27.04.2022, 17:14 11221

Алакөлге пойыздар жазда Алматы мен Нұр-Сұлтаннан қатынайды

Алакөлге пойыздар жазда Алматы мен Нұр-Сұлтаннан қатынайды
Сурет: ҚТЖ
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - "Жолаушылар тасымалы" АҚ биылғы жазда Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайтынын хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
№221/222 "Алматы-2 - Достық" (коммерциялық) пойызы екі бағыт бойынша аптасына 3 рет жүреді. 15 маусым-31 тамыз аралығында Алматы-2 станциясынан сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері, ал Достықтан 16-шы маусымынан 1-ші қыркүйекке дейін бейсенбі, сенбі және сейсенбі күндері жөнелтіледі, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
 
 "Нұр-Сұлтан-1-Достық" бағытындағы №258/257 пойызы екі бағыт бойынша аптасына 2 рет, 16 маусым - 28 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан-1-ден бейсенбі және жексенбі күндері, ал Достықтан 17 маусым-29 тамыз аралығында жұма және дүйсенбі күндері шығады. 
 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді ұсынады. Жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда "Күту парағы" функционалын пайдалануды ұсынамыз", - деп толықтырды Ұлттық компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны