08.12.2025, 17:46 28161

Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы серіктестіктің басым бағыттары қарастырылды

Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы серіктестіктің басым бағыттары қарастырылды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Марек Эштокпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Жоғары және жоғарғы деңгейдегі іссапарларды ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті. Сонымен қатар, ү.ж. 10-11 маусымда Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоның Қазақстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде пікір алмасылды.

Словакия тарапы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Братиславада саяси консультациялар мен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны