25.12.2025, 20:43 1806

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Сурет: Akorda
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.

Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.

Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны