27.05.2024, 14:00 35816
Құрманова ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, ОМ директоры болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдары - Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2007-2009 жылдары - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.
2009-2011 жылдары - Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2011-2014 жылдары - Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі.
2014-2016 жылдары - "Нұр Отан" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.06.2024, 20:04 216
Жаңаөзендік 50 бала "Самұрық-Қазына" қолдауымен сапалы білім алып шықты
Достарға айту
Балалар "Жарқын болашақ" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының қолдауымен "IQanat High School of Burabay" тәмамдады. Бағдарламаның басты мақсаты - Жаңаөзен мен Маңғыстау облысының балаларына еліміздің үздік мектептері мен колледждерінде бәсекеге қабілетті білім алуға мүмкіндік туғызу, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Бұл бастаманы 2022 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы көтерген болатын. Бірыңғай қайырымдылық оператор - "Samruk-Kazyna Trust" қорының қолдауымен 50 бала бірнеше іріктеу кезеңдерінен өтіп, білім гранттарын жеңіп алды. Бағдарлама қатысушылардың қатынау, тамақтану, тұрғын жай және мектеп формасына қатысты шығындарын толығымен көтерді.
Грант иегерлері пәндер бойынша терең академиялық білім алуға ғана емес, сондай-ақ өздерінің қабілеттерін (soft skills) дамытуға мүмкіндік алды. Мектептегі оқытудың инновациялық әдістері балалардың екі жыл ішінде Қазақстанда және шетелдік үздік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін арттырды.
"Осыдан екі жыл бұрын жаңа мүмкіндіктерге ұмтылу үшін үйлеріңізден алыс жерге келдіңіздер. Қор, өз кезегінде, сіздердің алаңсыз оқуларыңыз үшін қолайлы жағдай жасады, болашақ жетістіктерге жетелейтін алаң құру үшін барынша жағдай туғызуға күшін салды. Араларыңызда үздік оқу орындарына шақырту алған түлектер де бар. Ұстаздар мен ата-аналар қауымына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда!" - деді "Samruk-Kazyna Trust" КҚ бас директорларының бас директоры Альфия Адиева түлектермен болған кездесуде.
Сонымен қатар, Қордың қолдауымен 177 бала еліміздің 9 өңіріндегі 45 арнаулы орта оқу орнына оқуға түсті. Олардың 36-сы биыл колледжді тәмамдайды, 2 түлек жұмысқа орналасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.06.2024, 17:32 5876
Астаналық шахматшы Үндістанда әлем чемпионы атанды
Достарға айту
20 жастағы елордалық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды. Ол 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships - 2024 әлем чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Соңғы турда Нөгербек өзінің тікелей қарсыласы Армениядан барған Мамикон Гарибянды жеңді.
11 турдың қорытындысы бойынша гроссмейстер атағымен бекітілген елордалық шахматшы 8,5 ұпай жинады.
Жүлдегерлердің үштігіне Эмин Оганян (Армения) және Лука Будисавлевич (Сербия) кірді.
Үнді Гандинагарындағы чемпионатқа әртүрлі елден 123 спортшы қатысты, оның ішінде 13 гроссмейстер мен 28 халықаралық шеберлер бар.
Айта кетейік, Алтын медальмен бірге Нөгербек Әлем Кубогына жолдама алды.
Қазақстандық шахматшылардың үшеуі ғана осындай жетістікке қол жеткізді, олар - Дармен Сәдуақасов (1998), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Абдумалик (2017).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2024, 13:39 8101
Қазақстанда орта білім туралы Аттестат цифрландырылды
Достарға айту
Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" сервисіне өту керек, мұнда "Менің балаларым" бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады", - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
📌 Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында "Bilim" жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.06.2024, 12:46 14206
Қазақстанда жайлы мектеп салынады
Достарға айту
Қазақстанда жайлы мектеп салынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш ауысымды оқытуды жою және қалалық пен ауылдық мектептер арасындағы айырмашылықты азайту мақсатында Қазақстанда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда.
Жоба бойынша 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орны бар 369 мектеп ашу жоспарланған.
Биылғы 1 қыркүйекке дейін 98 мектеп, 2024 жылдың соңына дейін 110 мектеп, ал қалғандары 2025 жылдың соңына дейін ашылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.06.2024, 20:26 19731
Оқу-ағарту вице-министрі Алматы облысында балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуымен танысты
Достарға айту
Оқу-ағарту вице-министрі Алматы облысында балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуымен танысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Жақында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, балалардың жазғы демалысы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастырумен, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша нысандар құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ педагогикалық ұжымдармен, ата-аналармен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізді.
Алматы облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, вице-министр білім беру сапасын арттыру, атап айтқанда инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Мәселен, Алматы облысында 2024-2025 жылдары 53 жайлы мектеп салынады. Биыл 600-ден 1500-ге дейін оқушы орны бар 26 жайлы мектепті тапсыру жоспарлануда.
"Инфрақұрылым - білім беру сапасын арттырудың ажырамас бөлігі. Бұл мәселеде еліміздің тығыз қоныстанған өңірлерінің бірі ретінде Алматы облысына ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 15 мың орындық 14 мектеп ашылып, 236 заманауи пәндік кабинет сатып алынды. Сапалы оқыту контенті бар озық цифрлық платформаларға, электрондық оқулықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бірқатар білім беру ұйымдарын Starlink спутниктік технологиясына қосу жоспарлануда. Бұл жұмыс әлі де жалғасады", - деді Еділ Оспан.
Дәстүр бойынша, кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.
Сондай-ақ Еділ Оспан бірқатар балаларға арналған сауықтыру орталықтарында болды. Атап айтқанда, Жамбыл және Қарасай аудандарында ол жазғы демалысты ұйымдастыру және сауықтыру жұмыстарын тексерді. Айта кетейік, биыл Алматы облысындағы балалардың 272 мыңы немесе 85%-ы жазғы демалыспен және еңбекпен қамтылады. Сапар соңында оқу-ағарту вице-министрі жазғы кезеңде балалардың демалу сапасы мен мәдениетін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2024, 18:10 27066
Қазақстандағы балалар саны 6,8 млн құрайды
Достарға айту
Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 млн ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарлады.
Оның айтуынша, елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады.
"Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр. Оны шешу үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді спикер ЛКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:21 32331
229 мектепке дейінгі ұйым 2024 жылы реновациядан өтеді
Достарға айту
229 мектепке дейінгі ұйым 2024 жылы реновациядан өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде елімізде 11 346 мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымы бар. Биылғы жылы 229 мемлекеттік балабақшаны реновациядан өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайын жақсартуға бағытталған. Өткен жылы 198 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техникасы жаңартылып, модернизациядан өткен болатын.
Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы - бұл әр баланың болашағын жарқын, табысты етуге салынған инвестиция", - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Бұдан басқа, елімізде жаңадан балабақшалар ашылып, желісі кеңеюде. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 801 нысанға көбейді. Ал соңғы бес жылда балабақшаларға кезектілік екі есеге кеміді, осылайша 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91%-ды құрады. Осы жылы бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізу көзделуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 12:23 36266
Еліміздің мектептеріне қазақ тілі бойынша емтихан басталды
Достарға айту
Бүгін еліміздің мектептерінде аралық және қорытынды емтихандар тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 11 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихадар өтеді. Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері белгілейді. Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.
29 мамыр мен 10 маусым аралағында 9 сыныпты бітірушілер үшін қорытынды емтихандар өтеді, ал 11 сыныпты бітірушілер 28 мамыр - 11 маусым аралығында емтихан тапсырады.
Ақтөбе облысынан 9 мектеп, Атырау облысынан 20 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектеп оқушылары бұл өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты аралық және қорытынды аттестациялаудан босатылды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9 сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11 сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
17.06.2024, 12:25195 млн теңге сомасына нақты көрсетілмеген 440 медициналық қызмет анықталды 17.06.2024, 12:20 34364 өңірде полицейлер есірткі зертханаларының желісін жойды17.06.2024, 12:33 3211"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деп күдікке ілінді17.06.2024, 12:41 3101Елімізде қанша мектеп түлектері "Алтын белгі" белгісін алды17.06.2024, 12:47 2996Алматыда зейнеткерге шабуыл жасаған күдікт ұсталды
13.06.2024, 12:44 98711Астана автобустарында орнатылан жаңа камералар билетсіз жолаушыларды анықтайды13.06.2024, 12:40 94796Үкімет қол жеткізілген Қазақстан-Корея келісімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға дайын14.06.2024, 10:05 77596Атырау мұнай өңдеу зауытына 6 миллион айыппұл салынды14.06.2024, 10:11 77351Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті14.06.2024, 16:26 69491ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң туралы айтылды
07.06.2024, 12:43 118746Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді07.06.2024, 12:50 118726100-ге жуық құрылыс нысанын бұзуға қатысты талап арызды алматылық сот қарайды23.05.2024, 12:53 118651Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:26 114501АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 113411Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында