15.07.2021, 20:11 71218

Қазақстан ең ірі ресейлік МАКС-2021 көрмесіне қатысады

МӘСКЕУ. 15 ШІЛДЕ - Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындары Ресейдегі ең ірі халықаралық көрме іс-шарасына қатысады және әскери, азаматтық авиация саласында өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

МАКС-2021 он бесінші халықаралық авиациялық-ғарыш салоны Мәскеу облысының Жуковский қаласында 2021 жылдың 20-25 шілде аралығында өтеді. Іс-шара әуе кемелерінің,жауынгерлік жүйелер мен эксперименттік қондырғылардың Ресейден тыс жерде ұсынылмайтын үлгілерін көрсетеді. Бұл алаңда ең үздік ресейлік азаматтық және әскери ұшақтарының "әлемдік премьералары", сондай-ақ соңғы шетелдік ұшақтардың тұсаукесерлік көрсетілімдері өтті", - деп хабарлайды "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

 
 "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның авиациялық жабдықтар мен бөлшектер шығаруға мамандандырылған жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары МАКС-2021 көрмесіне қатысады және өз өнімдерін көрсетеді.
 

Мәселен, "Тыныс" АҚ Көкшетау зауыты Ресей Федерациясына және ТМД елдеріне экспортталатын авиациялық өнімді ұсынады; "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС өндірілетін Н-145 тікұшағының макетін, сондай-ақ ұшу және техникалық құрамды оқытуға арналған жабдықты көрсетеді. Ерейментау "811 автожөндеу зауыты" АҚ өндірілетін өнімнің заттай үлгілерін ұсынады: пилотсыз ұшу аппараты негізінде әуе-мақсаттық тренажер және барлаушы-ұшқыш. "Қазақстандық авиация индустриясы" ЖШС ұшақтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты ұсынады, ал "Қазақстан ASELSAN инжиниринг" ЖШС қазақ-түрік компаниясы заманауи авионикамен жабдықталған тікұшақ кабинасының макетін ұсынады. Қазақстандағы ең ірі зауыттардың бірі "№405 авиажөндеу зауыты" АҚ құрастырылған, жөнделген және қызмет көрсетілетін тікұшақтардың макеттерін ұсынады", - деді компанияда.

 
2019 жылғы 27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткен XIV Халықаралық авиациялық-ғарыш салонына 578 мың 810 қатысушы мен қонақ келген болатын. Салон жұмыс істеген күндері жасалған келісімшарттар мен келісімдердің құны 250 миллиард рубльден асты, іс-шараның іскери әлеуеті 400 миллиард рубльге бағаланды. 
 
Көрме аясында қазақстандық тарап әлеуетті серіктестермен бірқатар кездесулер, сондай-ақ бірқатар келісімдер мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюды жоспарлады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны