17.01.2020, 14:53 20626

2020 жылғы 16-19 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді

Қаңтар айында өтетін ҰБТ бірінші кезеңінде Республика бойынша 99 пункт, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 4 пункт (Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Бейнеу аудандары) жұмыс жасап, 5170 мектеп бітіруші түлектер тестілеуден өтеді.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 16-19 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. ҰБТ-ның ашықтығы мен объективті өтуіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанынан құрылған арнайы мониторингтік тобының және "Маңғыстау -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мүшелерінен құралған қоғам белсенділері және Департамент мамандары бақылау жасайды.

Қаңтар айында өтетін ҰБТ бірінші кезеңінде Республика бойынша 99 пункт, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 4 пункт (Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Бейнеу аудандары) жұмыс жасап, 5170 мектеп бітіруші түлектер тестілеуден өтеді.

Іс-шараның әділ, адал өтуі мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мен қоғам белсенділеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны