05.12.2022, 17:54 10301

2023 жылға ӘМСҚ активтерінен алынатын сыйақы мөлшерлемесінің жаңа шамасы белгіленеді

2023 жылға ӘМСҚ активтерінен алынатын сыйақы мөлшерлемесінің жаңа шамасы белгіленеді
Сурет: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Қаулы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
 
Астана. 5 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2023 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы" қаулы жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2023 жылға арналған шекті шамасы есепті айда қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 1,56 пайызынан асырылмай бекітілсін", - делінген құжатта.

 
 "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ жобасын қабылдау өзінің қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны