31.10.2025, 20:25 102251

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
Сурет: Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысына биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны