05.12.2025, 22:59 88126

Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті

Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Вена қаласына сапары аясында Аустрия Республикасының Парламенті Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Cұхбат барысында қазақ-аустрия қарым-қатынастарының қазіргі күйі мен келешегі, Еуропалық одақпен серіктестікті тереңдету және ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Министр екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі кеңейту маңыздылығына назар аударды.

Аустрия тарапы Қазақстан мен ЕО арасындағы белсенді саяси диалогты және Астананың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.

Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастығын жандандыруға уағдаласып, тұрақты кездесулерді қолдауға ниет білдірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны