08.05.2026, 13:13 11
Қазақстанның жаһандық бастамалары мен конституциялық реформалары Грекияда таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Афина қаласындағы "Webster" университетінде "Өзгермелі жаһандық тәртіптегі Қазақстан орта держава ретінде" тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара жаһандық өзгерістер жағдайында тұрақты даму моделін қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның негізгі тәсілдерін, оның ішінде халықаралық бастамаларды, маңызды конституциялық реформаларды және цифрлық трансформация саласындағы басымдықтарды таныстыру алаңына айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дәріс барысында Елші көпжақты ынтымақтастық тетіктері арқылы халықаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның ұстанымдарын баяндады. Ядролық қарусыздану, таратпау және жаһандық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне, сондай-ақ осы бағыттағы Қазақстан Республикасының бастамаларына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында халықаралық су күн тәртібін ілгерілету және Аралды құтқару халықаралық қоры қызметіне қатысу бойынша елдің күш-жігері атап өтілді.
Қазақстанның халықаралық диалог алаңдарын дамытуға қосқан үлесі, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуға бағытталған бастамалар ерекше атап өтілді. Елші өз сөзінде Қазақстанның тұрақты даму негізі ретінде халықаралық ынтымақтастық пен диалогты дәйекті түрде ілгерілететінін жеткізді.
Дәрістің маңызды бөлігі саяси жаңғырту мәселелеріне арналды. Жаңа Конституцияны қабылдау мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуге бағытталғаны, бұл мемлекеттің одан әрі дамуы үшін институционалдық негіз қалыптастыратыны атап өтілді.
Цифрлық трансформация мәселелеріне де жеке тоқталды. Жасанды интеллектті дамыту, заманауи инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы Қазақстанның қадамдары айтылды. Осы контексте инновациялық экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған "Born Bold" бастамасы да аталды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Ол Орталық Азия мен Еуропа арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызды элементі ретінде қарастырылды. Білім беру, ғылым және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.05.2026, 10:20 134311
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұнына айрықша мән берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық танытқан Владимир Путинге алғыс айтып, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады.
- Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сізбен Мәскеуде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл "көзіміз жасқа толып" қарсы алатын мереке. Өйткені адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста опат болған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Кеңес өкіметі Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан алпауыт ел болып шықты. Біріккен Ұлттар ұйымын құрушылардың біріне айналды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерлерімізді ардақ тұтамыз. Қазақстанда соғысқа қатысқан көзі тірі 57 майдангер қалды, - деді Мемлекет басшысы.
Президент екі елдің сан қырлы ықпалдастығы жыл өткен сайын артып, барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
- Елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа келер болсақ, Сіздің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарыңызға қызу дайындалып жатырмыз. Соңғы бес жылдың қорытындысы бойынша, Ресей - қазақ экономикасының ең басты инвесторларының бірі. Сауда-саттық та табысты дамып келеді. Алдын ала болжамға сәйкес, биыл тауар айналымы 30 миллиард доллар межесінен асып түседі. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Екі елдің білім беру саласындағы гуманитарлық байланыстарына айрықша тоқталсақ, "Сириус" мектептері Астана, Алматы және басқа да қалаларда ашылып, жұмыс істей бастады. Туризм де өте маңызды бағыт. Былтыр Қазақстанға саяхаттап келген туристердің саны жағынан Ресей бірінші орынға шықты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті саммиті табысты өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары саяси және тарихи тұрғыдан маңызды уақиға болатынына назар аударды.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын жеткізді.
- Шын мәнінде, бұл қос халық пен біз үшін ең басты мереке деуге болады. Сіздің Мәскеуге келуге уақыт тауып, осы күндері бізбен бірге болғаныңыз Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қандай деңгейде екенін нақты көрсетеді. Мұның барлығы, көп жағдайда Сіздің мемлекетаралық байланыстардың дамуына қосқан үлесіңіздің арқасында жүзеге асып жатыр, - деді Ресей Президенті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 11:10 136
Қазақстан мен Әзербайжан "ТурАн" атты бірлескен туроператорды іске қосты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бакуда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған "ТурАн" (TourAN) бірлескен қазақ-әзербайжан туроператорының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жобаның бастамашылары - туристік нарықта тәжірибесі мол және халықаралық жобаларды жүзеге асырып жүрген Discover Jetisu (Қазақстан) және Smile Azerbaijan Tour LLC (Әзербайжан) компаниялары. Тиісті құжаттарға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің ғимаратында қол қойылды.
Жаңа туроператордың жарғылық капиталы 100 мың АҚШ долларын құрап, тараптар арасында тең бөлінді. Компанияның қызметі экотуризмді, мәдени және гастрономиялық турларды, сондай-ақ медициналық және іскерлік туризмді қоса алғанда, туристік қызметтердің кең ауқымын қамтиды.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел бірыңғай туроператор құру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің біртұтас туристік бағыт ретінде халықаралық тартымдылығын арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары өзара туристік алмасудың оң динамикасы байқалуда, ал мұндай бастамаларды іске асыру туристер ағынын одан әрі арттыруға септігін тигізеді.
Дипломат 2024-2025 жылдары Қазақстанның Бакудағы Елшілігі салалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған екі қазақ-әзербайжан туристік форумын ұйымдастырғанын еске салды. Үшінші форумды биыл Түркістанда өткізу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжан арасында дамыған әуе қатынасы бар. Тікелей рейстерді Air Astana, FlyArystan және Azerbaijan Airlines әуе компаниялары Баку - Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент бағыттары бойынша орындайды. Аптасына 30-дан астам рейс жүзеге асырылады.
ТурАн"-ның іске қосылуы екі елдің туристік саласын дамытудағы маңызды қадам болып, инвестициялық белсенділіктің артуына және халықаралық нарықтарда бірлескен туристік өнімдердің қалыптасуына ықпал етеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 10:08 206
Колумбия университетінде Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Колумбия университетінде пластикалық қалдықтарды азайту, дөңгелек экономиканы дамыту және Қазақстанның экологиялық міндеттемелері мен экономикалық басымдықтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету саласындағы практикалық шешімдерді іздеуге арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны Колумбия университетінің профессоры Бейжан Ян, ҚР Мұнай-газ химиясы қауымдастығының атқарушы директоры Гайни Сейтенова және Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының меңгерушісі профессор Эльдар Көпішевтің академиялық қолдауымен қазақстандық студенттер ұйымдастырды. Пікірталас академиялық қауымдастық өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктірді.
Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында өткен RES 2026 Өңірлік экологиялық саммитінің қорытындылары және оның нәтижесінде қабылданған "Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы" декларациясы болды. Аталған құжат өңір елдерінің тұрақты даму, пластик ластанумен күрес, қалдықтарды басқару және халықаралық алаңдарда үйлестірілген экологиялық күн тәртібін ілгерілету салаларында бірлескен іс-қимылға дайын екенін бекітті.
Қатысушылар Қазақстан экономикасының құрылымын ескеретін теңгерімді тәсілдің маңыздылығына ерекше назар аударды, онда мұнай-химия секторы өнеркәсіптік және инвестициялық дамудың маңызды элементі болып қала береді.
Қатысушыларға Колумбия университетінің (Columbia Climate School) климат мектебінің деканы Алексис Абрамсон және ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тлеулин өз сөздерімен жүгінді.
Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит Орталық Азия елдерінің экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін айқын көрсетті. RES 2026 декларациясы өңір мемлекеттерінің тұрақты даму мәселелеріне, оның ішінде пластик ластанумен күрес, айналмалы экономиканы дамыту және практикалық экологиялық шешімдерді ілгерілетуге қатысты ортақ ұстанымын бекітті. Бүгінде бұл уағдаластықтардың тек саяси диалог деңгейінде ғана емес, мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы нақты өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылуы аса маңызды", - деп атап өтті Р.Тлеулин.
Сараптамалық талқылау барысында профессор Бейжан Ян RES 2026 декларативті Экологиялық күн тәртібінен қолданбалы шешімдерге көшу үшін маңызды бағдар бергенін атап өтті. Оның айтуынша, Астанадағы саммиттің қорытындысы экологиялық тұрақтылықты экономикалық тұрақтылықпен, технологиялық дамумен және өнеркәсіптік саясатпен тығыз байланыста қарастыру керектігін растады.
Г. Сейтенова Қазақстанда пластик қалдықтарын басқаруға жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті. Бұл ретте реттеуді жетілдіру, қайта өңдеу қуаттарын дамыту және айналмалы экономика саласында технологиялық шешімдерді енгізу маңызды.
Қатысушылар RES 2026 шеңберінде қол жеткізілген келісімдерді практикалық тұрғыда іске асыру өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, Орталық Азияның тұрақты әрі экономикалық тұрғыдан теңгерімді даму моделіне көшуіне жаңа серпін беретінін атап өтті.
Колумбия университеті - Айви Лигасына кіретін және ғылымның, экономиканың және халықаралық саясаттың дамуына елеулі үлес қосатын АҚШ-тың жетекші әлемдік зерттеу және білім беру орталықтарының бірі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 09:57 286
Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары Лондонда талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Лондонда жақында Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің (ӨЭС - 2026) қорытындыларына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, іскерлік және сарапшылық қауымдастық мүшелері, британдық тілшілер, сондай-ақ Саммитке Ұлыбританиядан қатысқан делегаттар қатысты. Қатысушылар Астанада қол жеткізілген нәтижелерге баға беріп, "жасыл" экономика, су қауіпсіздігі және орнықты даму бағыттарында Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Іс-шараны ашқан Ұлыбритания-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудман Саммиттің маңыздылығына тоқталды. "Бұл Саммит - 11 мемлекеттің басшыларын, халықаралық ұйымдарды, қаржы институттарын, бизнес өкілдерін, ғылыми қауымдастық пен азаматтық қоғамды біріктірген айтулы оқиға болды. Оның басты нәтижелерінің бірі - Орталық Азия мемлекеттері басшыларының "Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы" атты бірлескен декларацияны қабылдауы, бұл өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге ортақ ниетті растады", - деді Р.Гудман.
Сонымен қатар ол Ұлыбритания тарапынан Саммитке жоғары қызығушылық болғанын атап өтті. "Ричмонд герцогы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен Саммит қатысушыларына арнайы хат жолдап, Өңірлік экологиялық күн тәртібінің маңыздылығын және халықаралық әріптестіктің рөлін ерекше атап өтті. Хатта су ресурстарының аса құнды екені, оны ұтымды басқару болашақ ұрпақтың әл-ауқаты мен тұрақтылығының кепілі болатыны айтылды. Осы тұрғыда Астанада Халықаралық су ұйымын құру бастамасына ерекше көңіл бөлінуі зор үміт ұялатады", - деді ол.
Қонақтарды қарсы алған Қазақстанның Ұлыбританиядағы уақытша сенімді өкілі Руслан Қарабулов Саммиттің ауқымы мен қатысушылардың белсенділігі жоғары болғанына назар аударды. Үш күн ішінде 58 сессия өткізіліп, оның 21-і жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ал жалпы қатысушылар саны 8 мыңнан асты. Талқылауларға БҰҰ мен жетекші халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, соның ішінде ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, Азия даму банкі, ЕҚДБ және Дүниежүзілік банк қатысты.
Сонымен қатар, Саммит аясында ауқымды бастамалар мен инвестициялық келісімдер пакеті жарияланды: жалпы құны 2 млрд доллардан асатын 30-дан астам өңірлік экологиялық жоба, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері, қалдықтарды басқару және тұрақты өнеркәсіптік даму салаларындағы 2,3 млрд долл. асатын қосымша келісімдер қабылданды.
Саммитке қатысқан Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің климат жөніндегі өңірлік кеңесшісі Ундала Алам өз әсерімен бөлісіп, Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалады. Ол екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін бірқатар бағыттарды атап өтті. Атап айтқанда, экологиялық тұрақтылық, биоалуантүрлілікті сақтау, регенеративті ауыл шаруашылығын дамыту, көміртек нарығын жетілдіру, экологиялық қауіпсіздік саласындағы құқықтық базаны нығайту, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін дамыту және жылу энергетикасы секторын реформалау. Оның айтуынша, Ұлыбритания осы бағыттар бойынша Қазақстанмен диалогты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және "жасыл" технологияларды енгізуге мүдделі.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің энергетикалық трансформация бағытының жетекшісі Кристиан Карраретто Саммит аясында Қазақстанның энергетикалық ауысу инвестициялық платформасы - "QaJET" құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады. "2035 жылға дейін кемінде 10 ГВт жаңартылатын энергия қуатын іске қосу, шамамен 20 млрд. долл. инвестиция тарту және жыл сайын 20 млн. тоннадан астам шығарындыларды қысқарту жоспарлануда", - деді ол.
Британдық тележүргізуші әрі ӨЭС сессияларының модераторы Шарлотта Кан Қазақстанның климаттық дипломатиядағы көшбасшылығын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Саммит қазіргі көпполярлы әлем жағдайында Орта державалардың қаншалықты маңызды рөл атқара алатынын көрсетті.
Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, сондай-ақ Үстірт жазығындағы Орта Азия тасбақасы мен өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтау маңызын баяндайтын "Тасбақа" деректі фильмі көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Саммиттің тек пікір алмасу алаңы ғана емес, нақты іс-қимылдарға бастайтын маңызды қадам болғанын атап өтті. Ол өңірдегі әріптестікті нығайтуға және Орталық Азия үшін үйлестірілген, болашаққа бағдарланған экологиялық күн тәртібін қалыптастыруға негіз қалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2026, 18:55 170911
Қазақстан мен Черногория цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Достарға айту
Қазақстанның Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногорияның Мемлекеттік басқару министрі Мараш Дукаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар цифрлық трансформация саласындағы қазақстандық-черногориялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде мемлекеттік басқару, GovTech, мемлекеттік қызметті жаңғырту және жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады.
Черногория тарапына Қазақстанның цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесі, оның ішінде E-Qyzmet жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау жөніндегі тәсілдері таныстырылды.
Тараптар аталған бағыттар бойынша тәжірибе алмасу, сарапшылық байланыстарды дамыту және шарттық-құқықтық базаны нығайту арқылы өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті.
Министр Мараш Дукай Қазақстанмен цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және белгіленген бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2026, 17:53 171341
Қазақстан мен Таиландтың солтүстік-шығыс өңірлері өнеркәсіп және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Достарға айту
Таиланд Корольдігінің көлік дәліздерін зерделеу мақсатында солтүстік-шығыс өңірлерге жұмыс сапары аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Удон Тани провинциясы және Нонгкхай провинциясы аймақтарында бірқатар кездесулер мен танысу сапарларын өткізді. Бұл іс-шаралар сауда, өнеркәсіп және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Удон Тани провинциясы сапары барысында қазақстандық дипломат өңір Губернаторы Рачан Сунхуамен кездесті. Кездесу барысында сауда, инвестициялар және гуманитарлық байланыстарды қамтитын өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Удон Тани Таиландтың солтүстік-шығысындағы өнеркәсіптік және логистикалық инфрақұрылымы дамыған экономикалық орталықтардың бірі екені атап өтілді.
Сапар бағдарламасы аясында Удон Тани провинциясының Өнеркәсіп федерациясы өкілдерімен кездесу өтіп, Қазақстан мен Таиландтың іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнату мүмкіндіктері қарастырылды.
М.Баймұхан Қазақстанның инвестициялық және экономикалық мүмкіндіктері, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені, өңдеуші өнеркәсіп, логистика және энергетика салаларындағы жобалар туралы таныстырылым жасады.
Қазақстан тарапы тай компанияларын бірлескен жобаларды іске асыруға тартуға, сондай-ақ индустриялық өндіріс пен технология трансфері салаларындағы кооперацияны дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Удон Тани провинциясының индустриялық аймағы мен өңірлік логистикалық орталығы таныстырылып, өндірістерді орналастыру және қойма инфрақұрылымын ұйымдастыру мүмкіндіктері көрсетілді. Тараптар қазақстандық компаниялардың өңірлік жеткізу тізбектеріне қатысуы және Таиландтың логистикалық әлеуетін Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығу үшін пайдалану перспективаларын талқылады.
Нонгкхай провинциясы аясындағы сапар барысында Кеден басқармасында кездесу өтіп, онда қолданыстағы кедендік рәсімдер, трансшекаралық сауданы реттеу және Таиланд-Лаос шекарасындағы маңызды өткізу бекеттерінің бірінің қызметі таныстырылды. Тараптар логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сауда рәсімдерін жеңілдету және Оңтүстік-Шығыс Азияны Орталық Азиямен байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективаларын талқылады.
Аймақтың Үлкен Меконг субөңіріндегі маңызды транзиттік хаб ретіндегі әлеуетіне, сондай-ақ мультимодальды тасымалдарды дамыту және Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы байланыстарды нығайту үшін инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айының соңына жоспарланған Қазақстан-Таиланд бизнес-форумына
Удон Тани провинциясының бизнес-делегациясының қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді.
Удон Тани провинциясы мен Нонгкхай провинциясы Таиландтың солтүстік-шығысындағы (Исан өңірі) негізгі экономикалық орталықтардың бірі болып табылады. Экономикасы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және логистикаға бағытталған.
Удон Тани провинциясының жалпы өңірлік өнімі шамамен 110-115 млрд батты (шамамен 3 млрд АҚШ доллары), халқы шамамен 1,5 млн адамды құрайды. Өңірде халықаралық әуежай, индустриялық аймақтар мен логистикалық орталықтарды қамтитын дамыған көлік инфрақұрылымы бар және өңірлік жеткізу тізбектерінде маңызды рөл атқарады.
Нонгкхай провинциясының халқы шамамен 500 мың адамды құрайды, жалпы өңірлік өнімі 40-45 млрд бат (шамамен 1-1,2 млрд АҚШ доллары) деңгейінде. Өңір Лаоспен шекарада стратегиялық орналасқан және Үлкен Меконг субөңіріндегі трансшекаралық сауданың маңызды тораптарының бірі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2026, 16:43 170731
Қазақстан Мекке мен Мәдинадағы қажылар үшін мәдени мүмкіндіктерді кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Меккедегі Абрадж әл-Бейт кешенінде (Сағат мұнарасы) орналасқан Пайғамбардың өмірбаяны және ислам өркениеті халықаралық мұражайына зиярат етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мұражайдың эксклюзивті оператор болып табылатын Al-Salam Company (ASC) компаниясының Бас менеджері Файез Кансардың қатысуымен өткен кездесу барысында мәдениет, ағарту және туризм салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Бұл бағыттар қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына баратын Қазақстан азаматтары үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейді.
Бас консул бұған дейін Дүниежүзілік мұсылман лигасының басшылығымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қатысуымен, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында Орталық Азиядағы алғашқы Пайғамбар мұражайын ашу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, Файез Кансара аталған бастаманы жоғары бағалап, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жолға қою және нығайтуға дайындығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Мұражайдың эксклюзивті операторы болып табылатын Al-Salam Company (ASC) компаниясы мен Қазақстан Республикасының Бас консулдығы арасында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Рәсім барысында Файез Кансара Қазақстан Республикасының мұражайдың осындай келісімге қол қойған алғашқы шет мемлекет болғанын ерекше атап өтті.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтары үшін арнайы жеңілдік бағдарламасын енгізу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл бағдарлама Пайғамбардың өмірбаяны және ислам өркениеті халықаралық мұражайына кіру билеттеріне жеңілдік беруді көздейді. Аталған бастама Мекке мен Мәдина қалаларындағы мұражайдың филиалдарына да қолданылады және шектеулі мерзім ішінде жүзеге асырылады, одан кейін тараптардың қалауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға, бірлескен мәдени-ағартушылық бастамаларды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Корольдікке сапары барысында қызмет көрсету сапасын арттыру және мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында жұмыс тәртібіндегі үйлестіруді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2026, 15:52 179866
Қазақстан мен Молдова сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Экономикалық даму және цифрландыру министрі Евгений Осмокескумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған шаралар туралы ақпарат берді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде, Молдова тарапы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Осы тұрғыда тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 08.05.2026, 09:04 109896ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:26 66836Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 66601Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 66331Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
13.04.2026, 21:35 474611Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474521Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474481Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439781Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439296Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

