25.04.2016, 18:39 3906

10 әскери қызметші дене даярлығы бойынша "Үздік" дәрежесін алды

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлерінде 2016 жылға арналған әскерлерді даярлау жоспарына сәйкес батальон (дивизион) сержанттарымен командирлік даярлық бойынша жиын өткізілді. 85395 әскери бөлімініӊ базасында батальон (дивизион) сержанттарымен командирлік даярлық бойынша жиын ұйымдастырылып, өткізілді

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлерінде 2016 жылға арналған әскерлерді даярлау жоспарына сәйкес батальон (дивизион) сержанттарымен командирлік даярлық бойынша жиын өткізілді. 85395 әскери бөлімініӊ базасында батальон (дивизион) сержанттарымен командирлік даярлық бойынша жиын ұйымдастырылып, өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Командирлік даярлыққа барлығы 40-қа жуық әскери қызметші тартылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Күн сайын әскери-спорттық кешен жаттығуларын қабылдау арқылы батальон (дивизион) сержанттарыныӊ дене дайындығы тексерілді. Искери-спорттық кешен дәрежесіндегі барлық сержанттардан 13 адам тапсырды. Оныӊ ішінде 10 адам "Үздік" дәрежесін, 3 адам ІІ дәреже алды.

Командирлік даярлыққа қатысушылар арасында дене даярлығынан тоғыз норматив бойынша орташа 210 ұпай жинап, жоғары нәтижеге 01731 әскери бөлімініӊ әскери қызметшісі 2-сыныпты сержант Ерболат Ағыбаев қол жеткізді.

Командирлік даярлыққа қатысушылар арасында оқ ату бойынша 92 ұпай жинап, жақсы нәтиже көрсеткен 85395 әскери бөлімініӊ әскери қызмстшісі 2-сыныпты сержант Бауыржан Майлыбаев болды.

"Жалпы алғанда, командирлік даярлық олқылықсыз және қауіпсіздік шараларыныӊ бұзылуынсыз өткізілді. Оқыту пәндері бойынша берілген сағат саны толық көлемде пысықталды. Үйренуші сержанттарға қойылған тапсырмалар 100 пайызға орындалды. Сержанттар құрамыныӊ кәсіби деӊгейін арттыру бойынша мақсатқа қол жеткізілді", - деді өӊірлік қолбасшылықтыӊ сержанты - "Оӊтүстік" ӨӊҚ әскерлері қолбасшысыныӊ басқармасы сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі топ бастығы штаб-сержант Болат Жайсанбаев.

Командирлік даярлықты өткізу мақсаты батальон (дивизион) сержанттарыныӊ кәсіби деӊгейін арттыру, кәсіби даярлық шеӊберінде олардыӊ білімін тексеру, лауазымдық арналуына сәйкес іс жүзіндегі сәтті қызмет үшін жеткілікті көлемде сержанттардыӊ әскери, техникалық және арнайы білімді меӊгеруі, сондай-ақ оқыту мен тәрбие берудіӊ бірыӊғай әдістемесін анықтау, бағыныстыларды оқытуда инновациялық, перспективалық үлгілер мен әдістерді енгізу болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны