20.02.2024, 19:53 31986
Сербия Президенті Тоқаевты Белградқа келуге шақырды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сербия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін айтты.
Сонымен қатар екі ел басшылары орнықты дамуды қамтамасыз етуге, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қатысты сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растай отырып, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.
Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.12.2025, 21:59 13326
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты.
Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды.
Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеті арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуде оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Америка Президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл екіжақты қарым-қатынастағы тарихи уақиға болатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 20:50 34001
Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 11-ші конференциясына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Екі жылда бір рет өткізілетін конференция биыл Доха қаласында 170 мемлекеттен 2 500-ден астам қатысушыны жинады. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері болды.
Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, сондай-ақ Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кірді.
Жалпы пікірталастарда делегация басшысы - ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі директорының орынбасары Данияр Ақжанов - Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына берік бейілділігін растап өтті. Мемлекетіміздің ұлттық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатқаны, бұл ретте БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен басқа да халықаралық серіктестердің белсенді қолдауы мәлімденді.
Сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ағымдағы институционалдық өзгерістер туралы ақпарат ұсынылып, бұрын қабылданған барлық халықаралық және ведомствоаралық міндеттемелердің сақталатыны аталып өтті.
Баяндамада құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ашықтықты арттыруға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды енгізуге ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, озық тәжірибелермен алмасуға және ведомствоаралық әрі мемлекетаралық деңгейлерде бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес тек тұрақты диалог, серіктестік және инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы мүмкін екенін атап өтті.
Конференция аясында шет мемлекеттердің делегацияларымен бірқатар екіжақты кездесулер де өтті. Келіссөздер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланып, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру саласындағы тәжірибе, үздік практикалар мен сараптамалық әзірлемелер алмасу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 19:29 34511
Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногорияның Әділет министрі Боян Бозовичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ экстрадиция және өзара құқықтық көмек салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің уәкілетті органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытып, тиісті екіжақты келісімдер жобаларын қарастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 18:44 34711
Чунцин қаласы Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев ҚХР Чунцин қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасының директоры Ван Вэньмен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту, транзиттік-көлік инфрақұрылымы, тау-кен өндіру және энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ мәдениет пен білім беру саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Бас консул 2026 жылға арналған Қазақстан өңірлері мен Чунцин қаласы арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған кешенді іс-қимыл жоспарын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
Сапар аясында Бас консул Чунцин ғылым және технология университетінің ректоры Чжао Минцземен кездесіп, Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысқан жаңа материалдар саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламасының аяқталу салтанатына қатысты. Бағдарламаға 20 тыңдаушы қатысса, оның 12-сі Қазақстан Республикасының азаматтары болды.
Тараптар жоғары білім, ғылыми-зерттеу, инновациялар және академиялық алмасу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы қытайлық университеттермен және кәсіпорындармен серіктестікті дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар Бас консул Батыс құрлықтық-теңіз жаңа дәлізін дамыту шеңберіндегі "Чунцин тораптық порты" индустриялық паркіне барды. Кездесу барысында Еуразиялық кеңістіктегі транзиттік әлеуетті нығайту, мультимодальды логистикалық хабтар мен цифрлық дәліздерді дамыту, сондай-ақ Қытай өңірлері мен АСЕАН елдерімен сауданы кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар аталған бастамаларды бірлесіп зерделеуге дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 15:15 12691
Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының сәулеттік даму тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты. Әлемге танымал екі компания - Zaha Hadid Architects және Skidmore, Owings & Merrill LLP (SOM) өздерінің авторлық идеяларын ұсынды. Бұл компаниялар портфолиосында Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі One World Trade Center, Бейжіңдегі Leeza SOHO сынды әйгілі биік ғимараттар бар, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көрсетілген жобаларда Alatau City қаласының дизайн-коды мен қаланың танымал белгісіне айналатын Iconic building жобасының нобайы таныстырылды. Ұсынылған шешімдер заманауи халықаралық сапа стандарттарын ескере отырып, тік бағыттағы құрылысты және аса биік ғимараттар салу ісін дамытуға бағдарланған.
Сондай-ақ қалалық ортаны кешенді түрде дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл ретте көлік инфрақұрылымы, кіреберіс магистральдар, табиғи ландшафттар мен аймақтың климаттық ерекшеліктері ескерілді. Қоғамдық кеңістіктерді басым бағыт ретінде дамыту да маңызды бөлік ретінде қарастырылды.
Кездесу соңында Қанат Бозымбаев сәулет бюроларының өкілдеріне ұсынған идеялары үшін алғыс білдіріп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 14:37 34986
Қазақстан СІМ-де Тәжікстан Елшісімен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Тәжікстан Республикасының Елшісі Хайрулло Ибодзоданы қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Тараптар 2025 жыл үкіметтік, парламентаралық және ведомствоаралық деңгейлерде практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды кезеңі болғанын атап өтті.
Өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселесіне ерекше назар аударылып, оның ішінде тараптардың бастамаларына өзара қолдау көрсетуді жалғастыруға дайындық білдірілді.
Сұхбат соңында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 12:35 35246
Томотерапияны дамыту мәселелері инвесторлардың назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлибек Қуантыров пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова "Үміт" халықаралық томотерапия онкологиялық орталығы" және "Orhun Medical" жеке шаруашылық серіктестіктері басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында томотерапия қызметтерін көрсету мәселелері мен қаржыландыру механизмдері талқыланды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ә.Рүстемова тарифтер мен медициналық қызметтер бойынша Министрліктің ұстанымдары туралы мәлімет берді.
Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыров денсаулық сақтау саласын инвестициялар үшін басым бағыт деп атап, инвесторларды қолдауға арналған шараларды жеткізді.
Тараптар проблемалық мәселелерді шешуге мүдделі екендіктерін растай отырып, аталған бағытты тұрақты дамыту мен жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шешімдерді бірлесе әзірлеуді жалғастыру туралы уағадаластыққа қол жеткізді.
2019 жылы жеке инвестициялар есебінен құрылған "Үміт" халықаралық томотерапия онкологиялық орталығы" ЖШС томотерапияны қолдану арқылы онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге маманданған. "Orhun Medical" ЖШС еліміздің барлық аумағында медициналық жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында ПЭТ-КТ орталықтары, циклотрондық кешен, ОФЭКТ/КТ және тераностика орталығы, сондай-ақ Алматы қаласында көпбейінді аурухана салу жобасы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 21:24 62281
Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Хатшылығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктеріндегі ақпараттық құрылымдар басшыларының жыл сайынғы консультациялары өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының баспасөз қызметтері өкілдерінің ҰҚШҰ Хатшылығымен Ұйым қызметін ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеу мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ жалған ақпарат пен фейктердің таралуына қарсы іс-қимыл, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын дұрыс мақсатта пайдалану мәселелері бойынша мазмұнды тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Тараптар өзекті ақпараттық материалдармен жедел алмасуға ерекше назар аудару жөнінде уағдаласты.
Осы тұрғыда қатысушылар ҰҚШҰ-ның беделін нығайту және танымал ету мақсатында медиа кеңістіктегі практикалық ынтымақтастықтың мақсаттарын жан-жақты талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 18:40Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі 22.12.2025, 21:24 61851Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды22.12.2025, 18:58 56316Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді22.12.2025, 19:58 44981Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді22.12.2025, 11:28 43736Қазақстан мен Таиланд саяси диалог және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
15.12.2025, 23:30 225136Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222126Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213111Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді17.12.2025, 13:33 206331Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 17:47 206036Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

