06.05.2021, 22:58 14592

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 қатысушысы қалды

НҰР-СҰЛТАН. 6 МАМЫР - 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда ҰОС жеңісіне үлес қосқан 665 ҰОС қатысушылары мен мүгедектері тұрады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов осындай деректерді келтірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда ҰОС жеңісіне үлес қосқан 665 ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және 113,5 мың басқа санаттағы азаматтар тұрады, атап айтқанда Қоршаудағы Ленинград тұрғындары - 74 адам, концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - 221 адам, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері (күйеулері) - 2 296 адам, соғыс уақытында қаза тапқан жесірлер - 10 адам, тыл еңбеккерлері - 89 395 адам және ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа да адамдар - 21 569.
 
Әукенов айтқандай, соғыс кезінде 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиялары және басқа да құрылымдар құрылды. 
 

Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен, ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды", - деді ЕХӘҚМ баспасөз қызметінде.

 
Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіске жету жолында қасық қаны қалғанша күресіп, өмірлерін қиды – ұрыстарда қаза тапты, жаралар мен аурулардан көз жұмды, хабар-ошарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады.
 
Сондай-ақ, вице-министр өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан, азаматтардың 20 санаты (оның ішінде соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатынын айтты.
 
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескергенде әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
 
- ҰОС қатысушылары үшін – 182 851 теңгені;
 
- ҰОС мүгедектері үшін – 188 051 теңге;
 
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс ардагерлеріне (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т. б.) – 198 801 теңге;
 
- ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 154 638 теңге;
 
- ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 119 562 теңге;
 
- ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - 120 112 теңгені құрайды.
 

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет және демеушілік қаражат есебінен ардагерлерге қиын өмірлік жағдайда немесе мереке күндері материалдық көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді, оған тұрғын үйді жөндеу (16,2 млн теңгеге 182 ардагер), отынмен қамтамасыз ету (212,1 млн теңгеге 7 332 адам), қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (2 млн теңгеге 2 036 адам), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (10,7 млн теңгеге 920 адам), тіс протездеу (1,1 млн теңгеге 22 адам) және тағы басқалар кіреді", – деді вице-министр.

 
Сонымен қатар, жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Сонымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және ҰОС Жеңіске үлес қосқан азаматтардың басқа да санаттарына төлемдерді жүзеге асыру үшін 6,4 млрд теңге бөлді.
 

Еңбек министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ҰОС жеңісіне үлес қосқан азаматтардың жоғарыда аталған барлық санаттары үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілдендірілген шегін белгілеуді ұсынды. Нәтижесінде барлық өңірлерде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн. теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына кемінде 50 мың теңге, ҰОС-да қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне, ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және ҰОС жылдары тыл еңбеккерлеріне – кемінде 30 мың теңге берілді", – деп хабарлады Ерлан Әукенов.

 
Бұған дейін Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңгеден төленетіні хабарланған болатын. Еске сала кетейік, сәуір айының соңында Атырау облысында Ұлы Отан соғысының соңғы ардагерлерінің бірі Тұраш Көптілеуов қайтыс болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны