05.12.2025, 19:42 11616

Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында

Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев осы елде аккредиттелген Азия өңірі мемлекеттері дипломатиялық өкілдерінің басшылары қатысқан іс-шара аясында Корольдіктің Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбареспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оның барысында испан сыртқы саяси ведомствосының басшысы жақын арада жарияланатын "Испанияның Азия стратегиясы" аясында Мадридтің Азия құрлығымен байланыстарды нығайтуға бейілділігін атап өтті. Аталған құжат алдағы кезеңге арналған өзара іс-қимылдың негізгі бағдарларын айқындайтын болады.

Азия-Тынық мұхиты елдері елшілері тобының (ASPAC) атынан және оның төрағасы ретінде сөз сөйлеген Д. Мұсаев Корольдіктің өңір мемлекеттерімен әріптестікті тереңдетуге деген ұмтылысын құптады. Ол өңіраралық өзара байланыстылықты нығайтудың өзектілігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге жоғары қызығушылық бар екенін жеткізді. Түрлі деңгейлердегі тұрақты өзара сапарлар мен екіжақты және көпжақты алаңдарда мазмұнды диалогты қолдаудың маңызына айрықша назар аударылды.

Осы тұрғыда стратегиялық сипаттағы қазақ-испан қатынастарының дәйекті дамуы атап өтіліп, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мұндай форматтағы кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны