою пысықталуда. Пәкістан жағы ұсынылған маршрутты қолдайды.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қазіргі уақытта Қазақстанның 34 жоғары оқу орнында 610 ауған студенті білім алып жатқанын хабарлады. Қазіргі меморандум бойынша жыл сайын 30 білім беру гранты бөлінеді. Квотаны жылына 60 грантқа көбейту жайы қарастырылуда.
Отырыс соңында Серік Жұманғарин ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысын тұрақты етіп, оның отырысын тоқсан сайын өткізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 20:28 11516
Норвегияда Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Осло қаласында "Doing business in Kazakhstan" атты бизнес-семинар өтті. Іс-шара Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі тарапынан Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы (EAST Chamber of Commerce and Industry of Norway) мен Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының (Confederation of Norwegian Enterprise - Næringslivets Hovedorganisasjon, NHO) қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада қазақ тарапынан Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, ал норвег тарапынан Норвегияның Қазақстандағы Елшісі Хелен Санд Андресен, "EAST CCI of Norway" директорлар кеңесінің төрағасы Ронни Солберг және Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының халықаралық департаментінің аға кеңесшісі Катарина Сетерсдаль сөз сөйледі.
Семинарға Норвегия Сыртқы істер министрлігінің, Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының, Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасының, Норвегияның экспорттық қаржыландыру агенттігінің (EKSFIN), түрлі саладағы норвегиялық компаниялардың, сондай-ақ Норвегияда аккредиттелген шет мемлекеттердің Елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында конференцияға қатысушылар соңғы екі жылда Қазақстан мен Норвегия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жандануын оң бағалады.
Норвегиялық семинар қатысушылары Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетінің таныстырылымын жоғары бағалады және "нетворкинг" аясында бірқатар бірлескен әлеуетті жобаларды іске асыруға бастама көтерді.
Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі келесі қадамдар туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, оның ішінде 2026 ж. мамыр айында Астана қаласында Іскерлік кеңесінің II отырысын өткізу көзделіп отыр.
Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы (EAST Chamber of Commerce and Industry of Norway "Østhandelskammeret") - Норвегия мен Қара теңіз және Каспий өңірі елдері арасындағы халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған коммерциялық емес ұйым.
Норвегия кәсіпорындары конфедерациясы (Confederation of Norwegian Enterprise - Næringslivets Hovedorganisasjon, NHO) - Норвегиядағы жұмыс берушілер мен бизнес өкілдерінің ең ірі ұйымы.
2024 ж. желтоқсанда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы ("EAST CCI of Norway") арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды.
2025 ж. сәуірде Осло қаласында Қазақстан-Норвегия қатынастары тарихында алғаш рет екіжақты Іскерлік кеңестің отырысы өтті.
2025 ж. мамырда соңғы жылдарда алғаш рет құрамында 11 адамнан тұратын норвегиялық ірі делегация Қазақстанға сапармен барды, сондай-ақ "Astana International Forum 2025" форумына қатысты.
Қазақстан мен Норвегия арасындағы тауар айналымы 2025 ж. қаңтар-қарашада 156,7 млн долл. құрды (экспорт 7,1 млн долл., импорт 149,6 млн долл.), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға жоғары (118,5 млн долл.).
2025 ж. желтоқсанда норвегиялық "Optimar" компаниясы аквамәдениет саласында ірі келісімшартқа қол қойып, Қазақстандағы жаңа балық өсіру жобасына арналған жабдықтарды жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 19:28 8226
Қазақстан мен Кувейт цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеевтің Кувейттің Коммуникациялар және ақпараттық технологиялар саласындағы реттеу басқармасының (CITRA) төрағасы Халед Әл-Замельмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті, электрондық үкіметті және цифрлық мемлекеттік сервистерді дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасындағы цифрлық трансформацияның басымдықтары, электрондық үкіметтің экожүйесін дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект және "ақылды" технологиялар саласындағы ұлттық бастамалар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, CITRA басшылығы қазақстандық тәжірибені зерделеуге және аталған бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды жолға қоюға қызығушылық білдірді.
Тараптар а.ж. 4-5 ақпанында Кувейтте өтетін Цифрлық ынтымақтастық ұйымының (Digital Cooperation Organization) 5-ші Бас Ассамблеясы шеңберіндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сараптамалық тәжірибе алмасуға және цифрлық экономика саласындағы әріптестікті дамытуға өзара мүдделілікті растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.01.2026, 11:37Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды 29.01.2026, 12:40 8426Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы іскер топтарының өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды29.01.2026, 09:16 3661Роман Скляр "Шеврон" корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорымен кездесу өткізді29.01.2026, 15:19 3416Үкімет барлық салада инвесторлармен сындарлы диалог орнатуға әзір - Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді29.01.2026, 13:23 3121Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
27.01.2026, 16:57 70431Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады27.01.2026, 11:55 69706Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады27.01.2026, 09:48 60406Астанада көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған салтанатты жиын өтті26.01.2026, 21:46 51711Ыстанбұлда Қазақстанның инвестициялық, экспорттық және туристік әлеуеті таныстырылды26.01.2026, 20:38 45436Қазақстан мен Түркия медиасаладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті
21.01.2026, 10:52 216341Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216296Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2149062025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді20.01.2026, 22:18 212781Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті20.01.2026, 18:14 208341Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады

