09.05.2026, 15:47 1176

Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті

Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Прагадағы Ольшан зиратында Қызыл армия жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дипломаттар сондай-ақ Праганы азат етуге қатысқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Олардың қатарында Кеңес Одағының Батыры, старшина Мәжіт Жүнісов, кіші сержант Талғат Зайнуллин, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Мұстафа Сапарбаев, Жолдас Әжімов, Байжан Нұржанов, Сайнулла Қайырғалиев және Зийнил Козин бар.

Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Чехия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерленген орындарын анықтау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда Чех Республикасының түрлі өңірлерінде жерленген 130 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны