11.05.2026, 19:16 1161
Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, - деді Президент.
Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды.
Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор.
Қазақстан Президенті мен Бразилия Сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады.
Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде өзара күш біріктірудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, БҰҰ және оның құрылымдарын реформалау жайы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом қуатын МАГАТЭ бақылауымен тек бейбіт мақсатта пайдалануға бейіл екенін растады. Кездесуде еліміз ядролық қаруды таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды. Сонымен қатар елімізде ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалануға қажетті инфрақұрылым, сарапшылық және ғылыми-техникалық база қалыптасқан. МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқан.
Мемлекет басшысы еліміз ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық проблематиканың шешілуіне септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті халықаралық уағдаластыққа қол жеткізіліп, аталған мәселе нақты іске ұласуы қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.05.2026, 11:55 351
Қазақстан мен Бразилия саяси диалог пен іскерлік байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси байланыстардың, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылдың және екі елге екіжақты, өңірлік әрі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты түрде пікір алмасуға мүмкіндік беретін саяси консультациялар тетігінің дәйекті дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Қазақстан Бразилияны Латын Америкасындағы негізгі әрі сенімді серіктес ретінде қарастырады. Бүгінгі келіссөздер ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілікті растады", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар 2025 жылы 295 млн АҚШ долларын құраған тауар айналымының оң серпінін атап өтіп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және инвестициялар салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін айтты.
Халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін көлік-логистикалық әлеуеттің стратегиялық маңызына да ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Бразилия тиісінше Еуразия мен Латын Америкасына өзара "қақпа" бола алады.
Халықаралық күн тәртібі аясында Қазақстан мен Бразилия халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге бейілділігін растады, сондай-ақ жаһандық климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.
Осы тұрғыда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымы аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ұсынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақстан-бразилиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екіжақты серіктестікті дамытуға жаңа серпін беруге сенім білдірді.
Сапар аясында екі елдің жетекші іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылып, оның барысында B2B және B2G форматтарындағы кездесулер өтті. Қатысушылар жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және цифрлық технологиялар секілді басым бағыттардағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша екі елдің Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында мал шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ мен "ApexBrasil" Экспортты дамыту агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 18:56 491
Италияда елдің солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті
Достарға айту
Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев Триест қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыста Италияның солтүстік өңірлерін азат ету кезінде қаза тапқан Югославия халық-азаттық армиясының тоғызыншы корпусы 30-шы дивизиясының 36 қазақстандық жауынгеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға жергілікті билік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Е.Сембаев іс-шараға қатысушыларды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бұл мерекенің адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста туған жерін қорғаған ата-бабаларымыздың өлмес ерлігінің символы екендігін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген қазақстандықтар өз еріктерімен майданға аттанып, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды.
Бүгін Триест қаласындағы ескерткіштің арқасында біз жеңіс үшін жан тапсырған сарбаздардың есімдерін мақтанышпен еске аламыз. Біздің жүздеген отандастарымыз өздерінің өлмес ерліктерімен Ұлы Жеңіс тарихына өз есімдерін мәңгілікке жазды. Триестті азат етуге қатысқан 36 қазақстандықтың және соғыстың басқа да батырларының есімдері біздің есімізде мәңгі сақталады", - деді Е.Сембаев.
Ескерткіш 2010 жылғы 25 сәуірде ашылған. Оның авторы қазақстандық мүсінші А.Құтанов. 2025 жылы ескерткіш Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Фриули-Венеция-Джулия аймағындағы Құрметті консулы Лука Беллинеллоның көмегімен қалпына келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 17:51 626
Қазақстан Псковта Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұлы жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері сапар жасады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Делегация мүшелері өңір басшылығымен, Псков облысы әкімшілігінің өкілдерімен, Псковтағы Сыртқы істер министрлігінің өкілімен және Санкт-Петербург әскери академияларында білім алып жатқан қазақстандық тыңдаушылармен бірге Монаково ауылындағы бауырластар зиратына барды. Рәсімге қатысушылар өңірді азат ету жолында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты іс-шаралар Новосокольники қаласында да өтті. Мұнда дипломаттар мен облыс өкілдері қазақ халқының аңызға айналған қаһарман қызы, мерген Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның өшпес ерлігіне тағзым етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 16:12 1381
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті "Прогрессивті Болгария" коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 15:47 801
Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Прагадағы Ольшан зиратында Қызыл армия жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломаттар сондай-ақ Праганы азат етуге қатысқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Олардың қатарында Кеңес Одағының Батыры, старшина Мәжіт Жүнісов, кіші сержант Талғат Зайнуллин, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Мұстафа Сапарбаев, Жолдас Әжімов, Байжан Нұржанов, Сайнулла Қайырғалиев және Зийнил Козин бар.
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Чехия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерленген орындарын анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда Чех Республикасының түрлі өңірлерінде жерленген 130 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 15:10 131
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңіс күніне орай өткен әскери шеруге барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери шеруді көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 14:45 2906
Қазақстан мен Грекия Ұлы Жеңіс туралы тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын атап өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Афинада грек қоғамдық-пікірталас клубы "Диалогос" ұйымдастырған Ұлы Жеңістің тарихи мұрасына арналған конференция өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин тарихи жадты сақтау, қоғамдық бірлікті нығайту және қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілету бойынша Қазақстанның ұстанымдарын таныстырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сөз сөйлеу барысында Ұлы Отан соғысының жады Қазақстан халқының тарихи санасында ерекше орын алатыны атап өтілді. Қазақстаннан Қызыл армия қатарына 1,2 миллионнан астам адам шақырылып, олардың 600 мыңы майданнан оралмады. Елші бұл сандардың тек қасірет ауқымын ғана емес, халықтың бейбітшілік пен бостандық жолында төлеген зор құнын да көрсететінін атап өтті.
Соғыс сабақтары адамзаттың ортақ сын-қатерлер алдында бірлікте болуы және қоғамдарды этникалық, ұлттық немесе идеологиялық белгілер бойынша бөлетін кез келген идеологияны қабылдамауы қажеттігін еске салады", - ҚР Елшісі атап өтті.
Конференция аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар да таныстырылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформалардың заң үстемдігі, адам құқықтарын құрметтеу, қоғамдық келісім мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген әділетті әрі инклюзивті мемлекет құруға бағытталғаны айтылды.
Конференция барысында халықаралық диалогты, өзара құрметті сақтау және жаһандық шиеленістің күшеюі жағдайында теңгерімді шешімдер іздеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:20 138136
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұнына айрықша мән берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық танытқан Владимир Путинге алғыс айтып, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады.
- Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сізбен Мәскеуде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл "көзіміз жасқа толып" қарсы алатын мереке. Өйткені адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста опат болған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Кеңес өкіметі Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан алпауыт ел болып шықты. Біріккен Ұлттар ұйымын құрушылардың біріне айналды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерлерімізді ардақ тұтамыз. Қазақстанда соғысқа қатысқан көзі тірі 57 майдангер қалды, - деді Мемлекет басшысы.
Президент екі елдің сан қырлы ықпалдастығы жыл өткен сайын артып, барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
- Елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа келер болсақ, Сіздің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарыңызға қызу дайындалып жатырмыз. Соңғы бес жылдың қорытындысы бойынша, Ресей - қазақ экономикасының ең басты инвесторларының бірі. Сауда-саттық та табысты дамып келеді. Алдын ала болжамға сәйкес, биыл тауар айналымы 30 миллиард доллар межесінен асып түседі. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Екі елдің білім беру саласындағы гуманитарлық байланыстарына айрықша тоқталсақ, "Сириус" мектептері Астана, Алматы және басқа да қалаларда ашылып, жұмыс істей бастады. Туризм де өте маңызды бағыт. Былтыр Қазақстанға саяхаттап келген туристердің саны жағынан Ресей бірінші орынға шықты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті саммиті табысты өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары саяси және тарихи тұрғыдан маңызды уақиға болатынына назар аударды.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын жеткізді.
- Шын мәнінде, бұл қос халық пен біз үшін ең басты мереке деуге болады. Сіздің Мәскеуге келуге уақыт тауып, осы күндері бізбен бірге болғаныңыз Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қандай деңгейде екенін нақты көрсетеді. Мұның барлығы, көп жағдайда Сіздің мемлекетаралық байланыстардың дамуына қосқан үлесіңіздің арқасында жүзеге асып жатыр, - деді Ресей Президенті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.05.2026, 09:51Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады
09.05.2026, 10:20 140256Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді08.05.2026, 09:04 112416ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:26 68991Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 68756Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 68486Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
13.04.2026, 21:35 474626Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474536Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474496Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439796Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439311Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

