24.04.2008, 17:42 3037

Байқоңырда GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындықтың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындықтың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 24-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындықтың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарладйы агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін ғарыш айлағының мамандары №31 алаңның ұшырылым қондырғысына 23 сәуірде орнатылған "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындықтарын жалғастыруда.

Кеше ғарыш айлағының мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша ұшырылымға дайындықтың бірінші күнгі жұмыстарын аяқтады. Оның барысында жер үсті кешені мен зымыран түйістірілді. Бүгін ғарыштық аппарат пен зымыран тасығыштың жүйелері тексеріліп, "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы толық дәйектеледі.

GLOVE-В ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде Астана уақытымен 4 сағат 16 минутта ұшыру жоспарланған.

Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Galileo - Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны