Премьер-Министр "One Web" басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
НҰР-СҰЛТАН. 9 СӘУІР - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "One Web" британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
С. Миттал өрістетіліп жатқан "One Web" жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
"One Web" жаһандық спутниктік желісі 1200 км биіктіктегі 18 орбиталық жазықтықтағы 648 спутниктен тұратын болады. 2021 жылдың соңында спутниктік желіні толық пайдалануға беру және оған ҚР аумағына қызмет көрсету күтілуде.
Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығы жанындағы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында "One Web" спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне кейіннен "One Web" спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.
Кездесуге Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.
"One Web" компаниясы Интернет желісіне қолжетімділік және деректерді жоғары жылдамдықпен беру (пайдаланушы терминалына 5-50 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Ядролық физика институтының реакторыy кемінде 2040 жылға дейін пайдалану жоспарлануда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚазҰУ-да Қытаймен бірлескен биоконверсия зертханасы ашылды
ҚазҰУ мен Сиань университетінің бірлескен зертханасы - терең ғылыми ізденістер өндіріске арналған дайын шешімдерге айналатын бірегей алаң. Бұл жерде біз көмірді күкірттен биоәдіспен тазарту, биометан алу және экожүйелерді қалпына келтіру сияқты серпінді бағыттарды дамытатын боламыз", - деді ректор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2025-2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді
- Алиасқар Сұлтанәлі - Астана қаласындағы "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
- Бейганов Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Еркебұланұлы Али - Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Ансатов Арнұр - Қызылорда облыстық №9 "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Аралық қорытындылар: 36 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мектеп оқулықтарын дайындау және сараптамадан өткізу: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін өзгерістер енгізілді
- уәкілетті органның жекелеген баспаларға сұрау салмай тақырыптық жоспарды бекітуі;
- тақырыптық жоспарды міндетті түрде жариялау;
- авторлық ұжымға тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш білікті маман қосу туралы талапты енгізу;
- оқулықтарға сараптамалық бағалау жүргізудің нақты өлшемшарттарын белгілеу;
- оқулықтарды жаңартудың 5 жылдық мерзімін сақтау үшін оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу тәсілдерін жаңарту көзделуге тиіс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматының мектептері Kundelik орнына отандық электрондық журналға көшті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР-да жасанды интеллект университеті құрылады
Бүгінгі таңда жасанды интеллектті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар алда жасанды интеллект университетін құрумен қатар бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыру міндеті тұр. Негізгі мақсат - профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100% қамту және 100 мың студентті тарта отырып, AI-Sana бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыру", - деп толықтырды Саясат Нұрбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.06.2026, 09:44ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті 16.06.2026, 12:31 109871Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады19.06.2026, 09:30 103921Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 09:58 103256Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 98051Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды
22.05.2026, 20:31 252011Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237711Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 208141ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады22.05.2026, 16:58 191006Астанада Қазақстан-Норвегия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті22.05.2026, 18:37 190551Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

