23.07.2021, 22:56 8910

30 қыркүйекке дейін ҚР-на уақытша әкелінген көлік құралдарын шығару қажет - МКД

Көлік құралдары 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін әкетілмеген жағдайда, кедендік баждар, салықтар толық көлемде төленеді.
АЛМАТЫ. 23 ШІЛДЕ - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №25 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында жеке тұлғалар жеке мұқтаждықтары үшін шет мемлекеттерден уақытша әкелген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының болу мерзімін 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартқанын хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
 
Сондай-ақ, аталған шешіммен Одаққа тұрақты тұруға қоныс аударған тұлға мәртебесін алған шетел азаматтарының жеке мүлкін одақтың кедендік аумағына жеңілдікпен бажсыз әкелу мүмкін болған 18 айлық мерзімі тоқтата тұрғаны туралы хабарланды.
 

Иелігінде осындай көлік құралдары бар жеке тұлғалар үшін жағымсыз қаржылық салдардың туындауына жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған көлік құралдарын одақтың кедендік аумағынан әкету мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұраймыз және олар 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін әкетілмеген жағдайда, кедендік баждар, салықтар толық көлемде төленуге жататынын хабарлаймыз", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаментінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны