04.02.2020, 19:46 4666

1 ақпанда Алматыда барлық халықаралық рейстерге санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді

Санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту үшін 80 эпидемиолог, 8 бригада дайындалды, 30-ға жуық эпидемиолог тәулік бойы барлық рейстерді пысықтауда.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - 1 ақпанда Алматыда барлық халықаралық рейстерге санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова айтты. Алматыда коронавирустық инфекция жағдайларының әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша профилактикалық (эпидемияға қарсы) іс-шаралардың кешенді жоспары іске асырылуда.

2020 жылдың 3 ақпанынан бастап ҚХР-нан келетін барлық рейстер тоқтатылады. Бүгінгі күнге саны 10 ға жетпейтін рейс қалды. ҚХР - дан келетін рейстердің оқшаулану принципі сақталада. Қытайдан келетін барлық әуе кемелері жеке тұраққа келеді, жолаушылары мен экипаж әуежайдың жалпы терминалына байланысы жоқ арнайы аймаққа өтеді.

"1 ақпаннан бастап санитарлық-карантиндік бақылау барлық халықаралық рейстерге күшейтілген. Бүкіл әлемде, әлемнің 26 елінің тұрғындары арасында коронавирустың 160-тан астам жағдайы тіркелген. Бүгінгі таңда әуежайда барлық рейстерді бақылау қамтамасыз етілген", - деді Айзат Молдағасимова.

Қала аумағына келген барлық тұлғалар мұқият тексеру және бақылаумен, сондай-ақ термометриямен қамтамасыз етілген. Санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту үшін 80 эпидемиолог, 8 бригада дайындалды, 30-ға жуық эпидемиолог тәулік бойы барлық рейстерді пысықтауда.

"Алматы халықаралық әуежайы республика аумағындағы ең ірі халықаралық әуежайлардың бірі болып табылады. Күніне 50 рейс келеді, кейде бір уақытта - 5 рейске дейін. Барлық осы рейстерде жолаушылар арасындағы катаралды құбылыстары бар адамдарды дер кезінде анықтау бөлігі, күшейтілген санитарлық бақылаумен қамтамасыз етілді", - деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.

Айта кету керек, барлық келушілер бақылауда.

Алматы қаласының әуежайы жаңа технологиялы тепловизорлармен жабдықталған. Бортта 2-ден 3 метрге дейінгі қашықтықтағы температураны көрсететін байланыссыз тепловизорлар қолданылады. Әуежайда стационарлық тепловизорлар жұмыс істейді, олар техникалық параметрлерге сәйкес температураны алыс қашықтықта өлшеуге қабілетті. Коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды мұқият қарау үшін жеке желдету жүйесі бар сүзу аймақтары қосымша қарастырылған.

"Бортта тексеру ғана емес, анамнез, сауалнама жүргізіледі және барлық рейстер бойынша келгендерге медициналық бақылау толық көлемде жүргізіледі. ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, анамнез Қытайдан келген жолаушыларда ғана емес, сонымен қатар короновирустық инфекция тіркелген елдерден келген басқа да жолаушылардан жиналады", - деп түсіндірді А. Молдағасимова.

Зертханалық зерттеулер тек катаральды құбылыстардың симптомдары болған жағдайда ғана жүргізілетінін атап өткен жөн.

"Жаппай зертханалық диагностиканы жүргізудің қажеттілігі жоқ, және статистика көрсеткендей, белгілері бар адамдардың 99,9% - да ЖРВИ, түрлі штаммдар тұмауы, қалғандары - түрлі вирустар екені анықталған", - деп атап өтті Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.

18 қаңтардан бері Қытайдан Алматыға 4904 адам келді, оның 90% - ы бақылауға алынды. Медициналық ұйымдарда аталған азаматтарды қарау және бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық келгендердің ішінде бүгінгі күні стационарда 7 пациент бар, олардың 5-і ЖРВИ белгілерімен, 2-і байланыстағы ата-ана. Ауруханаға жатқызылған пациенттердің жағдайы тұрақты, нашарлаусыз, толық көлемде ем алуда.

Айзат Молдағасимова сондай-ақ жұқпалы аурулар белгілері анықталған адамдарға арналған изоляторлар барлық емханаларда (тек стационарларда ғана емес) ашылатынын хабарлады. Бұл шешім коронавирустық инфекцияның алдын алу және дер кезінде анықтау үшін қабылданды.

Алматы қаласында жұмыс істейтін ҚХР азаматтарының жағдайын тексеру бойынша жеке жұмыс жүргізілуде. Барлық кәсіпорындарда, оның ішінде жатақханалар, қонақ үйлер, мейрамханалар, кафелер және т. б. рейдтер жүргізілуде.

Жалпы, Алматы қаласы бойынша жағдай тұрақты және биліктің бақылауында. Мегаполисте коронавирус жағдайы тіркелген жоқ.

Жеке профилактика мақсатында А. Молдағасымованың айтуынша, жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтау қажет. Бұл қолды жуу, адамдар жаппай жиналатын жерлерде болмауға тырысу (болған жағдайда маска кию), симптомдар анықталғанда дәрігерге барып, иммунитетті көтеру керек.

Барлық қажетті ақпаратты алу үшін тәулік бойы 1406 Call-орталығы жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штаб құрылған. Өңірлік штаб мегаполис әуежайын коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын орындау үшін тексерді. Іс-шара барысында вирустық инфекциялардың алдын алу және диагностикалау бойынша санитарлық-карантиндік бақылау мен жергілікті аумақтық органдардың өзара іс-қимыл алгоритмінің іске асырылуына бақылау жүргізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны