12.12.2019, 15:39 31509

Әлеуметтік желілердегі қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

Дәріс барысында студенттердің әлеуметтік желілердегі белсенділігі деңгейін анықтау мақсатында ауызшасауалнама өткізілді.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде оқыту шеңберінде көкшетаулық студенттерге әлеуметтік желілердегі мәдениет туралы дәріс оқылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі Жазира Сейтмағанбетова тыңдаушыларға әлеуметтік желілерді қолдану тәртібін реттейтін заңнамалық нормалар туралы ақпарат беріп, интернетте таратуға тыйым салынған мәліметтер тізімімен таныстырды.

Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жалған ақпаратты БАҚ немесе телекоммуникация желілерін қолдана отырып таратқаны үшін азаматтарға қолданыстағы заңнама негізінде айыппұл көзделген.

Сонымен қатар студенттер таратуға тыйым салынған деректерден тұратын жарияланымдарды репост жасау арқылы таратқаны үшін орнатылған жауапкершілікпен танысты.

Спикер өз баяндамасында медиа-кеңістіктегі статистикалық деректерді ұсынды.

"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі а.ж. тамыз айында арнайы талдау жүргізіп, қазақстандықтардыңтек10,6% әлеуметтік желілерде тіркелмегені анықталды. Соның өзінде "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің Қазақстандағы белсенді қолданушылары ең жоғары, ал одан кейін екінші және үшінші орында Instagram мен Facebook. Twitter болса пайдаланушылар саны тарапынан ең төмен" - деп Жазира Сейтмағанбетова атап өтті.

Дәріс барысында студенттердің әлеуметтік желілердегі белсенділігі деңгейін анықтау мақсатында ауызшасауалнама өткізілді. Сауалнама қорытындысы бойыншааудиторияда желілерде тіркелмеген студенттер жоқ болып шықты. Бірақ студенттердің тек 2%-ы өздерін әлеуметтік желілерге немесе жалпы интернетке тәуелді екенінатап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны