11.12.2025, 20:09 15256

Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды

Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды
Сурет: gov.kz
Беларусь астанасында "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы туралы" тақырыпта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының жыл сайынғы консультациялары өтті. Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Әлішер Сүлейменов және СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры Ерлан Жетібаев қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы (бақылаушы ретінде), сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Достастық қызметінің ақпараттық сүйемелдеу тиімділігін арттыру, ТМД кеңістігінде өткізілетін маңызды халықаралық шараларға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Ортақ ақпараттық қатерлерге, соның ішінде ТМД медиакеңістігінде дезинформация мен фейктердің таралуына бірлесе қарсы тұрудың маңыздылығы аталып өтті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимыл жөніндегі келесі сімаралық консультациялары 2026 жылдың IV тоқсанында өткізіледі деп жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны