27.06.2025, 18:12 51691
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2026 жылы Қазақстанда өтеді
Достарға айту
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастық перспективасы қарастырылды.
Отырыста Иран Президенті Масуд Пезешкиан (бейнеүндеу форматында), Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары Учрал Ням-Осорын сөз сөйледі.
Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.12.2025, 15:17 13441
Қазақстан Израильмен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің оңтүстігіңде орналасқан Арад қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар аясында қала Әкімінің орынбасары Гай Берёзамен және қалалық муниципалитеттің Бас директоры Элидор Коэнмен кездесулер өтті.
Қазақ дипломаты мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту әлеуеті туралы айтып, әсіресе озық израильдік технологияларды трансферттеу және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Қазақстанға инвестициялар тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, соның ішінде Арад қаласы мен Қазақстан Республикасының болашағы зор қалаларының бірі арасында бауырластық байланыстар орнату мүмкіндігін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 18:04 35021
Болгарияның жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Болгария Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Георги Воденскиден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-болгар серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективаларын талқылады.
Сұхбаттастар Болгария Республикасының Президенті Румен Радевтің Астанаға өткен ресми сапары (2025 жылғы 8-9 маусым) және Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы (София қ., 2025 жылғы 19-20 мамыр) аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында Ә.Бақаев Елшіге Қазақстандағы дипломатиялық миссиясына табыс тіледі. Өз кезегінде Болгария Елшісі көрсетілген ізетке алғысын білдіріп, Астана мен София арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 13:22 42381
Ереванда Қазақстан мен Армения арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Армения астанасында "Қазақстан - Армения: туризм саласындағы диалог" тақырыбында екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне арналған гибридті форматта дөңгелек үстел өтті. 2024 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында "Kazakh Tourism" Ұльтық компаниясы" АҚ мен Армения Туризм федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен іс-шара Қазақстан мен Арменияның салалық мемлекеттік органдарының басшыларын, туркомпаниялар өкілдерін, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға Қазақстанның туристік инфрақұрылымы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылып, тәжірибе алмасуды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.
Өз сөзінде Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Б.Иманбаев 2025 жылы қазақ-армян қатынастары стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шыққанын, туризм саласындағы ынтымақтастықты тереңдету экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін маңызды бағыт екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде туристерді тарту және ұлттық туристік брендтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету мәселелерін таныстырды.
Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің таныстырылымдарында Қазақстанның туристік әлеуетіне және шетелдік әріптестермен серіктестік байланыстарды дамыту тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан туризм саласын тұрақты экономикалық өсудің қозғаушы күштерінің бірі және халықаралық өзара іс-қимылдың маңызды құралы ретінде жүйелі түрде дамытып отырғаны аталып өтті.
Өз кезегінде армян тарапының өкілдері туризм саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің көрікті жерлерін насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды қалыптастыру арқылы кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Армения Республикасы Экономика министрлігі Туризм комитетінің төрайымы Лусинэ Геворгян ведомствоаралық байланыстарды тереңдетуге қызығушылық білдіре отырып, армян тараптың 23-ші Қазақстандық халықаралық "Туризм және саяхат" көрмесіне (KITF 2025) қатысуы жөніндегі әсерлерімен бөлісті. Ол туроператорлар арасында тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығын атап өтіп, бұған Қазақстан мен Арменияда өткізілетін мамандандырылған іс-шаралар мен көрмелерге белсенді қатысу ықпал ететінін айтты.
Армения Туризм федерациясының президенті Мехак Апресянның пікірінше, қолайлы көлік-логистикалық жағдайлардың болуы екі елдің әлеуетін тиімді іске асырудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" атты шетелдік журналистерге арналған 10-шы мерейтойлық халықаралық байқаудың "Туризм" номинациясы бойынша лауреаты, "АрмИнфо" ақпарат агенттігінің тілшісі Марианна Мкртчянның Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы пікірлері ерекше қызығушылық тудырды.
Пікірталас барысында қатысушылар туризм алмасуын кеңейтудегі көлік қолжетімділігі мен цифрлық құралдардың негізгі рөлін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделерге сай келетін және Қазақстан мен Армения арасындағы байланыстарды кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатын әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 12:02 45116
Қазақстан мен Солтүстік Македония білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Битола қаласындағы Әулие Клемент Охридски университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші өз сөзінде Қазақстанның қазіргі дамуы, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сыртқы саясаттағы жетістіктер, оның қазіргі әлемдегі геосаяси рөлі және жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту жөніндегі түрлі бастамалары, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығының нәтижелері туралы айтты.
Қазақстан, оның салт-дәстүрлері мен халқы туралы баяндайтын бейнероликтер мен слайдтардың көрсетілімі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Дипломат тыңдаушыларды қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің заманауи дамуы, халықаралық академиялық және білім беру бағдарламалары туралы хабардар етті. Елші С.Бұршақов "Болашақ" бағдарламалары мен еліміздегі жетекші әлемдік жоғары оқу орындарының филиалдары бойынша оң тәжірибеге назар аударды.
Университет вице-ректоры Горан Иликимен кездесу барысында Елші Бұршақов білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ Қазақстан мен Солтүстік Македонияның ғылыми орталықтары арасындағы әріптестікті дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Г.Илики қазақстандық жоғары білім беру жүйесімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ризашылығын білдіріп, академиялық алмасу, бірлескен жобалар және ғылыми-білім беру өзара іс-қимылын кеңейту перспективаларына баса назар аудара отырып, еліміздің білім беру мекемелерімен практикалық байланыстар орнатуға терең қызығушылық танытқанын атап өтті.
Әулие Клемент Охридски университеті 1979 жылы Битолада құрылған және Еуропалық университет қауымдастығының (EUA), Халықаралық университеттер қауымдастығының (IAU) құрамына кіреді. Студенттер саны 15 мыңнан асады.
Университетте экономика, құқық, туризм, техникалық факультеттер, сонымен қатар ауылшаруашылық, медициналық және әлеуметтік ғылымдар факультеттер бар. Университеттің құрамына елдегі бірегей екі ғылыми-зерттеу бөлімі кіреді: Ескі славян мәдениеті институты (Прилеп қаласында) және Гидробиологиялық институт (Охрид қаласында).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 11:12 47321
Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің бастамасымен Қазақстан делегациясының Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігімен (АЭХА) үйлестіру кездесуіне қатысу үшін сапары өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Делегация құрамына ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, сондай-ақ Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының (ҰҒОО) өкілдері кірді.
АЭХА Бас директорының орынбасары Хуа Лиумен өткен кездесу барысында Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, оның ішінде АЭХА-ның техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды. Қазақстан тарапы қауіпсіз атом энергетикасын дамыту, ядролық және радиациялық реттеудің ұлттық жүйесін нығайту, адами капиталды дамыту, ядролық технологияларды медицинада қолдануды кеңейту және басқа да басым бағыттарды қамтитын ынтымақтастықтың Жол картасы жобасын ұсынды.
АЭХА-ның Адам денсаулығын қорғау департаменті басшылығымен өткен кездесуде Қазақстанда ядролық медицинаны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҰҒОО-ның жоғары ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін ескере отырып, тараптар АЭХА-ның аясында өңірлік ынтымақтастықты кеңейту және Орталық Азия елдеріне қолдау көрсету мүмкіндіктерін талқылады.
Сапар қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірленіп, Агенттікпен ынтымақтастық шеңберіндегі келесі кездесулерді өткізу жоспарлары келісілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 10:57 47611
Словениядағы Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) Қазақстанмен цифрлық саладағы өзара іс-қимылды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Өңірлік сапар аясында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Ақпараттық ғылымдар институтының (IZUM - Institut informacijskih znanosti, Maribor) басшылығымен кездесіп, стратегиялық және инновациялық ынтымақтастықтың перспективаларын, цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерді дамытуды жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Институт директоры Алеш Бошняк словендік суперкомпьютерлік және ЖИ инфрақұрылымының негізінде ғылыми-зерттеу ақпараттық және кітапханалық ақпараттық жүйелердің интеграциясы жатқанын атап өтті. Институт кітапханалық ақпараттық жүйелер саласындағы ЮНЕСКО аймақтық орталығының функцияларын орындайды.
Бұл ретте Еуропаның 8 елін біріктіретін COBISS (Cooperative Bibliographic Information System) кооперативтік библиографиялық жүйесіінің орны айрықша. Жүйе барлық қатысушы елдердің кітапханалары пайдаланатын бірыңғай каталог пен метадеректер қағидатына негізделген, сол арқылы деректердің жоғары сапасы қамтамасыз етіліп, шығындар көзі төмендеп, тиімділік пен толық үйлесімділік деңгейі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. COBISS-тің Қазақстан Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастығын жолға қою туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізілді.
Елші HPC RIVR (Research Infrastructure of the Eastern Region) бастамасы аясында басталған словениялық VEGA суперкомпьютерінің функционалдығымен егжей-тегжейлі танысты. 6.9 петафлопс жадысымен қамтылған VEGA суперкомпьютері сейсмология, климат, ауа-райы болжамы, жоғары энергетикалық және ғарыштық физика, медицина және фармацевтика (жаңа дәрі-дәрмектердің формуласын ойлап шығару,болашақта ықтимал ауру мен дерттердің түрлерін модельдеу), биоинженерия және өнеркәсіптік модельдеу, жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы жоғары жүктемелі есептеулерге арналған. Словения ұлттық суперкомпьютерлік экожүйені SLING бірлескен ұлттық суперкомпьютинг желісіне үйлесімді қосылған.
Қазіргі таңда Словенияда жалпы бюджеті шамамен 150 млн еуроны көлеміндегі 3000 шаршы метр аумақта орналасқан VEGA-2 "Slovenian Artificial Intelligence Factory" жаңа ауқымды жобасы іске асырылуда. Жаңа суперкомпьютер өзара байланысты екі бөліктен құралмақ: жаңа AI-бағдарланған суперкомпьютерді сатып алу, сондай-ақ AI-сервистерді, зерттеулер мен индустриялық енгізуді құру. Жоба "EuroHPC Joint Undertaking"-пен үйлестіре жүзеге асырылуда және жалпыеуропалық AI - суперкомпьютерлік экожүйесінің ажырамас бөлігі (ресурстар: есептеу қуаттылығының 50% - еуропалық жобалар, 50% - Словения көшбасшы болып табылатын жобалар). AI фабрикасының фокустық вертикалдарына Жасыл өткел, ақылды қалалар, өнеркәсіптік AI, агро - және food-tech салалары басты бағыт болып танылған.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және екі елдің технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін бірлескен инновациялық жобаларды дамыту, атап айтқанда, Словенияда Қазақтанның санды брендіне айналған "Digital Bridge" цифрлық форумын бірлесіп өткізу және Astana Hub пен IZUM арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жолға қою туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде бірлескен зерттеу бастамаларына, мамандарды даярлауға және технологиялармен алмасуға ерекше назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 21:55 47876
Қазақстан Сыртқы істер министрі Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігіне барды және дипломатиялық қызметінің ардагерлерімен кездесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жұмыс сапары аясында СІМ Өкілдігіне барып, Алматы қаласында тұратын дипломатиялық қызметінің ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Өкілдік ұжымымен кездесу өткізіп, Министрлік алдында қазіргі кезеңде тұрған басым міндеттерді талқылады. Қызметтің тиімділігін арттыру және орталық аппаратпен жұмысты үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат саласында айқындаған ұстанымдар мен тәсілдерді жүзеге асырудың, оның ішінде көпвекторлық, прагматизм, ұлттық мүдделерді қорғау және Қазақстанның халықаралық беделін белсенді ілгерілету қағидаттарына бейілділігінің маңыздылығын атап өтті. СІМ жүйесінің әрбір қызметкері елге деген сенімді нығайтуға және мемлекеттің сыртқы саясатын іске асыруға өз үлесін қосатыны айтылды.
Сонымен қатар Е.Көшербаев ардагерлермен өткен жылы жүздесуде Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің қалыптасуы мен дамуына қосқан көпжылдық еңбектері үшін алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығы мен дипломатияның кәсіби дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ оларға мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыс етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 19:20 13086
Роман Скляр Қытайда Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен және жетекші өнеркәсіптік компаниялармен бірқатар кездесу өткізді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасып, инвестициялық, өнеркәсіптік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету перспективаларын қарастырды, сондай-ақ Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасында машина жасау, автомобиль жасау, жаңа және жоғары технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өңіраралық деңгейде практикалық өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастығының орнықты серпіні және ірі индустриялық жобаларды жүзеге асырудағы қытай компанияларының айтарлықтай тәжірибесі атап өтілді. Өзара іс-қимыл Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік шеңберінде дамитыны және экономиканың серпінді салаларын ұзақмерзімді технологиялық дамытуға бағытталғаны айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қытайлық компаниялардың өкілдері қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті жүзеге асыруға, өндірістік және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан аумағында заманауи инженерлік шешімдерді локализациялау мен енгізуді тереңдетуге дайындығын растады.
Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің бірлескен бастамаларды кідіріссіз қолдауға және дамытуға, сондай-ақ оларды жүзеге асыруды үйлестіруге және барлық кезеңдерде жобаларды табысты орындау үшін жағдай жасауға дайын екендігін жеткізді. Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі шеңберінде металлургия, тау-кен байыту өнеркәсібі және автомобиль өндірісі саласындағы басым жобаларды сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыру және практикалық пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
25.12.2025, 16:25Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 25.12.2025, 20:43 59341Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты26.12.2025, 13:46 59126Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады29.12.2025, 09:02 588512026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі25.12.2025, 15:23 57841Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
17.12.2025, 17:47 231871Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227391Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225676Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222681Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213661Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

