04.12.2025, 20:04 26991
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестікті нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл қос тарапқа да пайдасын тигізе отырып, ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге жол ашты. Биыл Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің қабылданғанына 10 жыл толды. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастың өзегіне айналған бұл маңызды құжат сындарлы әрі болашаққа бағдарланған байланысты бекіте түседі. Президент Кошта мырза, өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге белсене атсалыстыңыз. Сіз - Қазақстанның сенімді досы және әлемдік деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Сіздің парасатты басшылығыңыз бен берік ұстанымыңыз, сындарлы диалог жүргізуге ниет танытуыңыз Еуропадағы бірлікті нығайтуда және әлемдегі барша серіктестермен мазмұнды ынтымақтастықты дамытуда маңызды факторға айналды, - деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестікті тереңдетуге Антониу Коштаның қосқан үлесін жоғары бағалады.
- Құрметті Президент мырза, Сізге І дәрежелі "Достық" орденін табыстау мен үшін зор мәртебе. Бұл жоғары награданы Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы берік достықтың жарқын белгісі, Сізге көрсетілген құрметіміз ретінде қабыл аласыз деп үміттенемін. Қазақстан мен ЕО арасындағы табысты серіктестіктің одан әрі дамып, достығымыздың беки беретініне сенімдімін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еуропалық Кеңес Президенті бұл марапатты Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы берік достық пен сан қырлы ынтымақтастықтың символы ретінде қабылдайтынын жеткізді.
- Бүгін көрсеткен құрметіңізге дән ризамын. Мұны сенім мен диалогты нығайтудың, тұрақтылықты, өркендеуді және ашықтықты қамтамасыз етуге ортақ ұмтылысымыздың көрінісі деп бағалаймын. Құрметті Президент мырза, халықтарымыз бен тұтас аймақтың игілігі үшін бірлескен жұмысты алдағы уақытта да белсенді түрде жалғастырамыз деп ойлаймын, - деді Антониу Кошта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.12.2025, 10:54 166
Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана Опера" театры Оман Сұлтандығындағы Маскат Корольдік опера театрында Лéo Делиб музыкасына қойылған Ролан Петидің әлемдік балет классикасының танымал туындысы - "Коппелия" балетін сахналады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Халықаралық гастрольдік тур аясында өткен қойылымдар "Астана Опера" ұжымының жоғары кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігін айқын көрсетті. Спектакльдер омандық көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырып, 2025-2026 маусымындағы Маскат Корольдік опера театрының маңызды мәдени оқиғаларының бірі ретінде танылды.
Көрермендер жетекші солистердің мінсіз техникасымен және нәзік актерлік интерпретациясымен ерекшеленген виртуоздық орындауын, сондай-ақ заманауи режиссерлік шешімдер мен классикалық балет дәстүрлерінің үйлесімді сабақтастығын ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, "Астана Опера" оркестрінің жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі, музыкалық дәлдігі мен көркемдік сезімталдығы қойылымның жалпы көркемдік әсерін айрықша күшейте түсті. Шығармашылық топтың кәсібилігі қойылымның жоғары көркемдік деңгеймен және әсерлі сахналық бейнелеумен ерекшеленуіне мүмкіндік берді.
Бұл қойылым Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып, гуманитарлық саладағы екіжақты байланыстардың одан әрі дамуына және өнер саласындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерінің ашылуына жол ашты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 20:51 346
Қазақстан Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Дәулет Батырашев Черногория Президенті Яков Милатовичке сенім грамоталарын тапсырды. Сенім грамоталарын қабылдай отырып, Черногория басшысы Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы елдің маңызды серіктесі деп атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастың достық сипатын және тараптардың өзара іс-қимылдың барлық спектрінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысын ерекше айтты.
Саяси ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау аясында Я.Милатович келесі жылы Астанаға ресми сапармен баруға ниетін білдірді.
Черногория Президенті 2023 және 2025 жылдары БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиялары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесулері туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, Қазақстан халқына және Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.
Қазақ дипломаты сұхбаттасына Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, соның ішінде Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 19:58 26
ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі - СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Е.Тұқымовтың Ауғанстанға сапары өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстанмен сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға және бұл елді өңірлік үдерістерге тартуға ерекше, басымдық беруге қатысты тапсырмаларын іске асыру мақсатында және ҚР Сыртқы істер министрінің тапсырмасымен ҚР Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнаулы өкілі - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Тұқымов Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Е.Тұқымов Ауғанстан басшылығымен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізді. Олардың қатарында Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки, Балх провинциясының губернаторы Мохаммад Юсуф Вафа, Қоғамдық жұмыстар министрінің орынбасары Мохаммад Сахибзада және өзге де маңызды ведомстволардың өкілдері бар. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, көлік-логистика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ қауіпсіздік пен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ауған тарапы Қазақстанның гуманитарлық бастамасына - биылғы жылдың қараша айының соңында Ауғанстанда жұмыс істеген қазақстандық дәрігерлер бригадасының миссиясына ерекше алғысын білдірді. Қазақстандық медицина қызметкерлері жұмысы аясында көптеген пациенттерге білікті көмек көрсетіліп, жергілікті клиникалардың қызметін қолдауға мүмкіндік берілгені аталып өтті. Ауғанстан өкілдерінің айтуынша, дәрігерлер миссиясы достық пен әріптестіктің нақты көрінісі ғана емес, сонымен қатар Ауған қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға, медицина кадрлары мен ресурстарының тапшылығына байланысты туындайтын шиеленісті төмендетуге қосылған нақты үлес болды.
Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствосы мен салалық құрылымдарының басшыларымен өткен келіссөздер барысында Тургунди - Герат - Кандагар - Спин-Болдак темір жолын салу мәселесі талқыланды. Аталған жоба Ауғанстанның көлік интеграциясы мен өңірлік сауда ағымдарын кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие. Тараптар жобаның қазіргі дайындық барысы, техникалық параметрлері және іске асырудың жоспарланған кезеңдері жөнінде консультациялар өткізді. Темір жолдың солтүстік-оңтүстік дәлізі Ауғанстанның негізгі экономикалық орталықтарын Орталық және Оңтүстік Азияның логистикалық тораптарымен байланыстырып, сыртқы сауданы әртараптандыруға, халық табысының өсуіне және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға жағдай жасайтыны аталып өтті. Өз кезегінде ауған басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік өзара байланысты нығайту және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау саясатын Ауғанстанның тұрақтануы мен экономикалық жаңғыруына ықпал ететін маңызды фактор ретінде қабылдайтынын жеткізді.
Ауғанстанның Сыртқы істер министрі А.Муттаки Қазақстанды Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына нақты қолдау көрсетіп келе жатқан ең тұрақты әрі сенімді серіктестердің бірі деп атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің өңірлік өзара байланыстылықты арттыру және Ауғанстандағы гуманитарлық жобаларды қолдау жөніндегі бастамалары экономикалық қиындықтардың салдарын жұмсартуға, сауда ағымдарын кеңейтуге және халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.
Балх провинциясының губернаторы М.Ю.Вафа Қазақстанның Ауғанстандағы инфрақұрылымдық жобаларды, логистикалық бастамаларды қолдау және өмірлік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізу арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық ортасын жақсартуға маңызды үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ауғанстан өкілдері ұзақ мерзімді шешімдерге бағытталған сенімді серіктестің болуы елдің ішкі дамуының орнықты негіздерін қалыптастыру үшін аса маңызды екенін айтты.
Ауған ведомстволарының басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстандағы жағдайға жеке назар аударып отырғанына алғысын білдіріп, мұндай ұстаным өңірдегі мүдделер тепе-теңдігін сақтауға, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға және Қазақстанның тұрақтылық, бейбітшілік және даму жолындағы жауапты рөлін айқын көрсететінін атап өтті. Ауған тарабы Қазақстанның белсенді дипломатиясы мен практикалық қолдауы гуманитарлық құлдырау қаупін азайтуға, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және Ауғанстанда саяси диалог үшін қажетті кеңістікті сақтауға елеулі үлес қосып отырғанын жеткізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар аймақта бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған ортақ мүдделерді басшылыққа ала отырып, барлық негізгі бағыттар бойынша қарқынды диалогты жалғастыруға және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 18:45 216
Түрік бизнес өкілдері Қазақстандағы инвестицияларын ұлғайтуға ниетті екендерін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев және Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстанда қызмет атқаратын бірқатар түрік инвесторларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында кен өндіру саласында барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Eczacıbaşı Holding, Алматы облысында заманауи логистикалық орталықтың бірінші кезеңін жүзеге асырған LC Waikiki және осы өңірде кондитерлік өнімдердің өндірісі жобасын іске асырған Yıldız Holding, Шымкент қаласында 500 гектарлық өндірістік жылыжайдың бірінші кезеңін іске асырған Alarko Holding және Түркістан облысында белсенді биологиялық қоспаларды өндіру жобасын іске асырып жатқан Orzax İlaç компанияларының басшыларымен нәтижелі келлісөздер өткізілді.
Кездесу барысында аталған компаниялар Қазақстандағы жобалары жайында баяндап, инвесторлар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізді. Сонымен қатар, компания басшыларына Қазақстандағы инвестицияларын әртараптандыру бойынша нақты ұсыныстар жасалды.
Аталған компаниялармен жаңа жобалар пысықталуда. Атап айтқанда Қазақстанда тыңайтқыштар өндірісі, орта сегмент үшін санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісі және кіші маркет желісін ашу жобалары қарастырылуда. Сонымен бірге Түркияның ең ірі мемлекеттік банкі Ziraat Bank Бақарма Төрағасы Бурханеддин Танйери мырзамен кездесу барысында банктің Қазақстандағы бөлімшесі 1993 жылдан бері жұмыс атқаруда екенін айтып, бұдан әрі Қазақстандағы бөлімшелерінің қызмет сапасын арттыратындығын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 16:10 25791
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының және Владимир Путинмен жүргізген келіссөздердің табысты өткеніне баса назар аударып, оның нәтижесі жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарға айтарлықтай серпін бергеніне тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 15:46 19626
Бейжіңде қазақ тілін үйренушілер арасында байқау өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі Бейжіңдегі Қазақстанның мәдениет орталығында қазақ тілін үйренуші шетелдік студенттер арасында арасында 3-ші халықаралық байқау ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Байқауға Бейжің тіл және мәдениет, Далянь шет тілдер университеттерінің студенттері, Корея Республикасы, Жапония, Таиланд, Ресей және Қытайдан келген студенттер, сондай-ақ қызығушылық танытқан Қытай азаматтары қатысты. Қонақтар қатарында жергілікті академиялық, қазақ БАҚ өкілдері мен Қазақстандық студенттер болды.
Қатысушылар алдында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев құттықтау сөз сөйледі. Қытай тарапынан Бейжің шет тілдер университеті жанындағы Қазақстан зертеу орталығының басшысы Сун Фань және Далянь шет тілдер университетінің мұғалімі Лоу Йихуа сөз сөйледі.
Конкурстық бағдарлама аясында қатысушылар зияткерлік тапсырмаларды және шығармашылық қойылымдарды тамашалап, іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.
Конкурс қазақ тілі мен мәдениетін шетелде ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.
1 және 2 конкурстар Бейжің шет тілдер университетінде және Сиань шет тілдер университетінде 2023 және 2024 жылдары өткізілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 14:47 24676
Мәскеуде Брест қамалының қорғаушысы - қазақстандық туралы фильм ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мәскеудегі Жеңіс мұражайы жанындағы "Поклонка" кинотеатрында "Цитадель" деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фильм Брест қамалының қаһарман қорғаушысы Қасым Жарменов туралы баяндайды. Цитадельдің басқа қорғаушыларымен бірге ол 1941 жылы 22 маусымда алғашқы шабуылды қабылдады, соғыста тұтқынға алынып, нацистік концлагерьлердің бүкіл қасіретін бастан өткерді. Жау лагерінен қашып шығып, кейін 1945 жылдың мамырына дейін Чехословакиядағы партизандық қозғалыс қатарында болды. Соғыстан кейін Шымкентке оралып, мектеп мұғалімі болды.
80 жылдан кейін оның немересі Денис пен шөбересі Тимур ата-бабасы ерлік жасаған жерге барып қайтты. Олар Брест қамалының аумағынан бір уыс топырақ алып, Қасым Жарменовтың қабіріне апарды. Осы сапардың негізгі оқиғалары аталған фильмнің сюжет желісіне негіз болған.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев жауынгердің туыстарының жобаға қатысуын ұрпақтар байланысының ажырамастығының және Брест қамалы қорғаушыларының өлшеусіз ерлігінің айғағы деп атады. Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильм тарихи естелікті сақтауда және жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, майданда және тылда болған оқиғаларды тереңірек түсінуге көмектеседі, сарбаздардың батылдығы мен жанқиярлығын көрсетіп, тарихи шындықты ашуға және сол дәуірдің трагедиясы мен қаһармандығынан сабақ алуға мүмкіндік береді.
Жоба авторы, "Скайфест" кинокомпаниясының бас директоры Алексей Никулиннің айтуынша, "Цитадель" атауының қос мағынасы бар - қамал мен отбасы. "Батыр ата-бабасының ізімен жүріп өту біздің кейіпкерлеріміз үшін отбасы тарихын да, өздерін де тереңірек түсіну жолы болды. Фильм әкелер мен балалар арасындағы бітпейтін проблеманы қозғайды, және кейіпкерлер оны өз жолдарымен жеңеді", - деп сипаттады А.Никулин.
Художественная литература" баспасының бас редакторы Георгий Пряхин Бауыржан Момышұлының "Психология войны" және Ресей Бас штабының Әскери академиясының докторанты Әсет Аккузиновтың Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы "Плечом к плечу" атты жаңа жарық көрген кітаптарын ұсынды. Бұл кітаптар Елшіліктің қолдауымен жарық көрген. Сондай-ақ, Г.Пряхин жақын арада көрнекті қазақ жазушысы, майдангер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Курландия" романының шығатынын жариялады. "Бұл шығарма соғыстан кейін жазылған және орыс тілінде әлі шықпаған. Роман өте талантты жазылған нағыз лейтенант прозасы", - деп атап өтті Г.Пряхин.
Рәсім соңында оның жүргізушісі, танымал қазақстандық әнші Наргиз Жолымбетова "Бессмертный полк" әнін орындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 13:44 24911
Скопьеде Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған таныстырылым өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Скопье қаласының Мәдени-ақпараттық орталығында Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Елшілігі Тәуелсіздік күніне және Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналған таныстырылым шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға мәдениет, академиялық және іскерлік орта өкілдері, БАҚ, саясаткерлер, дипломаттар мен жұртшылық қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараның ерекше бөлімі Қазақстанның табиғи және мәдени көрікті жерлеріне арналған, ҚР Елшілігі алғаш рет ұсынған фотокөрме болды. Қонақтар назарына елдің көркем ландшафттары, заманауи сәулет нысандары және тарихи мұра объектілері ұсынылып, Қазақстан жерінің байлығы мен әсемдігін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.
Жарқын визуалды экспозициямен толықтырылған таныстырылым Қазақстанның қарқынды дамуын айқын көрсетіп, қатысушылардың екіжақты ынтымақтастық перспективалары туралы хабардарлығын арттырды.
Іс-шараның мәдени бағдарламасы қонақтарға қазақ дәстүрлерінің атмосферасына терең бойлауға мүмкіндік берді. Қазақ диаспорасы өкілдерінің домбырадағы халық күйлері, ұлттық билері және ұлттық тағамдардан дәм тату іс-шараның жарқын есте қаларлық сәттері боп, көпшіліктің жоғары бағасын алды.
Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың еліміздің тұрақты дамуы мен қазақстандық қоғамның тұрақтылығын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 10:54Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты нығайтуда
05.12.2025, 22:59 98711Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 93081Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 21:56 89576АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89326Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 19:42 84781Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
13.11.2025, 17:40 176866Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175541Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 152076Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146606Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146241Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

