Система Orphus

2023 жылға қарай қазақстандық дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге дейін көтеріледі

29.07.2021, 18:31 12394
2023 жылға қарай қазақстандық дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге дейін көтеріледі
Сурет: АШЫҚ КӨЗДЕРДЕН АЛЫНҒАН ФОТОСУРЕТ
НҰР-СҰЛТАН. 29 ШІЛДЕ - Қазақстанда 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 561 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы депутаттық сауалға берген жауабында вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Шенеунік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыға оның арақатынасын 2,5 есеге дейін жеткізе отырып, дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделгенін еске салды.
 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету тарифтері өсті, тиісінше дәрігерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 30%-ға артады. Дәрігерлердің жалақысын 246 мың теңгеден (2020 жыл) 561 мың теңгеге дейін (2023 жыл) арттыру жоспарлануда", - деп жазды Тоғжанов.

 
Вице-премьер медициналық кадрлардың тапшылығын төмендетудің 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы негізгі үш бағыт бойынша (медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, оқыту және әлеуетін арттыру, кадр ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру) бекітілгенін айтты.
 
Осы жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің бірі мамандарды тарту үшін медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету деңгейі болып табылады. Ол үшін жас мамандарды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламалары іске асырылуда, келетін мамандар үшін көтерме жәрдемақы төлеу жүзеге асырылуда.
 

Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері Үкімет отырысында қаралды және әкімдік медициналық қызметкерлерді материалдық ынталандыру бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берді", - деп хабарлады вице-премьер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны