05.09.2022, 16:13 10956

Нұр-Сұлтанда қауіпсіздікке қауіп төнгендіктен автогаз құю станциясының қызметі тоқтатылды

Жоспардан тыс тексеру барысында кәсіпорын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмағаны анықталды.
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚЫРКҮЙЕК - Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Нұр-Сұлтан қаласы, Ж. Жирентаев көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан автогаз құю станциясын (қауіпті өндірістік объектіні) пайдалану тоқтатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қауіпті өндірістік объектіде сұйытылған көмірсутек газының (жарылыс, өрт қауіпті заттың) шығарылуымен және жарылуымен байланысты аварияның туындауына, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіруге жол берудің алды алынды", - деп хабарлады ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

 
Ағымдағы жылдың көктемінде "Мұнай синтез" ЖШС қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеруді жүзеге асыру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жаза (әкімшілік айыппұл) қолданылды.
 

Алайда, жоспардан тыс тексеру барысында кәсіпорын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмағаны анықталды. Содан Департаменттің мемлекеттік инспекторлары жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу (тоқтата тұру) туралы акт толтырып, шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдаған болатын. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, АГҚС-ты пайдалану кезінде аварияның туындау мүмкіндігінің тәуекелдерін ескере отырып, бұзушылықтарды жойылғанға дейін АГҚС қызметін тоқтата тұру бойынша сот қолайлы шешім қабылдады", - делінген ведомство хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны