08.05.2026, 18:25 1151
Пәкістан Парламенті екіжақты қатынастардың дамуын оң бағалайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Парламенті Сенатының Спикері Сайд Юсуф Реза Гиланимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде саяси және парламенттік диалогты дамыту, аймақтық қауіпсіздік, сауда-экономикалық ынтымақтастық және аймақтық байланыстылықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында Сенат Спикері Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының дамуының динамикасын жоғары бағалады. С.Гилани Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарына ерекше назар аударып, оның тарихи маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Пәкістан тарапының екіжақты өзара әрекеттестікті әрі қарай кеңейту және нығайтуға ниет білдіргенін жеткізді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде аймақтық қауіпсіздік, аймақтық байланыстылық пен логистикалық маршруттарды дамыту мәселелері белгіленді. Осы контексте Спикер екіжақты сауданы кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол халық арасындағы байланыстарды (people-to-people), туризмді дамыту және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін айтты. Жалпы, екі ел арасындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі атап өтілді.
Парламенттік дипломатияның маңыздылығын атап өтіп, С.Гилани екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы институционалдық байланыстарды нығайту қажеттігін айтты. Ол жоғары деңгейдегі тұрақты алмасулардың, соның ішінде парламенттік достық топтары арқылы кездесулердің маңызды екенін атап өтті.
Өз тарапынан Елші Е.Қыстафин Сенат Спикеріне Қазақстан-Пәкістан екіжақты күн тәртібін ілгерілетуге көрсеткен жеке қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлады. Елші сондай-ақ Пәкістан Премьер-министрі Ш.Шарифтің Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың биыл Астанаға сапарына шақыруын қабылдағанын жеткізді. Осыған байланысты болашақ сапардың мазмұндық дайындығы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылды.
Елші сондай-ақ Үкіметаралық комиссия және бірлескен жұмыс топтары аясындағы жұмыс туралы баяндады. Парламентаралық ынтымақтастық туралы айта отырып, ол 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың сапарын, сондай-ақ Пәкістан Парламентін Қазақстанға шақыру туралы Қазақстан тарапынан жасалған ұсынысты еске салды.
Е.Қыстафин сонымен қатар 2026 жылғы 15 наурызда өткен конституциялық референдумның нәтижелері туралы хабарлап, елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған конституциялық реформаның негізгі бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, ол Вице-президент лауазымын енгізу және Қазақстан Парламентін екі палаталық жүйеден бір палаталық жүйеге реформалау жоспарлары туралы тоқталды.
Өз кезегінде Сенат Спикері С.Гилани Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саясатты жоғары бағалап, осы бастамаларды халықтың кең қолдауына ие екенін атап өтті.
Кездесудің соңында Спикер Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін әрі қарай қолдау көрсетіп, күш салуға ниетті екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.05.2026, 10:20 134686
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұнына айрықша мән берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті дәстүрлі қонақжайлық танытқан Владимир Путинге алғыс айтып, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады.
- Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сізбен Мәскеуде жүздескеніме қуаныштымын. Бұл "көзіміз жасқа толып" қарсы алатын мереке. Өйткені адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста опат болған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Кеңес өкіметі Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан алпауыт ел болып шықты. Біріккен Ұлттар ұйымын құрушылардың біріне айналды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерлерімізді ардақ тұтамыз. Қазақстанда соғысқа қатысқан көзі тірі 57 майдангер қалды, - деді Мемлекет басшысы.
Президент екі елдің сан қырлы ықпалдастығы жыл өткен сайын артып, барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
- Елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа келер болсақ, Сіздің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарыңызға қызу дайындалып жатырмыз. Соңғы бес жылдың қорытындысы бойынша, Ресей - қазақ экономикасының ең басты инвесторларының бірі. Сауда-саттық та табысты дамып келеді. Алдын ала болжамға сәйкес, биыл тауар айналымы 30 миллиард доллар межесінен асып түседі. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Екі елдің білім беру саласындағы гуманитарлық байланыстарына айрықша тоқталсақ, "Сириус" мектептері Астана, Алматы және басқа да қалаларда ашылып, жұмыс істей бастады. Туризм де өте маңызды бағыт. Былтыр Қазақстанға саяхаттап келген туристердің саны жағынан Ресей бірінші орынға шықты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті саммиті табысты өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары саяси және тарихи тұрғыдан маңызды уақиға болатынына назар аударды.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын жеткізді.
- Шын мәнінде, бұл қос халық пен біз үшін ең басты мереке деуге болады. Сіздің Мәскеуге келуге уақыт тауып, осы күндері бізбен бірге болғаныңыз Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қандай деңгейде екенін нақты көрсетеді. Мұның барлығы, көп жағдайда Сіздің мемлекетаралық байланыстардың дамуына қосқан үлесіңіздің арқасында жүзеге асып жатыр, - деді Ресей Президенті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 17:23 1341
Афинада қазақ-грек ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Грекия астанасында Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған "Қазақстан мен Грекия: тарихи ретроспектива және қазіргі ынтымақтастықтың бағыттары" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстан-Грекия ынтымақтастығын нығайту, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан заманауи реформалар, сондай-ақ этносаралық келісімнің елдің орнықты дамуының негізгі тетіктерінің бірі ретіндегі маңызы мәселелеріне арналды. Конференция барысында понтийлік гректердің Қазақстан мен Грекия арасындағы маңызды гуманитарлық көпір ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Конференцияға грек жұртшылығының өкілдері, грек диаспорасы бірлестіктерінің мүшелері, Грекияда тұратын қазақстандық отандастар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.
Бағдарламаның жеке бөлімі Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан негізгі реформаларға және олардың мемлекетті одан әрі дамытудағы маңызына шолу жасауға арналды.
Конференция ашық пікірталаспен қорытындыланып, оның барысында қатысушылар Қазақстан мен Грекия арасындағы гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 16:31 1551
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Корея Республикасында таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов бастаған қазақстандық делегацияның сапары аясында Корея Республикасының астанасында "Корея бизнесі үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Талқылауларға энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, қаржы және технология салаларын ұсынатын шамамен 50 жетекші кореялық компания қатысты.
Қазақстан Корея Республикасындағы Елшісі Әсет Исенәлі Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігінің үдемелі дамуын және Оңтүстік Корея бизнесінің Қазақстан экономикасына деген қызығушылығының артуда екенін атап өтті.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Орталық Азиядағы ең ірі экономика, маңызды көлік және логистикалық хаб және ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар үшін сенімді платформа ретіндегі Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына тоқталды.
Кореялық серіктестерге энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, көлік инфрақұрылымы, логистика және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ұсынылды. Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік бағыт ретінде маңыздылығы артып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын (орта дәліз) дамытуға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар Қазақстанның арнайы экономикалық және индустриялық аймақтары ұсынатын мүмкіндіктерге, инвесторларға арналған қазіргі үкіметтік қолдау шараларына және "бір терезе" қағидатына негізделген жобаларды қолдау тетіктеріне назар аударды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімдігінің, "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ, "KEGOC" АҚ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ, "Almaty Invest" және "Қорқыт Ата" АЭА басқару компаниясының өкілдері баяндамалар жасады. Баяндамаларда инфрақұрылымдық бастамалар, өндірісті оқшаулау жобалары және кореялық капиталмен жоғары технологиялық өндіріс жобаларын бірлесіп жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Іс-шара барысында "Alatau City" жобасы бөлек ұсынылды. Қазақстандық тарап заманауи қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін озық кореялық технологиялар мен инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін және жаңа даму орталығының индустриялық-инновациялық әлеуетін атап өтті.
Жобаның Қазақстан Республикасының қабылданған "Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы" Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді, ол бизнес жүргізу үшін ерекше жағдайларды, жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді және шетелдік инвесторлар үшін тұрақты және болжамды реттеуші ортаны қамтамасыз етеді. Талқылауларға "KIND", "Korea Eximbank", "Doosan Enerbility", "KNOC", "Shinhan Securities", "BNK Financial Group" және басқа да жетекші оңтүстік кореялық корпорациялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында қазіргі және әлеуетті инвесторлармен бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Тараптар нақты жобаларды, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 14:19 46
Мекленбург-Алдыңғы Померания федералдық жерінде Қазақстанның Құрметті консулдық ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мекленбург - Алдыңғы Померания федералдық жерінің ең ірі қаласы Ростокта Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Мекленбург Алдыңғы Померания федералдық жерінің экономика, инфрақұрылым, туризм және еңбек жөніндегі статс-хатшысы Йохен Шульте, Ішкі істер және құрылыс министрлігінің статс-хатшысы Ина-Мариа Ульбрих, Батыс Померания мен Шығыс Мекленбург бойынша парламенттік статс-хатшы Хайко Мирас, Росток қаласының обер-бургомистрі Ева-Мария Крёгер, сондай-ақ жергілікті саяси, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Нұрлан Онжанов екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, өңіраралық өзара іс-қимыл мен іскерлік байланыстардың артып келе жатқан рөліне назар аударды. Ол Құрметті консулдықтың ашылуы экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық және өңіраралық байланыстарды ілгерілетудің тиімді құралына айналатынына, сондай-ақ өңірде қазақстандық бизнестің қатысуын кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Статс-хатшы Й.Шульте Ростокта Құрметті консулдықтың ашылуы герман-қазақстан қатынастарын одан әрі нығайтудың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы әріптестіктің орнықты дамуын көрсетіп, өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге және іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында Росток қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Йоханн Киллингерге консулдық патент табысталды. Йоханн Киллингер "Buss Group GmbH" компаниясының басқарушы серіктесі болып табылады, сондай-ақ 2013 жылдан бері Гамбург федералдық жеріндегі Қазақстан Республикасының Құрметті консулы қызметін атқарып келеді. Ол өңірлік деңгейде қазақстан-герман гуманитарлық, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосты.
Бұл тағайындау Й.Киллингердің консулдық округін Мекленбург - Алдыңғы Померания, Гамбург және Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерлерін қамти отырып кеңейту аясында жүзеге асырылды. Құрметті консулдың қызметі (консулдық іс-әрекеттер жүргізілмейді) Мекленбург - Алдыңғы Померания, Гамбург және Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерлеріне таралатын болады.
Іс-шара қонақтары Құрметті консулдықтың бизнес, ғылым және мәдениет өкілдері арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналатынына, сондай-ақ Қазақстан мен Германия халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Салтанатты рәсімнің соңында қатысушылар бейресми түрде пікір алмасып, оның барысында одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары талқыланып, өңірлік деңгейде әріптестік байланыстарды дамыту бойынша нақты қадамдар айқындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 13:13 71
Қазақстанның жаһандық бастамалары мен конституциялық реформалары Грекияда таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Афина қаласындағы "Webster" университетінде "Өзгермелі жаһандық тәртіптегі Қазақстан орта держава ретінде" тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара жаһандық өзгерістер жағдайында тұрақты даму моделін қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның негізгі тәсілдерін, оның ішінде халықаралық бастамаларды, маңызды конституциялық реформаларды және цифрлық трансформация саласындағы басымдықтарды таныстыру алаңына айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дәріс барысында Елші көпжақты ынтымақтастық тетіктері арқылы халықаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның ұстанымдарын баяндады. Ядролық қарусыздану, таратпау және жаһандық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне, сондай-ақ осы бағыттағы Қазақстан Республикасының бастамаларына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында халықаралық су күн тәртібін ілгерілету және Аралды құтқару халықаралық қоры қызметіне қатысу бойынша елдің күш-жігері атап өтілді.
Қазақстанның халықаралық диалог алаңдарын дамытуға қосқан үлесі, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуға бағытталған бастамалар ерекше атап өтілді. Елші өз сөзінде Қазақстанның тұрақты даму негізі ретінде халықаралық ынтымақтастық пен диалогты дәйекті түрде ілгерілететінін жеткізді.
Дәрістің маңызды бөлігі саяси жаңғырту мәселелеріне арналды. Жаңа Конституцияны қабылдау мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуге бағытталғаны, бұл мемлекеттің одан әрі дамуы үшін институционалдық негіз қалыптастыратыны атап өтілді.
Цифрлық трансформация мәселелеріне де жеке тоқталды. Жасанды интеллектті дамыту, заманауи инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы Қазақстанның қадамдары айтылды. Осы контексте инновациялық экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған "Born Bold" бастамасы да аталды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Ол Орталық Азия мен Еуропа арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызды элементі ретінде қарастырылды. Білім беру, ғылым және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 11:10 216
Қазақстан мен Әзербайжан "ТурАн" атты бірлескен туроператорды іске қосты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бакуда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған "ТурАн" (TourAN) бірлескен қазақ-әзербайжан туроператорының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жобаның бастамашылары - туристік нарықта тәжірибесі мол және халықаралық жобаларды жүзеге асырып жүрген Discover Jetisu (Қазақстан) және Smile Azerbaijan Tour LLC (Әзербайжан) компаниялары. Тиісті құжаттарға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің ғимаратында қол қойылды.
Жаңа туроператордың жарғылық капиталы 100 мың АҚШ долларын құрап, тараптар арасында тең бөлінді. Компанияның қызметі экотуризмді, мәдени және гастрономиялық турларды, сондай-ақ медициналық және іскерлік туризмді қоса алғанда, туристік қызметтердің кең ауқымын қамтиды.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел бірыңғай туроператор құру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірдің біртұтас туристік бағыт ретінде халықаралық тартымдылығын арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары өзара туристік алмасудың оң динамикасы байқалуда, ал мұндай бастамаларды іске асыру туристер ағынын одан әрі арттыруға септігін тигізеді.
Дипломат 2024-2025 жылдары Қазақстанның Бакудағы Елшілігі салалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған екі қазақ-әзербайжан туристік форумын ұйымдастырғанын еске салды. Үшінші форумды биыл Түркістанда өткізу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжан арасында дамыған әуе қатынасы бар. Тікелей рейстерді Air Astana, FlyArystan және Azerbaijan Airlines әуе компаниялары Баку - Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент бағыттары бойынша орындайды. Аптасына 30-дан астам рейс жүзеге асырылады.
ТурАн"-ның іске қосылуы екі елдің туристік саласын дамытудағы маңызды қадам болып, инвестициялық белсенділіктің артуына және халықаралық нарықтарда бірлескен туристік өнімдердің қалыптасуына ықпал етеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 10:08 1291
Колумбия университетінде Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Колумбия университетінде пластикалық қалдықтарды азайту, дөңгелек экономиканы дамыту және Қазақстанның экологиялық міндеттемелері мен экономикалық басымдықтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету саласындағы практикалық шешімдерді іздеуге арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны Колумбия университетінің профессоры Бейжан Ян, ҚР Мұнай-газ химиясы қауымдастығының атқарушы директоры Гайни Сейтенова және Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының меңгерушісі профессор Эльдар Көпішевтің академиялық қолдауымен қазақстандық студенттер ұйымдастырды. Пікірталас академиялық қауымдастық өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктірді.
Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында өткен RES 2026 Өңірлік экологиялық саммитінің қорытындылары және оның нәтижесінде қабылданған "Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы" декларациясы болды. Аталған құжат өңір елдерінің тұрақты даму, пластик ластанумен күрес, қалдықтарды басқару және халықаралық алаңдарда үйлестірілген экологиялық күн тәртібін ілгерілету салаларында бірлескен іс-қимылға дайын екенін бекітті.
Қатысушылар Қазақстан экономикасының құрылымын ескеретін теңгерімді тәсілдің маңыздылығына ерекше назар аударды, онда мұнай-химия секторы өнеркәсіптік және инвестициялық дамудың маңызды элементі болып қала береді.
Қатысушыларға Колумбия университетінің (Columbia Climate School) климат мектебінің деканы Алексис Абрамсон және ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тлеулин өз сөздерімен жүгінді.
Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит Орталық Азия елдерінің экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін айқын көрсетті. RES 2026 декларациясы өңір мемлекеттерінің тұрақты даму мәселелеріне, оның ішінде пластик ластанумен күрес, айналмалы экономиканы дамыту және практикалық экологиялық шешімдерді ілгерілетуге қатысты ортақ ұстанымын бекітті. Бүгінде бұл уағдаластықтардың тек саяси диалог деңгейінде ғана емес, мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы нақты өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылуы аса маңызды", - деп атап өтті Р.Тлеулин.
Сараптамалық талқылау барысында профессор Бейжан Ян RES 2026 декларативті Экологиялық күн тәртібінен қолданбалы шешімдерге көшу үшін маңызды бағдар бергенін атап өтті. Оның айтуынша, Астанадағы саммиттің қорытындысы экологиялық тұрақтылықты экономикалық тұрақтылықпен, технологиялық дамумен және өнеркәсіптік саясатпен тығыз байланыста қарастыру керектігін растады.
Г. Сейтенова Қазақстанда пластик қалдықтарын басқаруға жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті. Бұл ретте реттеуді жетілдіру, қайта өңдеу қуаттарын дамыту және айналмалы экономика саласында технологиялық шешімдерді енгізу маңызды.
Қатысушылар RES 2026 шеңберінде қол жеткізілген келісімдерді практикалық тұрғыда іске асыру өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, Орталық Азияның тұрақты әрі экономикалық тұрғыдан теңгерімді даму моделіне көшуіне жаңа серпін беретінін атап өтті.
Колумбия университеті - Айви Лигасына кіретін және ғылымның, экономиканың және халықаралық саясаттың дамуына елеулі үлес қосатын АҚШ-тың жетекші әлемдік зерттеу және білім беру орталықтарының бірі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 09:57 396
Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары Лондонда талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Лондонда жақында Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің (ӨЭС - 2026) қорытындыларына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, іскерлік және сарапшылық қауымдастық мүшелері, британдық тілшілер, сондай-ақ Саммитке Ұлыбританиядан қатысқан делегаттар қатысты. Қатысушылар Астанада қол жеткізілген нәтижелерге баға беріп, "жасыл" экономика, су қауіпсіздігі және орнықты даму бағыттарында Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Іс-шараны ашқан Ұлыбритания-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудман Саммиттің маңыздылығына тоқталды. "Бұл Саммит - 11 мемлекеттің басшыларын, халықаралық ұйымдарды, қаржы институттарын, бизнес өкілдерін, ғылыми қауымдастық пен азаматтық қоғамды біріктірген айтулы оқиға болды. Оның басты нәтижелерінің бірі - Орталық Азия мемлекеттері басшыларының "Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы" атты бірлескен декларацияны қабылдауы, бұл өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге ортақ ниетті растады", - деді Р.Гудман.
Сонымен қатар ол Ұлыбритания тарапынан Саммитке жоғары қызығушылық болғанын атап өтті. "Ричмонд герцогы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен Саммит қатысушыларына арнайы хат жолдап, Өңірлік экологиялық күн тәртібінің маңыздылығын және халықаралық әріптестіктің рөлін ерекше атап өтті. Хатта су ресурстарының аса құнды екені, оны ұтымды басқару болашақ ұрпақтың әл-ауқаты мен тұрақтылығының кепілі болатыны айтылды. Осы тұрғыда Астанада Халықаралық су ұйымын құру бастамасына ерекше көңіл бөлінуі зор үміт ұялатады", - деді ол.
Қонақтарды қарсы алған Қазақстанның Ұлыбританиядағы уақытша сенімді өкілі Руслан Қарабулов Саммиттің ауқымы мен қатысушылардың белсенділігі жоғары болғанына назар аударды. Үш күн ішінде 58 сессия өткізіліп, оның 21-і жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ал жалпы қатысушылар саны 8 мыңнан асты. Талқылауларға БҰҰ мен жетекші халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, соның ішінде ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, Азия даму банкі, ЕҚДБ және Дүниежүзілік банк қатысты.
Сонымен қатар, Саммит аясында ауқымды бастамалар мен инвестициялық келісімдер пакеті жарияланды: жалпы құны 2 млрд доллардан асатын 30-дан астам өңірлік экологиялық жоба, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері, қалдықтарды басқару және тұрақты өнеркәсіптік даму салаларындағы 2,3 млрд долл. асатын қосымша келісімдер қабылданды.
Саммитке қатысқан Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің климат жөніндегі өңірлік кеңесшісі Ундала Алам өз әсерімен бөлісіп, Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалады. Ол екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін бірқатар бағыттарды атап өтті. Атап айтқанда, экологиялық тұрақтылық, биоалуантүрлілікті сақтау, регенеративті ауыл шаруашылығын дамыту, көміртек нарығын жетілдіру, экологиялық қауіпсіздік саласындағы құқықтық базаны нығайту, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін дамыту және жылу энергетикасы секторын реформалау. Оның айтуынша, Ұлыбритания осы бағыттар бойынша Қазақстанмен диалогты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және "жасыл" технологияларды енгізуге мүдделі.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің энергетикалық трансформация бағытының жетекшісі Кристиан Карраретто Саммит аясында Қазақстанның энергетикалық ауысу инвестициялық платформасы - "QaJET" құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады. "2035 жылға дейін кемінде 10 ГВт жаңартылатын энергия қуатын іске қосу, шамамен 20 млрд. долл. инвестиция тарту және жыл сайын 20 млн. тоннадан астам шығарындыларды қысқарту жоспарлануда", - деді ол.
Британдық тележүргізуші әрі ӨЭС сессияларының модераторы Шарлотта Кан Қазақстанның климаттық дипломатиядағы көшбасшылығын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Саммит қазіргі көпполярлы әлем жағдайында Орта державалардың қаншалықты маңызды рөл атқара алатынын көрсетті.
Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, сондай-ақ Үстірт жазығындағы Орта Азия тасбақасы мен өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтау маңызын баяндайтын "Тасбақа" деректі фильмі көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Саммиттің тек пікір алмасу алаңы ғана емес, нақты іс-қимылдарға бастайтын маңызды қадам болғанын атап өтті. Ол өңірдегі әріптестікті нығайтуға және Орталық Азия үшін үйлестірілген, болашаққа бағдарланған экологиялық күн тәртібін қалыптастыруға негіз қалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 08.05.2026, 09:04 109896ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:26 66836Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 66601Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 66331Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
13.04.2026, 21:35 474611Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474521Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474481Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439781Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439296Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

