17.05.2021, 18:19 8427

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел даңғылы мен Орынбор көшесінің учаскесі уақытша жабылады

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Мәңгілік ел және Орынбор даңғылдарының қиылысындағы жол төсемін ағымдағы жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы жылдың 16 мамыры сағат 16:00-ден 17 мамыры сағат 06:00-ге дейін Орынбор көшесіндегі Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде және Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады", - деп хабарлады әкімдікте.

 
Мәңгілік Ел даңғылында қозғалыс шектеулі болады. Сондай-ақ, 17 мамыр күні сағат 21:00-ден 18 мамыр күні сағат 06:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылынан М1 көпіріне дейінгі қозғалыс толықтай шектеледі.
 

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны