14.02.2018, 12:39 5792

1-топ мүгедектерін асырап отырғандарға бір күнкөріс деӊгейінен кем емес жәрдемақы беріледі

Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәмелетке толған бала жастан 1-топ мүгедектерін күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар үшін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын 1 күнкөріс денгейінен кем емес мөлшерінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырды

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ басшысы А.Нарматовтыӊ қатысуымен брифинг өтті.

"Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәмелетке толған бала жастан 1-топ мүгедектерін күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар үшін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын 1 күнкөріс денгейінен кем емес мөлшерінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырды. Бұл жәрдемақыны тағайындау қағидалары мен тәртібін ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзім ішінде әзірлеп, халық назарына жеткізетін болады, - деді А.Нарматов.

"Мемлекет басшысы өзініӊ жыл сайынғы Жолдауында мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындайтынын айтқан еді. Мәселен, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы 1 қаӊтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 %-ға және базалық зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар 6%-ға дейін арттырылды. Базалық зейнетақыны қоса алғанда, еӊ төменгі зейнетақы бүгінгі күні 49 019 теӊгені құрайды",-деді ол өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны