Система Orphus

Зағип жандарға қызмет көрсететін арнайы кітапхана қызметкерлері Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай марапатталды

27.05.2020 36910

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Зағип жандарға қызмет көрсететін арнайы кітапхана қызметкерлері Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай марапатталды.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Zoom платформасында "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" РММ (әрі қарай, "ЗНКААРК" РММ) қызметкерлері және республикамыздағы зағип және нашар көретін жандарға қызмет көрсететін 16 арнайы кітапхананың басшылары бас қосты.

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметті білдіретін ерекше күн.

Мәдениет қызметкерлері, оның ішінде кітапханашылар - оқырмандарын рухани сусындатып, айналасына парасат пен ізгілікті таратып жүретін жан дүниесі бай, нағыз өз ісіне берілген азаматтар. Кітапхана қызметкерлерінің егіз ұғым - өнер мен мәдениет жолындағы әр қадамы игілікті. Мәдениет пен өнер - рухани өміріміздің мәйегі. Ұлттық өнер мен мәдени мұрамызды насихаттауда кітапханашылардың еңбегі ерекше.

Соңғы екі-үш жылдың көлемінде, "ЗНКААРК" РММ-не Асхат Байұзақов мырза басшы болып келгелі, өңірдегі арнайы кітапханаларға аса көңіл бөліне бастады. Арнайы кітапхана басшыларына WhatsApp желісінде арнайы чат ашылып, әріптестер арасында ортақ мәселелер талқыланып, пікір алмасу өріс алуда.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты республикамыздағы "ЗНКААРК" РММ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Ұлттық кітапханалары арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Ол дегеніміз: шаралар өткізуде әділқазылар алқасына төрелік жасау; жалпы республикадағы кітапханалар арасында өткізілетін шараларда арнайы кітапханалар мен қызметкерлеріне арнайы аталымдар берілуі; ауқымды шаралар өткізуде конференция залын беру сияқты өзара қарым-қатынас нығаюда.

"ЗНКААРК" РММ-сі республикадағы арнайы кітапханалардың әдістемелік орталығы екендігін негізге ала отырып, өңірдегі арнайы кітапханалардың көп жыл еңбек еткен қызметкерлерін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық кітапханасының марапаттарына ұсынып, еңбектеріне лайық марапат алуларына қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, 2019 жылы Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстық арнайы кітапханалардың басшылары Гүлстан Хамзина, Ботакөз Қаражанова, Айгүл Оразқұлова, Кенжегүл Мұратбековалар ҚР МСМ-нің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылдың 16 наурызынан басталған төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеу кезеңінде, арнайы кітапхана басшылары мен қызметкерлерінің Zoom платформасында бірнеше рет бас қосуына мұрындық болды.

Міне, осындай Zoom-да кезекті бас қосу Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орайластырылды. Онлайн бас қосу мерекелік құттықтаумен ғана шектелмей, әрі қарай әдеби-сазды шараға жалғасып, соңында Асхат Байұзақов "Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы" КММ директоры Бақытжамал Раимханова мен Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы" КММ кітапханашысы Бақытжамал Абжанова ҚР Ұлттық кітапханасының "Кітапхана ісінің үздігі" төсбелгісін, ал, "Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы" КММ директорының орынбасары Ләззат Қуантаева мен "ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" КММ кітапханашысы Ирина Золотареваға ҚР Ұлттық кітапханасының "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар, "ЗНКААРК" РММ директорының кеңесшісі Захра Маханова мен Жеке қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Салтанат Тлеукеноваға ҚР МСМ-нің "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісін, ал, Кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Татьяна Рогаткина, Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің меңгерушісінің м.а. Алия Рахимжанова және бас есепші Сәуле Сембаеваларға ҚР МСМ-нің "Құрмет грамотасы", Кітап қорын сақтау және абонемент бөлімінің қызметкері Анна Кондратьева мен "Сөйлейтін" және Брайль кітаптарын шығару бөлімінің редакторы Алидин Мықтыбаевтарға ҚР МСМ-нің "Алғыс хат" марапаттарын табыстады.

Еңбегіңнің еленгені жақсы ғой. Осы тұрғыда жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін бірақ, дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алу үшін жан-тәнімен беріліп, қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбектері ұшан-теңіз. Қазіргі таңда біздің ерекше оқырмандарымыздың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда зағип жандарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар мен кітапханашылардың алатын орны ерекше.

Кітапхана қызметкерлерінің еңбексүйгіштігі мен шығармашылықтары арқасында кітапхана жылдан жылға көркейе берсін, деп, киелі шаңырақ қызметкерлерін тағы да мерекелерімен құттықтаймыз!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны