27.05.2009, 17:16 2886

Байқоңырдан 20-шы негізгі экспедицияның экипажын алған "Союз ТМА-15" пилотты кораблі табысты ұшырылды

Байқоңырдан 20-шы негізгі экспедицияның экипажын алған "Союз ТМА-15" пилотты кораблі табысты ұшырылды

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан 20-шы негізгі экспедицияның экипажын алған "Союз ТМА-15" пилотты кораблі табысты ұшырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20-шы экспедицияның экипажы мынадай құрамда ұшырылды: ресейлік Роман Романенко, канадалық Роберт Тирск, бельгиялық Франк де Винн.

"Союз-ФГ"зымыран тасығышы корабльді есептік орбитаға жақындата шығарды. "Союз ТМА-15" кораблі зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлінген соң Мәскеу түбіндегі Ұшуларды басқару орталығы оның ұшу барысын басқаруға кірісті.

Орбитадан келген хабарламаларға және телеметриялық ақпарат мәліметтеріне сәйкес, сапар табысты жүзеге асырылуда. "Союз ТМА-15" кораблі Халықаралық ғарыш станциясымен 2009 жылдың 29 мамырында Мәскеу уақытымен сағат 16.25-те түйісуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны