02.12.2025, 19:30 5251

Пәкістанның мегаполисі Карачи Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Пәкістанның мегаполисі Карачи Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Қазақстан Елшісі Ержан Қыстафин халық саны бойынша ең ірі (30 млн. адам) және елдің жетекші теңіз порты, сондай-ақ әлемдегі 7-ші агломерация болып табылатын Карачи қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сапар барысында Карачидің ресми тұлғалармен және көлік-логистикалық компаниялары мен іскер топтарының өкілдерімен кездесулер өтті.

Қала Комиссары Саид Хасан Наквимен өткен келіссөздерде Синд провинциясының астанасымен ынтымақтастық және қала деңгейінде өзара байланыс орнату мәселелері талқыланды. Карачи басшысы ұсынылған бастамаларды толығымен қолдап, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу ниетін растады.

Пәкістан Мемлекеттік банкінің Төрағасы Джамиль Ахмадпен кездесуде қаржы секторындағы, ең алдымен екі елдің коммерциялық банктері арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері қаралды. Тараптар екіжақты сауда ынтымақтастығын одан әрі арттыру үшін банкаралық арналарды орнатудың маңыздылығын атап өтіп, өзара мүдделілік білдірді.

Қазақстан дипмиссия басшысы "Фауджи қоры" тобына кіретін компанияларға, атап айтқанда "Фауджи Мит ЛТД", сондай-ақ "Фауджи мұнай терминалы және дистрибьюторлық компаниясы" және "Акбар Фауджи порты" теңіз порт терминалдарына барды. Елші кәсіпорындардың инфрақұрылымымен және қызметімен танысты, Қазақстан іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, екіжақты қатынастардағы көлік-логистика саласының басым мәнін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Е.Қыстафин "Карачи Порт терминалының" басшылығымен келіссөздер жүргізіп, отандық тауарлардың сыртқы нарықтарға транзиті үшін мүмкіндіктерді талқылады.

TCS" компаниясының басшысы Халид Наваз Аванмен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауарлар мен жүктердің үздіксіз жеткізілуін нығайту бойынша одан әрі практикалық қадамдарды талқылады.


Е. Қыстафин сондай-ақ "Хиранис фармацевтика" фармацевтикалық компаниясына және "Лаки Кор Индастрис" компаниялар тобының фармацевтикалық бөлімшесіне барып, өндірістік процеспен танысып, ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны