22.01.2021, 18:14 11710

2020 жылы қазақстандықтарға 54,8 млрд теңге айыппұл салынды

Ең көп айыппұл Алматы қаласында салынған. 16,4 млрд. теңге сомасына 1,6 млн. құқық бұзушылық анықталды, оның 10,6 млрд. теңгесі төленді.
Нұр-Сұлтан. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2020 жылы қазақстандықтар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкінің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылы шамамен 7 млн. әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Ел бойынша 5,5 млн. құқық бұзушыға 80 млрд. 499 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданылды, оның 54 млрд. 886 млн. теңгесі өндіріліп алынды. Сонымен қатар, 3,4 млн. айыппұлдың көп бөлігі алғашқы 7 тәулік ішінде 30,2 млрд. теңге сомасында 50% жеңілдікпен төленді", - деп хабарлады ведомстводан. 

 
Өткен жылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68% - ды құрады.
 
Ең көп айыппұл Алматы қаласында салынған. 16,4 млрд. теңге сомасына 1,6 млн. құқық бұзушылық анықталды, оның 10,6 млрд. теңгесі төленді.
 
Екінші орында – елорда Нұр-Сұлтан қаласы. 1 млн құқық бұзушыға 13,5 млрд.теңге айыппұл салынып, 9 млрд. теңге өндірілді.
 
Ең аз Солтүстік Қазақстан облысында 1,4 млрд. теңге сомасына барлығы 73 мың айыппұл салынды, оның 891 млн. теңгесі өндірілді.
 
Мемлекеттік органдар арасында құқық бұзушылықтардың ең көп санын ішкі істер органдары анықтады, оларға барлық әкімшілік өндірістердің 90%-дан астамы тиесілі.
 
Ішкі істер органдары барлығы 52 млрд. теңге сомасына 5,3 млн. құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, оның ішінде мемлекет бюджетіне 35,2 млрд. теңге түсті.
 

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камералары тіркеген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 26,8 млрд. теңге сомасына 3 млн. астам ұйғарым шығарылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны