04.12.2025, 17:17 4306

Финляндия Қазақстандағы алдағы парламенттік реформаларға қолдау білдірді

Финляндия Қазақстандағы алдағы парламенттік реформаларға қолдау білдірді
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламентіндегі Достық тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жағдайы мен дамуының перспективаларын, соның ішінде қазақ-фин парламенттік ынтымақтастығын талқылады.

Казахстандық дипломат екіжақты күн тәртібінің басым бағыттары және 2025 жылғы 28-29 қазанда Астана қаласына Финляндия Республикасының Президенті Александр Стуббтың ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде хабардар етті.

Елші Қазақстанның сенімді қатынастар мен көпқырлы серіктестік аясындағы қарқынды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді екенін атап өтті.

Достық тобының жетекшісі Вилле Скинари Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларына қолдау білдіріп, Қазақстанда алдағы парламенттік реформаларды даярлау және іске асыру барысында парламентаризм бойынша тәжірибе алмасуға Финляндияның белсенді түрде қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны