28.07.2025, 09:52 108501
Қазақстанда оқушылар үшін 2025-2026 оқу жылына арналған демалыс мерзімі бекітілді
Достарға айту
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.
Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.11.2025, 19:34 19086
ММУ филиалы экономикалық блоктың мемлекеттік қызметшілерін даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының директоры Александр Сидоровичпен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында филиал директоры 2024 жылы магистратурада қосымша орын бөлудің нәтижесінде бірқатар заманауи білім беру бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті. Олардың ішінде: "Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері", "Математика және деректерді талдау әдістері", "Мәдениетаралық коммуникация және аударма", "Қалалар мен өңірлердің төмен көміртекті дамуын басқару", "Қазіргі экономикадағы статистика және деректерді басқару" бар.
Бүгінде филиалда 717 студент оқыса, оның 523-і бакалавриатта, 194-і магистратурада. 2025-2026 жылдарға жаңа бағыттар бойынша бакалавриатқа қабылдау 90 орынға кеңейтілді (50 - 2025 жылы және 40 - 2026 жылы). Түлектер тарапынан қызығушылықтың артуы жаңартылған бағдарламаның қажеттілігін көрсетіп, магистратураны одан әрі дамытуға негіз болды.
Кездесу кезінде Александр Сидорович 2026 оқу жылында экономикалық блоктың мемлекеттік қызметшілерін ММУ "Ұлттық экономика және экономикалық саясат" кешкі магистрлік бағдарламасы бойынша екі жыл мерзімге оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Талапкерлердің тізімі болған жағдайда ММУ филиалы түсу емтихандарына сәтті дайындалу үшін бірқатар дәріс ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырады.
Жиын соңында Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу тәртібімен қатар осындай оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін жан-жақты пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2025, 19:40 29721
2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары белгілі болды
Сурет: instagram/bilim_jane_gylym
Достарға айту
Ұлттық тестілеу орталығы келер жылғы ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады, деп хабарлайды Inform.kz.
Орталықтың мәліметінше, ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Сонымен 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары төмендегідей болып белгіленді:
Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Оқу сауатталығы — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл — 5;
1 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5;
2 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.
Осыдан бұрын Қазақстанда ҰБТ форматы халықаралық стандарттарға сай жаңартылатыны анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 15:28 45876
Жаңа білім беру траекториясының ашылуы: ЕҰУ базасындағы ММХҚИ
Достарға айту
Еуразия ұлттық университеті базасында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) Қазақстандағы филиалы өз қызметін бастады. 2025 жылғы 1 қарашада алғашқы 103 студентке ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов студенттік билет табыс етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Студенттік билеттерді табыстау рәсімінде ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов филиал үшін таңдалған білім беру бағдарламаларының ең алдымен Қазақстан экономикасын, шаруашылығын және сыртқы байланыстарын дамытуға үлес қосатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталғанын атап өтті.
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ММХҚИ институтының Қазақстандағы филиалы қазақстандық-ресейлік Үкіметаралық комиссия шешімі негізінде құрылып, алғашқы студенттерін биылғы жылдың қыркүйек айында қабылдады. Оқыту бакалавриаттың "Әлеуметтік-экономикалық және бизнес-процестерді талдау мен модельдеу", "Әлемдік минералдық-шикізат және энергетикалық нарықтар" бағдарламалары және магистратураның "Қаржылық экономика және қаржы технологиялары", "Көпжақты институттар және технологиялық дамуды жаһандық басқару" бағдарламалары бойынша ресейлік және қазақстандық мамандардың қатысуымен жүргізіледі.
ММХҚИ-дың Қазақстандағы филиалының директоры Артем Мальгиннің айтуынша, бакалаврлар екі семестрді, ал магистранттар бір семестрді Мәскеуде өткізеді. Сондай-ақ ол филиалда Ресейден және Еуразия ұлттық университетінен келген оқытушылар сабақ беретінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.10.2025, 12:12 73411
Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда
Достарға айту
Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мұндағы мақсат - мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.
Осыған орай, қазақстандық мектептерде 2025-2026 оқу жылында техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және мәдениет, медицина және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар ашылуда.
Бейіндік сыныптар 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналып, өңірдегі жұмысшы мамандықтар немесе өзге де салалар бойынша кадр тапшылығын айқындайтын әрі сол мамандықтарға бағыттайтын бейіндік мазмұнда жұмыс істейді. Бұл процеске өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер де атсалысады. Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.10.2025, 19:01 81591
Қазақстан ЖИ саласында мамандар даярлаудың кешенді жүйесін қалыптастырып жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астанада "Digital Bridge 2025: Generative Nation" форумы басталды. Ол - өңірдегі жасанды интеллект пен цифрлық трансформация мәселелеріне арналған басты алаң. Алғашқы күннің маңызды шарасы - Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес болды. Жиында адами капиталға инвестиция салу, халықаралық ынтымақтастық және ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеңесте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Интеллектке инвестицияларды тарту: ЖИ дәуіріндегі кадрлық капиталды қалыптастыру" тақырыбында баяндама жасады. Ол Қазақстанның мамандар даярлау, зерттеу инфрақұрылымын дамыту және қазақ тілін цифрлық дәуірде ілгерілету стратегиясын таныстырды.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллектіні дамыту үшін қажетті кадрларды даярлаудың кешенді жүйесін құруды қолға алды. Бұл - Қазақстанның жасанды интеллектіні енгізу ісінде өңірлік көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған қадам. Біздің стратегия институционалдық және академиялық базаға, халықаралық әріптестікке, инфрақұрылым мен зерттеу әлеуетіне, сондай-ақ ірі тілдік модельдерді (LLM) әзірлеуге негізделген. Қазіргі таңда Қазақстанда жүзеге асып жатқан шетелдік 40 филиалдың 12-сі ЖИ мен киберқауіпсіздік бағытында білім беру бағдарламаларын ұсынады. Олардың қатарында Кардифф университеті, City University of Hong Kong, Миннесота университеті, SeoulTech, Heriot-Watt, Coventry University Kazakhstan және Аризона университетінің филиалдары бар", - деді министр.
Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздегі барлық университеттерде ЖИ бойынша міндетті курс енгізілген, ондаған жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылған, AI-Sana ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар инновациялық ЖИ-шешімдерді әзірлеуге белсенді қатысып келеді.
Маңызды шаралардың бірі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "AI-Sana: жоғары білімдегі ЖИ-трансформацияның драйвері" атты панельдік сессиясы болды. Оған әлемдік жетекші сарапшылар: Пол Ким (Дүниежүзілік банк), Пегор Папазян (TUMO), Олаф Грот (UC Berkeley, Cambrian Futures) және Гэвин Шаддик (Cardiff University) қатысты. Қатысушылар AI-Sana бағдарламасының жаңа буын мамандарын даярлаудағы, цифрлық кәсіпкерлікті дамытудағы және халықаралық тәжірибені Қазақстанның жоғары білім жүйесіне енгізудегі рөліне тоқталды.
Digital Bridge 2025 форумы Қазақстанның жасанды интеллект саласында өңірлік көшбасшы әрі мемлекет, бизнес, ғылым мен халықаралық әріптестерді біріктіретін ашық пікірталас алаңы ретіндегі мәртебесін тағы да айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.09.2025, 18:10 96641
Алматы әкімі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымымен танысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, негізгі ғылыми орталықтармен, инновациялық жобалармен және кампусты дамыту жоспарымен танысты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ең әуелі қала басшысына Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы көрсетілді. Ауданы 5 000 шаршы метр болатын бұл ғылыми-зерттеу алаңы студенттерді, зерттеушілерді және кәсіпкерлерді біріктіріп, креативті индустрия, жасанды интеллект және стартап саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дархан Сатыбалдының айтуынша, жастарға мүмкіндік беру мен ғылыми әзірлемелерді нақты экономикаға енгізу қаладағы басты басымдықтың бірі.
Әрі қарай әкім заманауи өндіріс пен жасанды интеллект технологиясына негізделген бес инновациялық платформаны қамтитын робототехника орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық студенттерге озық технологияларды меңгеруге және жаңа шешімдер әзірлеуге жол ашады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылым мен білімді дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда іргелі ғылым мен инновация тоғысып, жаңа идеялар дүниеге келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында жастарды қолдаудың, ғылымды дамытудың және жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығын ерекше атады. ҚазҰУ осы міндеттерді жүзеге асыруда көш бастап келеді", - деді Дархан Сатыбалды.
Әкім жаңа оқу ғимараттарының құрылысына да ерекше назар аударды. Жалпы аумағы 32 000 шаршы метр болатын үш жеті қабатты ғимаратта ғылыми зертханалар, дәрісханалар мен конференц-залдар, аудиториялар, сондай-ақ демалыс пен пікірталас алаңдары қарастырылған.
Дархан Сатыбалды Қытай ғылым академиясымен бірлесіп құрылған "Қашықтан зондтау технологиялары және олардың қолданылуы" атты қазақ-қытай зертханасына да барды. Мұнда Орталық Азиядағы жаһандық экологиялық және климаттық өзгеріс, соның ішінде қуаңшылық, жердің тозуы, су тапшылығы мен Каспий теңізінің тартылуы сынды тақырыптар зерттеліп жатыр. Зертхананың негізгі мақсаты - қоршаған ортаның жай-күйін бағалап, келешекке болжам жасауға мүмкіндік беретін ғылыми негіз құру.
Сапар соңы суперкомпьютерлер орталығына арналды. Оның өнімділігі 2 000 терафлопсқа тең, бұл Қазақстан мен Орталық Азияда теңдесі жоқ көрсеткіш. Сондай-ақ, ол әлемдегі ең мықты 600 суперкомпьютердің қатарына енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.08.2025, 09:07 112956
Жасанды интеллектті қолдану бойынша мұғалімдерге тегін оқыту жүргізілуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдердің кәсіби даярлығын заманауи талаптарға сай жетілдіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
Оқыту барысында педагогтер:
- жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды;
- промпт жазу әдістерін;
- сабақ жоспарлау тәсілдерін;
- тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;
- иллюстрациялар жасауды;
- оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.
Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған бұл оқуға мұғалімдер сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, соның жартысына жуығы сертификат алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2025, 09:35 126516
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде отандық "ДосболLIKE" антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық "ДосболLIKE" профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама балалардың әл-ауқаты индексінің қағидаттары мен халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және буллингке қарсы күрестегі үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеді.
Бағдарламаның апробациясы еліміздің 9 өңіріндегі 50 мектепте жүргізіліп, буллингтің алдын алу жүйелері құрылды. Апробация нәтижесінде ең тиімді тәжірибелер Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жамбыл облыстарының мектептерінде байқалды.
Аталған мектептерде шағым → талдау → көмек жоспары → қадағалау үлгісі сәтті қолданылды. Бұл процесте арнайы антибуллингтік топтар мен кейінгі бақылау шаралары іске қосылды.
Біз "ДосболLIKE" бағдарламасын буллингтің алдын алудағы тұрақты құрал ретінде қарастырамыз. Апробация нәтижелері көрсеткендей, мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың бірлескен қатысу жанжалдасу деңгейін төмендетіп, сенім мен сыйластық мәдениетін қалыптастырады және мектеп ортасын анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы етеді", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Бағдарлама аясында мамандарды ауқымды даярлау көзделген. Қазірдің өзінде 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлері оқытылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 мыңнан астам маманға жеткізу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 08:57 22211Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 21946Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 10:04 21701Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 16:59 13081Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды
01.12.2025, 12:48 73466Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72646Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 14:38 72291Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.12.2025, 13:34 72276Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде30.11.2025, 09:19 68611Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176411Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174636Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151636Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146161Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145831Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

